Әуежайда керек болар ағылшын тілі: саяхатшыларға арналған нұсқаулық
Шетелге кетіп бара жатқанда оқитын ақпарат
Шетелге тіл білмей бару мүмкін емес дейді біреулер. Кейбірі бара жатқан елдің тілін біраз да болсын үйренуге тырысады. Бірақ шет тілін жетік білу міндет емес: өзгелердің тәжірибесіне сүйенсек, ағылшын тілінің негізін білген тек бірнеше жағдайда керек болады. Мысалы, әуежайда. Ол жерде ол сізге міндетті түрде керек болады. Сондықтан сізге онда керек болар ағылшын сөздерін тізіп шықтық.
Билет алу
Әрине, билетті онлайн алған жақсы, ең дұрысы – Freedom Travel (Авиата)-дан алыңыз. Билетті әуежайдан алу керек болса, кассасына барыңыз. Үстінде Booking Office деп жазылып тұрады. Билет аларда былай дейсіз:
Ағылшынша | Қазақша |
Can I book/have a ticket to New York? | Нью-Йоркқа билет алғым келеді |
Can I have two business class tickets to Astana, please? | Астанаға ұшатын рейске екі бизнес билетін алғым келеді |
One business class / economy class ticket to Almaty, please. | Алматыға ұшатын рейске бір бизнес/эконом билетін беріңізші |
I need a ticket for 8:00 (eight, oh-oh or eight A.M) flight from Bali to Astana. Economy class, please. | 8:00-де ұшатын Бали — Астана рейсіне бір эконом билетін беріңізші |
When is the next flight to Almaty? | Алматыға ұшатын келесі рейс нешеде ұшады? |
Can I have a window seat? | Орным терезенің қасында болсыншы |
I’d like an aisle seat, please. | Орным өтетін жерде болсыншы |
How much is an air ticket to Astana? | Астанаға ұшатын рейстің билеті қанша тұрады? |
How much is a child’s ticket? | Балалар билеті қанша тұрады? |
Do you have any discounts? | Жеңілдіктеріңіз бар ма? |
Is it a connecting flight or direct? | Тура баратын рейс пе, әлде орта жолда ауысып мінеміз бе? |
Does the flight land somewhere before the final destination? | Бұл рейс орта жолда аялдай ма? |
Where do we land before the final destination? | Ұшағымыз қай жерде аялдайды? |
How long does the flight take? | Ұшағымыз неше сағат ұшады? |
Is there only hand luggage / carry-on luggage? | Билетке сай тек қолжүк алып жүре аламын ба? |
What can I take to the cabin? | Салонға не кіргізе аламын? |
Do they serve food? | Ұшақта тамақ беріле ме? |
What time do I have to check in? | Рейске нешеде тіркелуім керек? |
Where do I check in? | Қайдан жерден тіркелемін? |
When is boarding time? | Рейске нешеде міне бастаймыз? |

Тіркеу
Рейске 2-3 сағат қалғанда тіркелу керек. Онлайн тіркелуге де болады. Мінгізу талонында (a boarding pass) әдетте қай терминалға баруыңыз керегі жазылып тұрады. Онлайн тіркеуден өтпесеңіз, талонды тіркейтін қызметкерлер береді.
Одан кейін істейтініңіз — багаж тіркеу. Кей әуежайда багаж өткізетін бөлек жер (a drop-off) болады. Ондай жері жоқ болса, рейске тіркелетін жерге (a check-in counter/desk) барып тапсыруыңыз керек.
Тіркеу үстелінің басына барғанда паспортыңыз бен отырғызу талонын (бар болса) көрсетесіз және багажыңызды тапсырасыз. Салонға тек қолжүк апара аласыз. Міндетті түрде багажыңызда сынғыш зат бар деп айтыңыз, сонда оны қалай болса солай лақтырмайды, абайлап тиеп, абайлап түсіреді.

Ағылшынша | Қазақша |
I’d like to check-in my luggage. | Багажымды тіркегім келеді. |
What’s the charge for each excess kilo? | Багажымның салмағы асып кетсе, әр келіге қанша төлеймін? |
By how many kilos is my baggage/luggage overweight? | Багажымның неше келісі артық? |
Please mark this bag as “fragile”. | Багажымды сынғыш деп белгілеңізші. |
Тексеретін қызметкерлер сөмкеңізді ашыңыз деп талап етуі мүмкін. Алаңдамаңыз: бұл — стандарт процедура. Багажыңыздың салмағы асып кетсе (an overweight luggage деп аталады бұл), әр келісіне ақша төлейсіз.

Айтпақшы, АҚШ әуежайының қызметкерлері багажыңызды өзіңіз жинадыңыз ба (Did you pack your bags yourself?), багажыңыз үнемі көз алдыңызда болды ма (Has your luggage been in your possession at all times?), қараусыз тастаған жоқсыз ба (Did you leave your bag unattended at any time?) деп сұрауы мүмкін. Оның себебі — багажыңызға біреу бірдеңе салып кетті ме деген күдік.

Кеден және шекарадағы тексеріс
Тіркелгеннен кейін ұшу алдындағы тексерістен, шекарадағы тексерістен және кеден тексерісінен өтесіз. Қызметкерлер багажыңызды ашыңыз деп өтінуі мүмкін (Please, open your suitcase for examination?).
Ұшар алдындағы тексерістен өтерде барлық металл затыңыз бен электрондық құрылғыңызды табаға (a tray) саласыз я конвейер лентаға (a conveyor belt) саласыз. Ноутбук пен планшетіңізді (Laptops and tablets) сөмкеңізден шығарыңыз деп талап етеді. Ағылшыншасы былай: «Put your tablet/laptop out of your bag, please» (Ноутбук/планшетіңізді сөмкеңізден шығарыңызшы).

Қолжүкке көлемі 100 миллилитрден асқан сұйықтық салуға болмайды. Сізге олар былай деуі мүмкін: «You can’t take this liquid on the plane» (Ұшаққа бұл сұйықтықты апара алмайсыз).
Кеден тексерісінде сізге мынандай сұрақтар қоюы мүмкін:
Ағылшынша | Қазақша |
Do you have anything to declare? | Декларацияға жататын заттарыңыз бар ма? |
Do you carry any money, jewelry or anything else for declaration with you? | Декларацияға жататын ақша, құнды әшекей я басқа нәрсе алып бара жатқан жоқсыз ба? |
I have nothing to declare. | Декларацияға жататын ешнәрсем жоқ. |
Do you have anything forbidden in your suitcase: drugs, guns, explosive materials? | Шабаданыңызда тыйым салынған заттар бар ма? Есірткі, қару, жарылғыш заттар? |
Is there anything sharp or dangerous in your hand luggage? | Қолжүгіңізде қауіпті я өткір нәрсе жоқ па? |

Рейске міну
Рейске мінер алдында әуелі гейтіңіздегі билет тексерісінен өтесіз, сосын ұшаққа барасыз. Ұшар алдындағы және шекара тексерісінен кейін күту залына барып отырсаңыз болады я дүти фриді аралауға болады. Кейде дүкен іздеудің керегі жоқ. Мысалы, Ыстамбұлдың жаңа әуежайында салықсыз дүкендері әр гейттің қасында бар.
Қызметкерлер «plane» дегенді түсінбеуі мүмкін. Әуелі гейтіңіздің нөмірін, ұшаққа кешігіп қалдыңыз ба, жоқсыз ба, терминалыңыз қайда екенін біліп алыңыз.
Ағылшынша | Қазақша |
Please, show me the way to Gate C. | C гейтінің жолын көрсетіп жіберіңізші. |
Am I on the right way to Terminal 1? | 1-терминалға дұрыс бара жатырмын ба? |
Can you tell me where flight TK521 to Almaty departs from, please? | Алматыға ұшатын TK521 рейсі қай жерден ұшады? |
Flight TK521 to Almaty is now boarding at gate C. | TK521 рейсі С гейтінен ұшады. |
There has been a gate change. | Гейт ауысып кеткен. |
This is the final boarding call for TK521 to Almaty. | Бұл — Алматыға ұшатын TK521 рейсіне мініңіздер деген соңғы ескерту. |

Ұшақта
Ұшақта қиындық туа қоймас, бәрі көріп жүрген нәрселер: терезе — windows, қауіпсіздік белдігі — seat belt, тамақ — meal, апат кезінде шығу — emergency exit, құтқаратын жилет — life preserver, дәретхана — lavatory.
Бортсеріктерді «Excuse me!» деп шақырыңыз. Мына фразалар да керек болып қалуы мүмкін:
Ағылшынша | Қазақша |
Where is the seat 20B? | 20B орын қайда? |
Could you please direct me to my seat? | Орным қайда екенін көрсете аласыз ба? |
Could I change seats with you? | Менімен орын ауыстыра аласыз ба? |
I would like to change my seat. | Орнымды ауыстырғым келеді |
Could you help me with my carry-on luggage? | Қолжүгімді тасуға көмектесе аласыз ба? |
Could I have a blanket, please? | Жамылғы бересіз бе? |
I would like something to drink. | Бірнәрсе ішкім келіп тұр |
Can I have another drink? | Басқа сусын алсам бола ма? |
Sorry, can I get past? | Кешіріңіз, өтіп кетейінші |
I don’t feel very well. | Жағдайым нашарлап тұр |
I want an airsickness bag. | Гигиена пакетін беріңізші |

Ұшақтан түскенде
Мына ұшаққа мінер алдындағы процедулардан өтесіз, бірақ бәрі керісінше болады: әуелі құжат тексеру мен кеден тексерісінен өтесіз, кейін багажыңызды аласыз.
Құжат тексергенде әр ел әртүрлі сұрақ қояды. Біреулер не үшін келдіңіз, неше күн жүресіз деп сұрайды, кейбіреулер қайтарға алған билетіңізді көрсетіңіз деп талап етеді. Көп валюта я алтын (құнды зат) алып бара жатсаңыз, кеденде көрсетесіз.
Құжат тексергенде мынандай сұрақтар қоюы мүмкін:
Ағылшынша фраза | Қазақшасы |
What’s the purpose/reason of your visit/traveling? | Не мақсатпен келдіңіз? |
How much time do you plan to spend in our country? | Біздің елде неше күн жүрмек ойыңыз бар? |
What is the place of your stay during the trip? | Қай жерде тұрмақ ойыңыз бар? |
Where will you be staying? | Қайда жайғасасыз? |
Is there any foreign currency with you? | Шетел валютасын алып келдіңіз бе? |
Бұл сұрақтарға әмбебап жауап дайындау мүмкін емес. Сондықтан телефоныңызға оффлайн аудармашы жазып алыңыз немесе бар білгеніңізше жауап беріп көріңіз. Былай да айтуға болады: «Sorry, my english is not so good» (Кешіріңіз, ағылшыншам онша емес).
Іссапарға барсаңыз, «It is a business trip» (Іссапарға келіп тұрмын) деуге болады. Қыдырып барсаңыз, «I am travelling the world» (Ел-жер аралап жүрмін) деңіз.

Тосын жағдайлар
Жолда неше түрлі жағдайға тап болуыңыз мүмкін: багажыңыз бүлінді, мінгізу талонын жоғалтып алдыңыз, ал құжаттар дәретханада қалып қойды. Себеп көп. Әуежай қызметкелеріне былай десеңіз көмектесуі мүмкін:

Ағылшынша | Қазақша |
I lost my ticket/boarding pass/passport/ carry-on luggage. | Билетімді/мінгізу талонын/паспортымды/қолжүгімді жоғалтып алдым |
I have lost my child. | Балам жоғалып кетті |
I have lost my group. | Тобымнан қалып қойдым |
I didn’t receive the claim tag when I checked in. | Тіркелгенде багаж белгісі берілген жоқ. |
My baggage is broken, and some things are missing. | Багажым бүлініп қалған, ал ішінде бірнеше затым жоқ. |
My luggage hasn’t arrived. | Багажым келген жоқ |
My luggage is lost. | Багажым жоғалып кетті |

Түйін
Ағылшын тілін білмей-ақ та шетелге шығуға болады. Өзге туристердің тәжірибесіне сүйенсек, айтқыңыз келгенді ымдап я бір-екі сөз айтып жеткізсеңіз жеткілікті. Әрине, тіл білсеңіз, жағдайыңыз оңайырақ болады.
Жолға шығардағы басты шаруаңыз — ертерек дайындалу: құжат дайындау, көшірмесін жасату, заттарыңызды қолжүк пен багажға дұрыстап салу.
Тағы бір кеңес: жаттығыңыз. Ауызекі ағылшын тілін бірнеше аптада үйреніп алыңыз. Тегін сабақтар мәтін түрінде де, видео түрінде де бар.
7
0