Еуропаны велосипедпен аралау: нені білуіңіз керек
Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
Еуропаға бару — әр саяхатшының арманы. Біреу Ежелгі Грекияны көргісі келеді. Біреу Италияның дүкендерін аралағасы келеді, ал тағы біреуі Еуропа елдерінің трекиң жолдарымен жүріп өткісі келеді. Бұл құрлықты велосипедпен аралағысы келетіндерді де ұмытпайық. Осы мақалада дәл осындай саяхатшылар туралы сөз қозғаймыз.
Велосипед — еуропалықтардың тұрмысында көп маңызға ие нәрсе. Зерттеуге сенсек, көп велосипед тебетін елдердің тізіміндегі алғашқы бес орын Еуропаға тиесілі: Норвегия – 60,7%, Швеция – 63,7%, Германия –75,8%, Дания – 80,1%, Нидерланд – 99,1%.
Велосипед — жақын жатқан Еуропа қалаларын аралап шығуға ыңғайлы транспорт. Ұшақ, көлік, пойызға, автобусқа ақша шығармайсыз. Мына мақалада Еуропаны қалай велосипедпен аралап шығуға болатынын, қалай дайындалу керегін айтып береміз.

Велосапарға қандай велосипед керек?
1. Қандай жолмен жүретініңізді біліп алыңыз.
Жол тегіс пе жоқ па, әлде мініп-түсетін жол ма? Тас жол ма, әлде асфальт па? Мысалы, Қазақстанда велосипедші ауыл арасындағы жолдармен және автомобиль трассаларымен өтеді. Ондай жолдарға жақтауы мықты, дөңгелек тысы қалың велосипед жарайды. Еуропада веложолдар автомобиль магистральдың үстімен өтеді. Сондықтан велосипедіңіздің шанышқысы мен дөңгелек тысы мықты болуы керек.
- Асфальты жақсы жолдардарға туристік я тревел велосипед керек. Мысалы, Triban 100, Triban 500 я арзанырақ Riverside 120.
- Тау-тасы көп жерлерде тау велосипедін алған артық. Мысалы, Triban 100, Triban 500 я арзанырақ Riverside 120.
2. Велосипедті бойыңызға қарап алыңыз
Тізеңіз рөлге тимеуі керек. Ал табаныңыз педальға жабысып тұруы керек.
3. Дұрыс жүріп тұрғанына көз жеткізіңіз
Тежегіш, дөңгелегі мен жақтауы қалай істеп тұрғанын көріңіз, күн бұзылса, шыдай алар-алмасын тексеріңіз.
4. Оңай жөнделетін велосипед алыңыз
Жолда байк бұзылып қалса, оны өзіңіз жөндеуіңізге тура келеді. Механикасы қарапайым велосипедті жөндеу оңайға түседі. Сондықтан тежегіші гидравликалық, ал жақтауы сутектен жасалған болса жақсы.
5. Жаңа велосипед ала алмасаңыз, жетілдіріңіз
Арнайы велосипед ала алмасаңыз, барын жетілдіріп алсаңыз болады. Мысалы, тау велосипедіңізді асфальт жолға жарайтындай ете аласыз. Ол үшін дөңгелек тысын ені қысқасына ауыстыруға болады. Жол мініп-түсетін жол болса, бірақ велосипед шоссеге арналған болса, кассетасын үлкен кассетаға ауыстырыңыз.

Сатып алу керек пе, әлде жалға алу керек пе?
Велосипедіңіз жоқ болса, жалға алғаныңыз жақсы. Еуропаның барлық мегаполисінде жалға беретін жерлер бар. Кей жерден тіпті онлайн алуға болады.
Велосипедіңізді ұшақ бортына өткізгіңіз келсе, әуе компаниясының багаж тасымалдау ережелерін біліп алыңыз. Есіңізде болсын, транспорт құралын багаж өткізерде ақы төлеу керек әрі дұрыстап орап тастауыңыз керек.
Велосипед жалға алуға оралсақ. Бұған қатысты пікірлер әртүрлі: біреу велосипед сатып алған жақсы дейді, өзгелері жалға алған дұрыс дейді. Жалға алғысы келетіндерге арналған кеңестеріміз бар:
- Компанияны ертерек таңдаңыз.
- Қасына не берілетінін анықтап алыңыз: біреу жүксөмке, басқа біреуі жөндеу құралдарын береді.
- Ұнаған велосипедті брондап қойыңыз;
- Жалға беретіндер велосипед бұзылып қалғанда я апатқа ұшырағанда сақтандыру бере ме екен, біліп алыңыз.
- Жалға алар алдында велосипедті айдап көріңіз, қалай жүретінін көріп алыңыз.
Жалға беретін компаниядан қандай велосипед қандай жерге жарайтынын біліңіз.
Шамалап алғанда бір күнге жеті еуродан кетеді.

Жолға не алу керек?
Велосипед айдайтындар жолға көп зат алмауы керек. Жаныңызға барынша аз зат алатыныңызға дайын болуыңыз қажет:
- Жөндейтін құрал-сайман;
- Велосипед айдауға арналған қолғап. Онсыз қолыңызға сүйел шығып кетеді;
- Бөтелкеге балама су беру жүйесі. Оны рюкзакқа салып қоясыз да, жүріп бара жатып түтік арқылы іше бересіз.
- Күн, шыбын-шіркей мен шаңнан қорғайтын көзәйнек;
- Жаңбырдан қорғайтын заттар. Өзіңізді де, сөмкеңізді қорғайтын. Жолға жазғы күндері шықсаңыз да, алыңыз. Телефон я навигаторға арналған қап алсаңыз да болады.
- Екі комплект киім.


Жолға жиналғанда неге мән беру керек?
- Көптен бері велосипед айдамаған болсаңыз, айдап көріңіз. Жалға алыңыз да, біраз жүргізіп көріңіз. Дайындықсыз ұзақ жолға шыға алмайсыз.
- Өз велосипедіңізді айдасаңыз, әуелі тексертіп алыңыз. Арнайы дүкендерден я жалға беретін жерден тексертіп алуға болады.
- Багаж салатын жері бар-жоғын тексеріңіз. Екі рюкзак қадап қоятын бекіткіші бар-жоғын тексеріңіз. Себебі бар затыңызды арқаңызда тасысаңыз, беліңізге күш түседі.
- Жолыңызды алдын ала жоспарлаңыз.
- Велосипедтің қай жері бұзылып қалуы мүмкін екенін ертерек анықтап алыңыз.

Жолды қалай жоспарлау керек?
Жол жоспарлау — кез келген сапардың негізі. Одан барар жеріңізге аман-есен жетеріңіз я жетпесіңіз, жол қаншалықты ыңғайлы болары байланысты. Freedom Travel (Авиата)-дан бірнеше кеңес:
1
Еуропадағы IRONMAN сайысына қатысқалы жатпасаңыз, күніне мынандай шақырым жүріп өтуім керек деп жоспар жасамаңыз. Бар мақсатыңыз — барар жеріңізге аман-есен бару, жол-жөнекей көрікті жерлерді асықпай көру, саяхаттан ләззат алу. Велосипедті асығыс айдамауыңыз керек.
2
Жол ұзақтығын біртіндеп ұлғайтыңыз: бірінші күні 20 шақырым, екінші күні 30 шақырым жүріңіз.
3
Барғыңыз келген қалалардың арасындағы жолын жоспарлап алыңыз, оларды жалғап тұрған танымал жол бар-жоғын анықтаңыз. Ондай жолдарда әдетте велосипедшілерге бар жағдай жасалған. Велосипедке арналған жолдар Қиын, Оңай, Отбасына арналған деп бөлінеді.
Жолыңызды өзіңіз жоспарлай алмасаңыз әрі жалғыз өзіңіз жүргіңіз келмесе, велотурға жазылыңыз. Мысалы, туризм компаниялары велотурлар ұйымдастырады, жолдан қонақүй брондайды, багажыңызды тасуға көмектесіп, транспортыңызды жөндеуге көмектеседі.
Велосипед жолдарын қиын-оңай деп ғана емес, инфраструктураға жақын-алыс деп те бөлу қажет. Мысалы, алыс болса, автоном деп аталады ол жол. Онда керуен сарай, тамақтанатын дәмхана, велосипед жөндейтін жер жоқ. Ондай жолмен жүрсеңіз, жаныңызға қыруар зат ала кетуіңіз керек. Автоном емес жолдарда керісінше қонатын жер мен тамақ ішетін жерлер болады. Ондай жолдар Credit card tour деп аталады. Себебі қасыңызға аз зат пен банк картасын алсаңыз жеткілікті.

Еуропада велосипед айдауға қатысты қандай ережелер бар?
1
Куәлік. Кей елде, мысалы, Литвада велосипед айдау құқығыңыз болуы керек. В және одан жоғарғы санатты жүргізуші куәлігі барлар велосипед айдау үшін куәлік алуға тиіс емес.
2
Қалада жол жүру тәртібі. Қалаларда жол жүру тәртібі халықаралық жолдағыдай емес. Қалада велосипедшілерге арналған жолақтар мен белгілер бар. Мысалы, Германияда жаяу жүретін жерлерде велосипед тебуге болмайды. Жаяу өтетін жерлерде велосипедтен түсіп, жаяу өткен жөн, себебі велосипедші жаяу жүрген адам емес. Айдағанда телефонға қарауға тыйым салынған.
3
Тұрақ. Велосипедшілер кез келген жерде тоқтай алады. Бастысы — байк көліктер мен жаяу жүргендерге бөгет болмауы керек.
Енді бастаған велосипедшілерге арналған Еуропа жолдары
Патша жолы


Патша жолы — енді велосипедпен сапар шеге бастағандарға күшті жол. Бағыт Санкт-Петербург пен Стокгольмның бойында жатыр: Хельсинкиде басталып, Турку қаласында бітеді. Ұзындығы — 252 шақырым. Жол Фин шығанағында орналасқандықтан танымал бола бастаған. Оның бойында ауылдар да, көнеден қалған қамалдар да бар.
Еуропа қалаларының арасында пойыз қатынайды, барар жеріңізге ертерек барамын десеңіз, пойызға мінуге болады.
Тоскананың бойындағы жол


Жылы климатты жақсы көретіндерге Тоскана жағалауы ұнары анық. Жол Масса қаласынан басталып, Орбетеллода аяқталады. Велосипед теуіп қана қоймай, жағада демалып алуға болады. Жолдың ұзындығы — 317 шақырым.
Тау жолдарымен өтер болсаңыз, Этруски қалаларына соғып кетуге болады. Жолда Аурелия жолын, Пиза мұнарасы мен Эльба аралын көресіз.
Луар велосипед жолы


Франциядағы Луар көлінің бойында жатқан жол. Жылына 800 мың адам келіп-кетіп жүрген кәдімгі веложол. Ұзындығы — 800 шақырым. Бірақ инфраструктурасы жақсы дамығандықтан сапарыңызды ертерек аяқтауға болады.
Өзеннің бойында демалатын әдемі жерлер мен 300-дей қамал бар. Ең көнелері 10 ғасырда салынған. Көбіне кіруге болады. Мысалы, Ла-Рош қамалына. Ол Роан қаласынан 20 шақырым жатыр.
Чек-лист
Велосипед айдауға керек нәрселер:
- Дуылға
- Қолғап
- Қолшам
- Зуылдақ
- Көзәйнек
- Құлып
- Су беру жүйесі
- Құрал-сайман
- Қосымша камера, шынжыр, дөңгелек тысы
Далаға қонатындарға арналғандар:
- Шатыр
- Ұйықтайтын қап
- Каремат (кілемше)
- Ыдыс-аяқ
- Оттық пен газ баллон
Жазғы киім:
- Шорт (велотайтс)
- Термо киім
- Спортқа арналған қалың жейде
- Күртеше
- Ауыстыратын ішкиім
Маусымаралық киім:
- Велотайтс
- Термо киім
- Жел өткізбейтін қалың шалбар
- Спорт жейдесі
- Қалың күртеше
- Қалың қолғап
- Қалың шұлық
Дәрі-дәрмек
- Дәке
- Пероксид
- Ауырғанды басатын
- Күннен қорғайтын крем
- Аллергияға қарсы дәрілер
3
1