Логотип

Хаусситтиң: шетелге барғанда қалай тегін баспана табуға болады?

Хаусситтиң: шетелге барғанда қалай тегін баспана табуға болады?
Кеңес 3 мин оқисыз
15.04.2022

Хаусситтиң: шетелге барғанда қалай тегін баспана табуға болады?

Шетелден тегін жататын жер табу

Хаусситтиң — үй иесі мен хаусситтер өзара жасасқан тиімді келісім. Хаусситтер деген  иесі жоқ кезде үйді күтіп ұстайтын адам. Үй иелері олардан көбіне ит-мысығыма я гүлдеріме қарап қой деп өтінеді. Хаусситтер есесіне үйде тегін тұрады. 

Хаусситтиңнің арқасында тегін баспанаға ие уақытша болуға болады. Бірақ бұл ақша үнемдейсіз деген сөз емес. Хаусситтиң уақытын басқаша өткізіп жаңа нәрсе, жаңа ел көргісі келген саяхатшыларға арналған. 

Туристер баспананы түрлі мерзімге таңдай алады. Бірақ көбіне үй иелерінің шарттарына қарай таңдайды. Хаусситтиң әдетте қашықтан жұмыс істейтіндерге жақсы амал. Бірақ қыдырып жүргендер де осы тәсілді қолданып, уақытша тегін тұра алады.

Жататын жеріңізді қалай таба аласыз?

  1. 1

    Хаусситтерлерге үйін ұсынатын иелер отыратын сайтқа тіркеліңіз;

  2. 2

    Кіру жарнасын төлеңіз;

  3. 3

    Профиліңізді толтырыңыз: рекомендация хат, фото, пікірлер салыңыз.

Жататын жеріңізді қайдан таба аласыз?

TrustedHousesitter.com — хаусситтерлерге арналған танымал сайт. Басты шарт — үй жануарларына қарау. Үй иелері жануардың түрін, тұқымы мен санын көрсетеді, ал сіз келісім бересіз. Бұл сайт Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка мен Азиядан түрлі ұсыныс тауып береді. Перу, Экуадор, Замбия, Белиз, Бруней, Барбадос, Кайманов аралы мен Гернси аралынан да табуға болады.

 Бірақ сайтты пайдалану үшін жылына бір рет 169 доллар төлеуіңіз керек. Standard Sitter жазылымы мал дәрігерімен видео және аудио арқылы тегін сөйлесуге мүмкіндік береді, қолдау қызметі үнемі көмектеседі және үшінші тұлғалардан (алаяқтардан және т.б) қорғайды.

HouseCarers деген сайт та бар. Онда ұсыныстарды тегін табуға болады. Бірақ функциясы шектеулі. Алайда жылына бір рет 50 доллар теңге төлеп отырсаңыз, түрлі ұсыныс қарауға болады. MindMyHouse сайтының жылдық жазылымын 20 долларға алуға болады. 

Үш сайттың үшеуі де кез келген елде ашылады. 

Олардан бөлек мына жергілікті сайттарға да назар аударыңыз. АҚШ-та Luxury Housesitting мен Housesitters America, ал Ұлыбританияда Mindahome мен Housesitter UK, Францияда Nomador бар.

Хаусситтерлерге бірер кеңесіміз 

Әр хаусситтер үй иесіне шақыру алу үшін хат жолдауы керек. Үй иесінен иә деген жауап алғыңыз келесе, мына кеңестерімізге құлақ түріңіз: 

Профиліңізді мұқият әрі ұқыпты толтырыңыз 

Үй иелері сізді жақыннан танығысы келеді. Себебі үйін кімге аманат еткелі отырғанын білуі керек қой. Өзіңіз туралы айтыңыз, фотоларыңызды салыңыз, әлеуметтік желідегі парақшаларға сілтеме беріңіз. Хатта хаусситтиңге неге қызыққаныңызды және неліктен сол үй иесін таңдағаныңызды айтыңыз. 

Хабарламаларға жазылыңыз

Мұның пайдасы көп. Біріншіден, жаңа ұсыныс пайда болса, сізге бірден хабар жіберіледі. Ұнаса үй иесіне бірден жазыңыз. Себебі оларға күнде ондаған хат келіп жатады. Неғұрлым тезірек әрекет етсеңіз, соғұрлым жақсы. Екіншіден, үй иесі сізді таңдаймын десе, бірден жауап беріңіз. Жауап келмеді деп олар үйін басқа біреуге бере салады. 

Хабарландыруды мұқият оқыңыз 

Үй иелері хаусситтерлерге қоятын талаптарын әдетте нақты жазады. Мұқият оқыңыз, мән бермей оқып, босқа хат жазып жүрмеңіз. Мысалы, егде әйел итіне қарайтын қыз іздеп жүр делік. Еркек болсаңыз, ұсынысқа уақыт бөлудің керегі жоқ.

Неге мән беру қажет? 

  • Ұсыныс иелері құжаттарыңыздың сканын, түрлі анықтама сұрауы мүмкін, дайын болыңыз. Мысалы, бұрын сотталмағаныңыз немесе есірткіге тәуелді емес екеніңіз туралы анықтама. 
  • Ұсыныста жазылған талаптарға сай болмасаңыз, хат жолдаудың қажеті жоқ. Мәселен, жануар баға алмасаңыз, келіспеңіз. Оған алаңдаймын, жауапты боламын деп саяхаттан ләззат ала алмай қаласыз. 
  • Ұсыныстар көбіне кішігірім және алыста жатқан әрі ағылшынша сөйлемейтін қала/ауылдан түседі. Сондықтан ұсынысқа келісер алдында жеті ойланыңыз.

4

0

,

Сізге қызық болып қалар:

Тамақ, баспана, жол, ойын-сауық пен экскурсияға аз ақша жұмсаймыз

Тамақ, баспана, жол, ойын-сауық пен экскурсияға аз ақша жұмсаймыз

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?
22.01.2022

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық