Логотип

Cаяхат туралы 10 қате пікір

Cаяхат туралы 10 қате пікір
Кеңес 3 мин оқисыз
07.04.2022

Cаяхат туралы 10 қате пікір

Туризмге қатысты қандай мифтерді ұмытқан жөн

Туризм саласы күннен күнге дамып жатыр. Күнде түрлі лайфхак ойлап табылатыны да содан. Соған қарамастан туристердің арасында бірнеше таптаурын пікір кең таралған және бұл пікірлер олардың ақша үнемдеуіне кедергі болады. Қазір сол пікірлерді талдап, неліктен оларға сенуге болмайтынын айтып береміз.

1. Лоукостер билеті кәдімгі әуе компаниясының билетінен арзанырақ болады

Лоукостерлер сататын билеттер кәдімгі әуе компаниясы сататын билеттерден арзанырақ бола бермейді. Мысалы, багаж алғыңыз келсе, лоукостер билет ақысының үстіне көп ақша қосады. Тамақтың, кейді тіпті қолжүктің ақысы билет бағасына кірмеуі мүмкін. Сондықтан осылардың бәрі керек болса, кәдімгі билет алғаныңыз дұрыс болады. 

2.  Билеттердің бағасы сатып алатын уақытқа байланысты болады

Әрине, неғұрлым тезірек брондасаңыз, билетті соғұрлым арзанға аласыз. Бірақ! Жарты жыл бұрын алудың керегі жоқ. Себебі баға ұшуға тек 3-4 апта қалғанда көтеріледі. Бірақ билеттерге жеңілдік берілсе, оларды жұрт тез сатып алады. Арзан билет алатын жақсы уақыт — 3-6 ай бұрын. Айтпақшы, Авиатаның билеттерін бағалар күнтізбесіне қарап алуға болады.

3. Орталықтағы баспана шет жақтағы баспана қымбатырақ болады

Қаланың шет жағындағы баспананың өз артықшылықтары болады, мысалы, ауданы тыныш, бағасы төменірек. Бірақ шет жақтан көрікті жерлерге бару қымбатқа шығуы мүмкін. Кейде одан да орталықтағы қонақүйге жайғасып, баратын жерлерге жаяу я автобуспен барыңыз. Тағы бір кем тұсы — шет жақтағы жұрт шетелден келген туристерді жақтыра бермейді әрі ол жер қауіпсіз болмауы мүмкін. Сондықтан орталықтан үй я бөлме алған жөн. Амандығыңыз бірінші орында тұрсын.

4. Хостел пәтерден арзан тұрады

Хостел — жатақхана сияқты үй. Бөлмелері әйелдердікі және еркектердікі деп бөлінеді. Кей жерде ортақ бөлмелері болуы мүмкін.

Хостелдердің керуеттері екі қабатты болады, кей жерде сейф пен кілттенетін бөлмелер ұсынылады.

Airbnb-де хостелден де арзан пәтерлер бар. Бір жақсысы — пәтерлердің өз асүйі, кір жуатын машинасы сияқты түрлі керек-жарағы болады.

5. Duty Free-дегі заттар арзанырақ

Саяхат туралы қате пікірлердің бірі. Duty Free-дегі тауарлардың 10 пайызы ғана арзан тұрады. Иә, алушыдан салық алмайды, бірақ өзге дүкендердегідей ауқымды жеңілдік берілмейді я арзан тұрмайды. 

6. Ақшаны әуежайда айырбастап алу керек

Әуежайда ақша айырбастайтын жер көп. Көбінесе олар — банк бөлімшесі. Бірақ ол жерден ақша айырбастаған тиімсіз болады. Кей әуежайда, мысалы, Коломбо әуежайындағылар бағамымыз тиімді деп ақша ауыстыртып алады. Сенбеңіз!

Одан да қалаға барып айырбастаңыз. Әуежайда таксиге я автобусқа жететін ақшаны ауыстырып алыңыз, қалғанын сақтап қойыңыз.

7. Тур алған тиімсіз

Тур алғанда көбірек ақша жұмсайсыз деген қате пікір көп таралған. Керісінше, шетелге, әсіресе Мысыр, Түркия мен Тайландқа барғанда тур алған жақсы. Ол турдың ақысына тамақ, қонақүй мен трансфердің ақысы қосылады әрі билет алып әуре болмайсыз. Оның бәрін менеджерлер істейді. 

Айтпақшы, Freedom Travel (Авиата)-дан тур сатып алуға боладыМына сілтемеге өтіп, курорт елдерге барып келіңіз.

8. «Бәрі қосылған» тарифін алсаңыз, басқа ештеңеге ақша шығармайсыз 

Қонақүйлер бөлме брондағанда түрлі тариф ұсынады: таңғы асы бар, таңғы және кешкі асы бар немесе «Бәрі қосылған»

«Бәрі қосылған» тарифіне көбінесе тұру мен ас-судың ақысы кіреді. Ал қалған қызметтер үшін, мысалы, СПА массажы үшін қосымша ақы төлеуіңіз керек. Сондықтан тарифтің шарттарын мұқият оқыңыз.

9. Дәмханадан тамақтанған жөн, стритфуд алудың керегі жоқ

Көше тамақтары — өзге халықтардың мәдениеті және асүйімен таныстыратын керемет мүмкіндік. Оңтүстік Кореяны токпокки жеп, ал Түркияны дұрым дөнер жеп танығанға не жетсін.

Стритфуд арзан тұрады, дәмді әрі тойымды болады. Ондайды кез келген қаладан таба аласыз. Тек абайлап жеңіз, көп дәмдеуіш қоспаңыз. Әйтпесе асқазаныңыз көтермей қалар.

10. Қалаларды Hop on/Hop off автобустарымен аралаған жақсы

Hop on/Hop off — қаладағы көрікті жерлерге туристерді топ қылып апаратын автобустар. Олар күні бойы жүреді: жолда гидтер қайда бара жатқанын айтып береді, туристер кез келген аялдамадан түсіп қалып, көрікті жерді жақсылап қарап шыға алады. Мұндай автобустар Еуропа мен Азияның көптеген елінде бар.

Әрине, бұлай қала аралаған ең арзан тәсіл. Дегенмен де қаланы жаяу жүріп араласаңыз әлдеқайда қызық болмақ. Жергілікті жұртты көресіз, сөйлесесіз. Мысалы, Бакуда қарттармен нарды ойнайсыз, Барселонада балалармен доп тебесіз, Шри-Ланканың жағасында билейсіз.

0

0

,

Сізге қызық болып қалар:

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?
22.01.2022

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Осы айдардан:

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары
03.04.2023

Қызық жерлерге толы арзан автобус сапары

Мысалға сүйене отырып айтып береміз
24.03.2023

Мысалға сүйене отырып айтып береміз

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық
21.10.2022

Дайындық, жоспарлау мен ең жақсы бағыттар туралы нұсқаулық