Арзан ұшақ билетін 2025 жылы қайдан аламыз?

Арзан ұшақ билетін 2025 жылы қайдан аламыз?
Анықтама 5 мин оқисыз
12.08.2025

Арзан ұшақ билетін 2025 жылы қайдан аламыз?

Тек тексерілген амалдар

Ұшақ билеттерінің өмірі біздікінен бір бөлек қой! Бүгін 60 000 теңге, ертең 90 000 теңге, кейін 55 000 теңге тұрады. Бұл баға қайдан шыққан және артық төлемеудің амалы не?

2025 жылы ұшақ билетін арзанға алудың жолы көбейді. Біз сізге қазір билет бағасы қайдан шығатынын, Freedom Travel көмегімен билетті қай күндерге, қай бағытқа алған тиімді екенін айтып берейік.

Билет бағасы қайдан шығады (қарапайым тілмен)

Ұшақ билетінің бағасы үнемі өзгеріп отырады. Ол баға — күрделі алгоритмдердің нәтижесі. Арзан билет іздегенде баға ұшатын күнге ғана емес, ұшақ түріне де байланысты екенін ескерген жөн. Ол баға былай қалыптасады:

  1. 1

    Сұраныс пен рейстің толымдылығы. Белгілі бір күн мен бағытқа билет іздеген адам көп болған сайын ол билеттің бағасы да өседі. Ұшақ билеті қарқынды сатылып жатса, жүйе бағаны көтереді. Керісінше, сұраныс аз болса, төмендетеді. 

  2. 2

    Жолаушы типі. Алгоритмдер сіздің кім екеніңізге қарайды: шұғыл ұшып кету үшін артық төлеуге дайын бизнес жолаушысысыз ба, әлде арзан билет іздеген туриссіз бе? Мысалы, сіз жұмыс күндері бір қалаға я елге бірнеше сағатқа барып келгіңіз келсе, жүйе сізді бизнес сегментіне жатқызып, билет бағасын көтеріп көрсетуі мүмкін.

  3. 3

    Туризм маусымы мен мерекелер. Жазда, Жаңа жылға және басқа да қарбалас кезеңдерде билет бағасы үнемі жоғары болады. Ал маусымнан тыс уақытта арзандайды. 

  4. 4

    Валюта бағамдары мен IATA ішкі бағамы. Әуе компанияларының көбі билет құнын доллармен есептейді, бірақ теңгемен немесе еуромен сатады. Сондықтан баға валюта бағамына да байланысты болады. Мынаны біле жүріңіз: IATA ішкі курсы сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні жаңартылады, дәл сол кезде әуе компаниясы сайтындағы бағалар өзгеруі мүмкін!

Ұшақ билетін тиімді бағаға алудың 12 тәсілі

Ұшақ билетін қашан алу керегін біліңіз

Ұшатын билетті қашан алатыныңызды туризм маусымы мен барамын деген жерге қарап шешесіз. Міне, билетті қай жаққа неше ай-апта бұрын алу керегін жазып қойдық. 

Көктем

  • Қазақстан қаласына — 1,5–2 ай бұрын.
  • Түркияға — 4–6 апта бұрын.
  • Ресей, БАӘ мен Еуропаға — 1,5–3 ай бұрын.

Жаз

  • Қазақстан қаласына — барынша тезірек алу керек, себебі сұраныс көп болады.
  • Түркияға — 5–10 апта бұрын.
  • БАӘ-ге — 2–3 ай бұрын.
  • Ресейге — 7–11 апта бұрын.
  • Еуропаға — 7–14 апта бұрын.

Күз

  • Қазақстан қаласына — 1–2,5 ай бұрын.
  • Түркия мен Еуропаға — 1–2 ай бұрын.
  • Ресей мен Араб әмірлігіне — 6–10 апта бұрын.

Қыс

  • Қазақстан қаласына — 4–6 апта бұрын.
  • Түркия — 4–6 апта бұрын.
  • Араб әмірлігі — 1,5–2,5 ай бұрын.

Баға туралы хат-хабар алып отыңыз, сервистер сізге қызмет етсін

Арзан ұшақ билетін аңдып отырмау үшін түрлі сервистің баға қадағалау функциясын пайдаланыңыз. Мысалы, Freedom Travel-да барамын деген жердің атын жазып, билет бағасы төмендеген кезде хабарлама алуға болады. Бұл опция кез келген күні ұшып кетуге дайын туристерге аса пайдалы болады. 

Нақты бір күнді емес, «Төмен бағалар күнтізбесін» қараңыз

Белгілі бір күні ұшатын билет іздемей, төмен бағалар күнтізбесін пайдаланыңыз. Мысалы, Freedom Travel-ға барғыңыз келген бағытыңыз бен ұшатын күнді жазсаңыз, сервис сізге сол күнге жақын күндердің бағасын шығарып береді. Сол жерден ең арзан билетті таңдаңыз. Бұл да баға мен күнге қарай икемделетіндерге арналған.

Басқа әуежай мен ұшып баратын/шығатын қаланы таңдаңыз

Кейде өзіңіз тұратын қаладан емес, көрші я жақын қаладан ұшқан арзанырақ шығуы мүмкін. Мысалы, Шымкенттен ұшып, Алматыға қайтып келген бір қаладан тікелей барып келгеннен арзанға түсуі мүмкін.

Ірі хабтардың бірінде ауысып мінетін рейстерді таңдаңыз

Ауысып мінетін рейстер көбіне-көп тура ұшатын рейстерден арзанға шығады. Әсіресе, халықаралық хабтарда ұшақ ауыстырса. Міне, мына халықаралық хабтарда ауысып мінген ұшақ билетіңіздің бағасын біраз да болсын түсіреді:

  • Еуропа: Ыстамбұл (IST), Дубай (DXB), Франкфурт (FRA), Варшава (WAW), Вена (VIE)
  • Азия: Дубай (DXB), Доха (DOH), Сеул (ICN), Бангкок (BKK), Куала-Лумпур (KUL)

Иә, ауысып мінуге көбірек уақыт кетеді, десе де ол қалтаңызға ауыр салмақ болмайды. Мұндай рейстер көбіне бір рюкзак ұстап ұшатын туристерге жақсы.

Қайтарылмайтын билет алыңыз

Ұшақ билеттерінің ең арзаны — қайтарылмайтын билет. Ол билетті қайтарғыңыз келсе, тек алым мен салығы қайтарылады да, билеттің ақысы кері берілмейді. Бастысы — алар алдында тарифінің шарттарын оқып алыңыз.

Чартер және лоукостер билетін алыңыз

Әсіресе Түркияға, Мысырға я БАӘ-ге барғыңыз келсе, тұрақты ұшып жүрген рейске емес, чартер рейске мініңіз. Оның билетін туризм операторлары мен агрегатор сайттардан ала аласыз. Чартер рейс болмаса, лоукостерге мініңіз. Иә, оның билеті багажсыз, тамақсыз болады, орындары мен ұшатын уақыты ыңғайсыз болады. Бірақ билеті арзан болады.

Танымал лоукостерлер: Wizz Air, Ryanair, easyJet — Еуропада (-ға) ұшады, Flydubai, Air Arabia — Парсы шығанағы елдеріне ұшады, AirAsia, Scoot — Азияда ұшады, ал Қазақстанда Qazaq Air мен Fly Arystan ұшады.

«Кез келген жаққа» функциясын пайдаланыңыз

Қай жаққа баратыным маңызды емес, әйтеуір шетелге арзанға барып келгім келеді десеңіз, «Кез келген жаққа» функциямызды пайдаланыңыз. Бұл функция сіз айтқаны күні я кезеңде ұшатын рейстердің арзан билеттерін тауып береді. 

Бұл да арзан билет болса болды деп басы ауған жаққа бара беретін саяхатшыларға арналған. Олар бүгін Грузияда жүрсе, ертесі күні Өзбекстаннан бір шығады.

Апта ортасында түнде ұшатын рейстерді таңдаңыз

Ең арзан рейстер сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, түнде немесе таңертең ерте ұшады. Бұл уақыт туристер мен іскер жолаушылар арасында аз сұранысқа ие, сондықтан сол уақытқа тиімді бағалы билет табу ықтималдығы көп.

Багажды билет алыңыз

Багаж керек болса, оны билетпен бірге сатып алыңыз. Кейін сайттан я әуежайға барып алсаңыз, қымбатырақ шығады. Багаж керек емес десеңіз, багаж жоқ билет алыңыз. Бастысы — багаж керегін я керек емесін ертерек анықтап алыңыз, багажды билет алсаңыз, әуежайда шығындалмау үшін багаждың өлшемін біліп алыңыз.

Миль, кешбэк және лоялдық бағдарламаларын пайдаланыңыз

Әуе компанияларының лоялдық бағдарламасына мүше болсаңыз, билет ақысының бір бөлігін миль я кешбэк жұмсап төлеуге болады. Ұшақ билетін алғандарға кешбэк беретін банк картасын жасатып алған жөн. Мысалы, Freedom Travel-дан ұшатын билет брондап, ақысын Freedom Bank картасынан төлесеңіз, 14% дейін кешбэк алуға болады*. 

*Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы түрінде түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акциясының туынды бағалы қағазы.

Әлеумет желілері

Әуе компаниялары мен саяхат сервистері әлеумет желілері арқылы халыққа жеңілдік я науқан өткізіп жатқанын хабарлап отырады я промокод беріп отырады. Мысалы, Freedom Travel мұндай жаңалықтарын Instagram мен Telegram-ға жиі салады. Тиімді бағалы билеттер туралы хабарларды өткізіп алмау үшін бізге жазылып, күн сайын тексеріп отырыңыз.

Сенуге болмайтын мифтер

1-миф. Қаншалық ертерек алсаңыз, соншалық арзан болады

Жоқ, ұшақ билетін арзанға алғыңыз келсе, 2–3 ай бұрын алғаныңыз жөн. Себебі билеттер рейске сонша уақыт қалғанда шығады. 6–9 ай бұрын алсаңыз, желініп қаласыз. Әуе компаниялары алдымен орташа бағаны белгілейді де, кейін сұраныс төмен болса төмендетеді, ал ұшатын күн жақындағанда қайтадан көтереді.

2-миф. Инкогнито режимі бағаны бірдеңе қылып төмендетеді

Іздеу жүйелері мен әуе компанияларының көбі билет бағасын сіз не іздегеніңізге қарап көтермейді. Инкогнито режимі билет аларда ешқандай басымдық бермейді. Ол бар-жоғы іздеу тарихын сақтамайды.

3-миф. Билетті VPN қосулы тұрғанда алсаңыз, арзан болады

Иә, баға аймаққа қарай өзгеруі мүмкін. Бірақ бұл билет бағасын төмендетеді деген сөз емес. Себебі ол көтеріліп кетуі де мүмкін. Сондықтан VPN-ді тек бағаларды салыстыру үшін қолданған жөн. 

4-миф. Агрегаторлар ұшақ билеттерін әуе компаниясынан қымбатырақ сатады

Кейде керісінше болуы да мүмкін. Агрегаторлар әуе компаниясының ресми сайтында жоқ арнайы жеңілдіктерді таба алады. Агрегаторлардың бір жақсысы — олар сізге керек билеттердің бәрін тізіп береді, қайсы арзан, қайсы ыңғайлы екенін көрсетеді.

5-миф. Black Friday/Cyber Monday күндері ұшақ билеттері арзан болады

Иә, кейде ондай жеңілдік күндері ұшақ билеттері шынымен тиімді бағалы болуы мүмкін. Десе де, Black Friday/Cyber Monday кезінде жақсы жеңілдік беріледі деп талай адам билет іздеп, ол билеттердің бағасы көтеріліп кетуі мүмкін. Жақсы баға көрсеңіз, кідірмеңіз, ала беріңіз. Жоқ, жеңілдік күндері аламын десеңіз, мына айтқандарымызды ескеріңіз.

2

0

Автордың суреті
Мария Татарченко

автор, маркетиң бөлімімізде жұмыс істейтіндіктен туризмге қатыстының бәрінен хабардар

Сізге қызық болып қалар: