Ұшақ қонғаннан кейін неге траптан өтпей, автобусқа мінеміз?

Ұшақ қонғаннан кейін неге траптан өтпей, автобусқа мінеміз?
Анықтама 4 мин оқисыз
19.08.2025

Ұшақ қонғаннан кейін неге траптан өтпей, автобусқа мінеміз?

Ұшақ күткенде қоятын сұрақ

Кей рейстің жолаушылары ұшаққа автобус мініп барады, ал кей рейстің жолаушылары сыртқа шықпай мініп жатады. Бұған не себеп? Қандай кезде автобусқа міну керек болады, ал қандай рейсте бортқа көпірден өтіп мінуге болады? Қазір түсіндіріп береміз. 

Ұшақ көпірі деген не? 

Ұшақ көпірі я телетрап (жолаушылар трапы) — ұшақ борты мен әуежай ғимаратын жалғайтын жылжымалы дәліз. Жолаушылар сол көпірмен әуежайға ұшақтан далаға шықпай өте алады. 

Бұл көпір шеті гармошкаға ұқсайтын ұзын жабық тұрба іспеттес. Ана ұшының бағыты ұшақтың тұрған жеріне қарай өзгереді де, борттың алдыңғы есігінің жан-жағына жалғанады. Ішінде вентиляция жүйесі, жарық пен жылу істеп тұрады. 

Мұндай көпір көп жүре алматын я мүлдеп жүре алмайтын жолаушыларғы аса пайдалы. Бірақ ондай көпір кез келген рейсте бола бермейді. Неге екенін қазір айтып береміз.

Неліктен кей рейстің жолаушыларын автобус алып кетеді

🛬 Бос гейттердің (көпірдің) аздығы

Әуежайлардың көбінде телетрап аз, оның саны қонған я ұшатын рейстердің бәріне жетпеуі мүмкін. Міне, ұшаққа автобус мініп баратыныңыздың басты себебі — осы. Әсіресе ондаған ұшақ тоқтамай ұшып-қонып жатқанда жолаушылардың көбі автобусқа мінуге мәжбүр болады. 

Ондай кептеліс болғанда халықаралық рейстерге басымдық беріледі, ал басқа рейстер тұрақтың ар жағына барып тұрады, сондықтан олардың жолаушылары автобус мініп барады.

☝️Рейс басымдығы

Әуежайлар мен әуе компаниялары трапты қандай рейске беретінін өзара шешіп алады. Басымдық берілетін рейстер:

  • жолаушылары басқа рейске мінетін халықаралық рейстер;
  • бизнес класы бар рейстер;
  • басымдық үшін ақша төлеп отырған ірі әуе компанияларының рейстері;
  • тез ұшып кетуі керек рейстер.

Рейсіңіз ішкі я чартер рейс болса, жолаушылар көпірі арқылы емес, автобус мініп барасыз.

✈️ Ұшақ түрі

Кейбір ұшақ моделіне телетрап жалғанбайды. Мысалы, ATR я Embraer-дың кішігірім ұшақтары тым аласа: көпір орнатылмайды. Ал жүк борттары я әскери борттар жолаушы көпірін пайдаланбайды. Телетрап кей ұшақтың артқы есігіне ғана жалғана алады. Мысалы, Ryanair лоукост компаниясының ұшағының артқы есігіне жалғанады. 

🏗️ Әуежайда телетрап жоқ я бар, бірақ аз

Кішігірім әуежайлардың көбінде қаржы аздығынан я орын болмағандықтан телетрап болмайды, болса да, бір-екеу ғана болады. Тіпті ірі хабтардың бір терминалында ғана телетраптар қойылған болуы мүмкін. Әуежайлардың лоукост терминалдарына әдейі телетрап қойылмайды, қойылса, ұшатын және қонатын рейстер азаяды.

💸Ақша үнемдеу

Әуе компаниялары әуежайға телетрап қолданғаны үшін көп ақы төлейді. Сондықтан олар жолаушыларды автобусқа мінгізіп апарғанды жөн көреді. Лоукост компаниялардың рейстері мен чартер рейстердің жолаушылары көбіне телетраптан өтпейді. Жаңа айтқанымыздай, оның бәрі — артық шығын. Әуе компаниялары автобусқа мінетін жолаушыларды екі есіктен шығарады. Солай олар ұшақтарын тез босатып, келесі рейстің жолаушыларын тез мінгізіп, ұшып кетеді. 

⚡Ауа райы я техникалық ақау

Рейсіңізде телетрап болмайтынына басқа да факторлар себеп бола алады. Мысалы: 

  • ауа райы қатты нашар болғанда: мысалы, қатты жел тұрғанда көпір бір орында тұра алмайды;
  • көктайғақ;
  • трап бұзылып қалған я жөнделіп жатыр;
  • ұшақ біраз алшақ тұрып алғанда көпірдің ұзындығы жетпей қалуы мүмкін.

Автобусқа мінгеннің артық тұстары

  1. 1

    Ұшақты сыртынан суретке түсіре аласыз. Жолаушылардың көбіне, әсіресе бірінші рет ұшып бара жатқандарға бұл — лайнерге жақындап, күшті суретке түсетін мүмкіндік; 

  2. 2

    Таза ауа жұтып, бой жазатын мүмкіндік бұл. Ұзақ жолдан кейін, әсіресе тар бортта ұзақ отырғаннан кейін таза ауа жұтып, бой жазғымыз келіп тұрады. 

  3. 3

    Екі жақтан тезірек шығуға (мінуге) болады. Тасымалдаушы компания ұшақтың қос есігінен шығарамыз десе, борт тез толады я босайды. Ал траптан өткіземіз десе, жолаушылар бір есіктен шығады (кіреді), сонда борт толып я босап болмайды.

  4. 4

    Кішігірім әуежайларда телетрап болмаса да, ұшақ алысқа барып тұрса да, автобусқа мінген жолаушылар терминалға тез жетеді. 

  5. 5

    Телетраптан өткенде кезекте тұрып қалмайсыз. Ұшақ көпірлерінің басы көбіне-көп тар болып келеді. Соның кесірінен жолаушылар мінгенде я түскенде кезекте ұзағырақ тұрады.

Автобусқа мінесіз бе, әлде траптан өтесіз бе? Оны қалай білуге болады

1. Әуежайдың мәртебесіне қараңыз

Терминалдары заманауи халықаралық әуежайға (Дубай, Франкфурт, Сеул) ұшқалы жатсаңыз, ұшақтан трап арқылы шығуыңыз әбден мүмкін. Ал кішкентай әуежайларда, әсіресе лоукостерлер я чартер рейстер баратын әуежайларда сізді автобус күтіп тұруы мүмкін. 

2. Әуе компаниясы қандай екеніне қараңыз

Ryanair, Wizz Air, Pegasus секілді лоукостерлер жолаушыларын автобусқа мінгізеді, себебі автобус траптан әлдеқайда арзан тұрады. Ал Lufthansa, Emirates, Qatar Airways секілді ірі компаниялар траптан өткізеді. 

Мінетін ұшағыңыз кең фюзелажды болса, траптан мініп, траптан түсуіңіз мүмкін. Себебі ондай ұшақтар алыс ұшатын рейстерге беріледі. 

3. Экраннан гейтіңіздің нөмірін қараңыз

  • Таблода Gate C12 я гейттің нөмірі Remote деген сөзсіз жазылып тұрса, гейтіңізде трап бар деген сөз. 
  • Bus Gate я Remote Stand деп жазылып тұрса, ұшаққа автобусқа мініп барасыз деген сөз. 
  • Гейтіңіз бірінші қабатта болмаса, көп жағдайда траптан өтесіз.

4. Flightradar24 қолданбасын я оның аналогын қолданыңыз

Ұшатын күні әуе компанияңыздың рейстері қайда барып тұрып жүргенін көріңіз. Ол рейстер әуежай ғимаратынан алысқа барып тұрақтап жүрсе, автобусқа мінесіз деген сөз. 

5. Тіркеу орнындағы қызметкерлерден сұраңыз

Гейтіңізде трап бар-жоғын рейске тіркейтін қызметерлерден анықтап алсаңыз болады.

FAQ

Неге ұшаққа әсіресе қыстыгүні автобус мініп барамыз?

Қысқы маусымда траптар көктайғақ, қалың қар мен төмен температураның кесірінен жолаушы тасуға қауіпті болуы мүмкін. Деайсың (deicing), яғни ұшақ мұзын алу, бөлек тұрақта орындалатындықтан қыста рейстердің көбіне трап берілмейді, сондықтан ол жерге автобус мініп бару керек. Одан бөлек қыстыгүні траптарды жылытып отыру керек, ол да бір шығын. Сондықтан әуежайлар ол жағынан да ақша үнемдегісі келсе, таңғалмаңыз.

Бизнес класының билетін алсам да, автобусқа мінуім мүмкін бе?

Иә. Трап беріліп-берілмеуі қызмет класына ғана емес, бос гейттердің санына, ұшақтың түріне, әуе компаниясы мен әуежайдың арасындағы келісім мен басқа да факторларға қарайды. Десе де, бизнес жолаушыларын траптан өткізуге тырысады. 

Автобусқа мінсек, рейс кешігіп ұшпай ма? 

Жалпы ондай рейстер уақытылы ұшады, бірақ кешігіп ұшуы да мүмкін. Әуежай лық толы болғанда автобустар жетпей қалып жатады. Сонда рейсіңіз, әлбетте, кешігіп ұшуы мүмкін. Одан бөлек багаж да кешігіп түсірілуі ғажап емес. Бірақ әуежайлардың көбі, әсіресе халықаралық әуежайлар кептеліс туғызбауға тырысады. 

2

0

Автордың суреті
Любовь Каракулова

автор, қайда бара жатқанын, онда не істейтінін, қалай жететінін жол жүрер алдында анықтап алады

Сізге қызық болып қалар:

Осы айдардан: