Пойызда жолаушыға не берілуге тиіс?
Құқығымызды қорғауды үйренейік
Пойыз — бұрыннан ең танымал транспорт түрі. Оған көп ақша кетпейді әрі көліктен ыңғайлырақ.
Бірақ көп жолаушы пойызда не берілетінін біле бермейді. Тек төсек жабдығы беріледі деп ойлайды. Осы мақалада пойызда қандай құқығыңыз бен міндетіңіз барын айтып береміз.
Пойыз жолаушысының құқықтары
1
Билетке жазған деректерде қате кеткен болса да, пойызға мінуге құқығыңыз бар. Бірақ қателесуге болады деп деректеріңізді өтірік толтырудың керегі жоқ. Себебі атыңыз бен тегіңізде ары кеткенде екі қате болуы керек және бұл қателер бас әріп болмауы керек.
2
Билеттің көбін қағаз қылып шығарудың керегі жоқ. Freedom Travel (Авиата)-да электрондық тіркеу деген белгісі бар билеттер сатылады. Электрондық тіркеуден өтпейтін билеттер де сатылады. Олардың өз белгісі болады.
3
7-ден асқан балалар пойызға тегін міне алады. Бірақ оларға бөлек орын берілмейді. Басқа билет алудың керегі жоқ, жаныңызда баланың туу туралы куәлігі болса болды. 7-15 жасар балалардың билетінің құны — ересектер билетінің бағасының жартысы.
4
Жоғарғы қабаттан орын алған әр жолаушыға тегін қауіпсіздік белдігі беріледі.
5
Орныңыз төменде болса, жоғарғы қабаттың жолаушысының орныңызға отырмауына я затын астына қоюына рұқсат бермеуіңізге қақыңыз бар. Ол жолаушы сізден ештеңе талап ете алмайды.
6
Төсек жабдығында екі ақжайма, жастыққап пен орамал болуы керек. Жолға көп дегенде алты сағат кететін болса, Freedom Travel (Авиата)-ға кіріп, билетіңізден төсек жабдығын алып тастай аласыз. Сөйтсеңіз, жамылғы мен жастық та берілмейтінін ескеріңіз. Айтпақшы, жолаушылар түсер алдында төсек жабдығын тапсыруға міндетті емес. Жолсеріктер талап етсе де, тапсыру міндетіңіз емес.
7
Мүгедектігі барлар, аурулар, зейнеткерлер мен кіштентай балалары барлар жолсеріктен төсек салып беріңіз деп өтіне алады.
8
Кәдімгі пойыздың әр вагонында титаннан ыстық су беріледі. Talgo және «Тұлпар-Тальго» пойыздарының жолаушылары ыстық және суық су ала алады. Бірақ тегін шай, кофе я қант берілмейді.
9
Жолсерік шай қайнатуға шәйнек, стақан мен қасық беруі мүмкін. Talgo пойыздарында газет-журнал беріледі.
10
Әр жолаушы тегін дәрі-дәрмек қобдишасын сұрай алады я алғашқы медкөмек көрсетуін тала ете алады.
11
Жолсеріктер вагонды тазалауға тиіс, бірақ күніне көп деген екі рет тазалай алады.
12
Дәретхана қағазы мен сабын сұрай аласыз.
13
Жолаушылар дұға оқу үшін бөлек бөлме сұрай алады. Жолсерік қызмет купесін 10 минутқа береді.
14
Вокзал дәретханасына тегін кіре аласыз. Билетіңізді кассашыға көрсетсеңіз болды.
Шектеулер
1
Қолжүктің салмағы 35 келіден аспауы керек, ал өлшемі максимум 100×50×50 болуға тиіс. «Тұлпар-Тальго» пойызына 25 келіден аспайтын жүк ала аласыз, өлшемі 70×40×40 ғана болуы керек. Үстінен ақша төлеп, одан да үлкен және ауыр багаж апаруға болады. Мүгедектігі барлар мен көп қозғала алмайтындар вагонға арбасын тегін кіргізе алады.
2
Пойызда 23:00-6:00 аралығында шулауға болмайды.
3
Ішімдікті тек мейрамхана вагонға барып ішуге болады. Жолаушы тәртіпке бағынбаса, жолсерік транспорт полициясын шақыра алады.
4
Тек арнайы орындарда шылым шегуге болады. Бірақ Тальго пойыздарына темекі шегуге қатаң тыйым салынған. Тіпті электрондық темекіні де шеге алмайсыз.
Жолсеріктен тағы не өтінуге болады?
- заттарыңызды арнайы сейфке салыңыз деп;
- мейрамхана вагоннан тамақ әкеп беріңіз деп;
- тамағыңызды тоңазытқышқа салуға және микротолқынды пешке ысытуға қақыңыз бар;
- тіс пастасы мен щеткасын беріңіз деп;
- видео көрсететін құрылғыны жалға аламын деп.
Пойызбен жүру туралы тағы да ақпарат білгім келеді десеңіз, мына құжатты оқыңыз.
3
2