Логотип

Шетелге барар алдында қандай екпе салдыруыңыз керек?

Шетелге барар алдында қандай екпе салдыруыңыз керек?
Анықтама 5 мин оқисыз
27.10.2022

Шетелге барар алдында қандай екпе салдыруыңыз керек?

Саяхатқа шығар алдында салу керек вакциналар

Басқа елге бару үшін адам тыңғылықты дайындалуы керек. Шабадан қаншалықты сапалы екенін, қандай киім, дәрі алу керегін, қайсын алмау керегін біліп алу керек. 2022 жылы бұл тізімге денсаулыққа қатысты түрлі шектеулер қосылды. Мысалы, вакцина салдыру. 

Сондықтан қазір қай елге барар алдында вакцина салдыру керегін айтып береміз.

Айтпақшы, вакцинаны тек дамушы елдерге барарда салдыру керек деген — үлкен империалист қате. Мысалы, АҚШ-та өзге елдерге қарағанда қызылша жұқтыру қаупі жоғары.  

Қалай дайындалу керек? 

  1. 1

    Қазақстанда вакцина салдырып бе едіңіз, есіңізге түсіріңіз. Біздің елде мына инфекцияларға қарсы екпе салдыру керек: туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, күл, делбе, пневмония, қызылша, қызамық, паротит. 

  2. 2

    Дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.

  3. 3

    Баратын елге кіруге халықаралық вакцинация сертификаты қаншалықты керегін біліңіз.

  4. 4

    Вакцинаны шекарадан өтерге кемі бір ай қалғанда салдырыңыз. Вакцинаны ұлттық екпе күнтізбесіне қарап қала емханаларында тегін салдыруға болады.

Қандай инфекцияға қарсы екпе егу керек? 

Вакцина тізімдерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтынан қарау керек. Тағы бір сенімді дереккөз — АҚШ-тың аурудың алдын алу және бақылау орталығының сайты. Кіргенде For travelers (Саяхатшыларға арналған) бағанын таңдаңыз. Сонда салуыңыз керек вакциналар тізімі көрсетіледі. 

Сонда жазылған вакциналардың бәрін салдырғаныңыз жөн болар. Бірақ дәрігеріңіз салдырмаңыз десе, салдырмаңыз. 

Салынуы керек вакциналардың қатарына көбіне мыналар кіреді: іш сүзек, гепатит (А, В), дифтерия, делбе, құтырма, кенеден жұғатын энцефалит, сары безгек, менингокок инфекциясы, безгекке қарсы екпелер.

Латын Америкасы, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия я Африкаға барар алдында А гепатиті мен іш сүзегінен қорғану үшін вакцина салдырып алыңыз. Мысалы, Тайланд, Индозения, Вьетнам, Мароккоға барар алдында. Армения, Грузия мен Польшаға бару үшін гепатит А вакцинасын салдырып алыңыз. 

Вакцинаны шетелде не істейтініңізге де қарап салдыру керек. Мысалы, құлақ тестірсеңіз, тату салдырғыңыз келсе, тырнақ боятып, тіс емдеткіңіз келсе, В гепатитіне қарсы екпе салдырып алыңыз. Жануар, жәндіктері көп курортқа барсаңыз да сөйтіңіз. Мысалы, Шри-Ланкаға барсаңыз, құтырмаға қарсы вакцина салдырып алу — міндет. 

Қандай вакцинаны қай елге барсаңыз да салдыру керек? 

Екпелер туралы толық ақпаратты egu.kz сайтынан біле аласыздар. 

Дифтерия, делбе мен А гепатитіне қарсы вакцинаны он жыл сайын, В гепатиті, қызамық, іш сүзегі, қызылша мен тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын  салдырып отыруыңыз қажет.

Сары безгек

Сары безгек — маса шаққанда жұғатын инфекция. Жұқтырған адамның денесі сарғаяды, қызуы көтеріліп, басы ауырады, жүрегі айнып, құсады. Адам сары безгек жұқтырғанда қатты ауырады, тіпті өліп кетуі мүмкін. Сондықтан, сары безгекке қарсы вакцина салдыру —міндет. 

Бұл инфекция тропикалық Африкада, орталық және Оңтүстік Америка елдерінде көп таралған.

Қазақстанда бұл инфекцияға қарсы вакцина жоқ: оны көрші елдерге барып салдыруға болады. Мысалы, Ресей мен Қырғызстанда. Бішкекте «Садмир» медициналық орталығына барыңыз (байланыс деректері: 8 (747) 787-80-40, +996312659577).

Сары безгегі кең таралған елдерден қайтқанда вакцинация туралы сертификат көрсету қажет.

Іш сүзек

Іш сүзек — Salmonella enterica бактериясы туғызатын ауру. Науқас әлсіреп, қызуы көтеріліп, іші ауырып, үстіне қызғылт бөртік шығатын ауру. 

Іш сүзек санитария жағдайы нашар, таза ауыз суы жоқ жерлерде көп таралған. Мысалы, Африканың солтүстігінде, оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда. Қырғызстан мен Тәжікстанда да осы инфекция кезігуі мүмкін.

Іш сүзекке қарсы вакцина бес жылға жетеді. Вакцинаны сапарға екі апта қалғанда салдырған жөн.

Құтырма

Құтырма — ауру жануар қауып я тістеп алғанда жұғатын инфекция. Ауру адамның жүйке жүйесіне зақым келтіріп, ол адам тіпті көз жұмуы мүмкін. Құтырма 150 елде тараған. Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Шығыс Азияда құтырма ауруы иттерден, ал Америкада жарғанаттардан тарайды. 

Оған қарсы вакцинаны сапарға үш ай қалғанда салдырған дұрыс. Бір вакцина үш жылға жетеді.

А гепатиті

А гепатитін қол жумай тамақ ішкенде, жуылмаған тамақты жегенде, бұлақ суын ішкенде жұқтырып алуыңыз мүмкін. Бұл ауру әлемнің барлық елінде бар. 

Вакцинаны сапарға екі-үш апта қалғанда салдырғаныңыз абзал. Бір вакцина бес жылға жетеді. Салдыратын жерлердің мекенжайы мына жерде жазылып тұр.

Дифтерия мен делбе 

Дифтерия — Clostridium tetani бактериясы туғызатын ауру. Ол әуелі тамақ пен өкпеге жұғады, кейін басқа мүшелерді зақымдай бастайды. Дифтерия — тыныс алғанда, жөтелгенде және түшкіргенде жұғатын ауру. 

Делбе инфекциясы — Clostridium tetani бактериялары туғызатын жұқпа ауру. Бұл инфекция бүкіл әлемге таралған. Оның споралы топырақтан, малдың ішек-қарны мен кез келген заттың үстінен табылады. 

Бұл инфекцияны жұқтырып алғандардың жағы қозғалмай қалады, мазасызданып, денесі құрсап, тыныс алуы қиындайды. 

Бұған қарсы вакцинаны қала емханалары мен медициналық орталыққа барып салдыруға болады.

Полиомиелит

Полиомиелит — ауыздан ауызға тарайтын, жүйке жүйесін сал қылатын ауру. Белгілері: науқастың мазасы кетеді, бас ауырып, құсады, қол-аяғы ауырады.

Полиомиелитке қарсы вакцина салдыру Қазақстанда міндет саналады. Оны бала екі айға келгенде салады. Ревакцинацияны ересек жаста бір рет жасауға болады.

Кенеден жұғатын энцефалит

Кенеден жұғатын энцефалит — мидың жұмысын бұзып, жүйке жүйесіне зақым келтіретін қауіпті ауру. Бұл ауру кене шаққанда таралады. Науқас дұрыс емделмесе, зардабы ауыр болуы мүмкін. Адам тіпті өліп кетуі ғажап емес. 

Кенеден қорғану үшін алдын ала вакцина салдыру керек. Мысалы, көктемде кенелер көбейетін маусымға дайындалу үшін екпені күзде салдырған дұрыс.

Вакцинасы жоқ аурулардан қалай сақтанамыз? 

Мысалы, Эбола, холера мен малярияға қарсы вакцина жоқ. Мұндай аурулардан тек профилактика құтқарады. Мәселен, холера жұқтырмау үшін жеміс-жидек пен көкөністеді жуып жеңіз, суды тек бөтелкеден ішіңіз және қолыңызды, ыдысыңызды жуып жүріңіз. Маляриядан москит торы, жабық киім мен репелленттің көмегінен қорғана аласыз.

Қолыңызды жуып жүріңіз, суды тек бөтелкеден ішіңіз, жайсыз сезінген бойда дәрігерге көрініңіз.

6

0

,