Ұшақ бортындағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелері

Ұшақ бортындағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелері
Анықтама 7 мин оқисыз
02.09.2025

Ұшақ бортындағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелері

Ыңғайыңыз бен амандығыңыз үшін

Ұшаққа мінгенде біз түрлі ережеге бағынуымыз керек: әдепті болуға, өзгені құрметтеуге, қауіпсіздік ережесіне бағынуға тиіспіз. 

Осы мақалада жолаушы ұшаққа мінерде, мінгеннен және түскеннен кейін не істеуге тиіс екенін айтып береміз.

Ұшқанда ұстанатын жалпы ережелер

Бортта бағынуыңыз керек тәртіп ережелері көп емес. Ең әуелі — экипаж мүшелерін, яғни бортсерік пен ұшқыштардың айтқанын тыңдау. Олардың нұсқауына ыңғайыңыз үшін ғана емес, ұшақ бортындағы қауіпсіздік шаралары үшін де бағынуға тиіссіз. 

Жолаушылар талонда жазылып тұрған орнына отыруы керек, ұшарда, ұшқанда және түрбіленттік (турбуленттік) кезінде қауіпсіздік белдігін тағып отыруы керек. Орныңыздан «Қауіпсіздік белдігін тағыңыз» деген индикатор сөнгенде және рұқсат берілгенде ғана тұруға болады. 

Сыпайы болған да маңызды: өзгенің жеке кеңістігін құрметтеңіз, сөйлегенде дауысыңыз қатты шықпасын, құлаққап тағыңыз, өтетін жермен жүремін деген мен апат есігіне өтемін дегенге бөгет болмаңыз.

Әуежайға барар алдында не істеу керек?

  1. 1

    Құжатыңыз бен билетіңізді алып-алмағаныңызды тексеріңіз. Паспорт (рейсіңіз ішкі болса, жеке куәлік), виза (керек болса), ұшақ билетінің қағаз я электрондық түрі, медициналық анықтама я сертификаты. Мысалы, вакцинация туралы сертификат. Дұрысы — құжаттардың қағаз және электрондық түрін жасатып алыңыз. 

  2. 2

    Багаж нормасын біліп алыңыз. Шабаданыңыз бен қолжүгіңіздің салмағы мен өлшемін тексеріңіз. Әуе компанияларының көбі жолаушы тіркегенде багажының я қолжүгінің өлшемін қатты тексереді. Сондықтан багаж нормасын біліп алу керек! Қолжүкке салынатын сұйықтықтың көлемі 100 миллилитрден аспауы керек, асса, багажға салу керек. Қолжүкке қатысты нормаларды мына мақаламыздан оқыңыз. 

  3. 3

    Онлайн тіркеуден өтіңіз. Әуе компанияларының көбі жолаушыларын рейс ұшарға 24 сағат қалғанда онлайн тіркей бастайды. Соның арқасында әуежайдағы тіркеу кезегі азаяды әрі алдын ала орныңызды таңдап қоя аласыз. Онлайн тіркелгеннен кейін тек багажды тапсырсаңыз болды. Тек қолжүгіңіз бар болса, құжат тексертуге я рейс күтетін залға өте берсеңіз болады.

  4. 4

    Жолға уақытылы шығыңыз. Әуежайға ертерек шыққан жөн: ішкі рейспен ұшсаңыз, ұшарға 2 сағат қалғанда, ал шетелге ұшсаңыз 3 сағат қалғанда шығыңыз. Бұл уақытты жолға, кептеліске, қауіпсіздік тексерісінен өтуге және құжат тексертуге жұмсайсыз.

  5. 5

    Ақпарат өзекті екенін я өзекті емесін тексеріңіз. Үйден шығардан бұрын рейсіңіздің статусын әуе компаниясының я әуежайдың сайтынан біліп алыңыз: кешігіп ұша ма, терминалы ауысты ма, ұшатын уақыты өзгерді ме, бар ақпарат сол сайттарда жазылып тұрады. 

  6. 6

    Жолға дайындалыңыз: телефоныңызды я басқа да құрылғыңызды қуаттауды ұмытып кетпеңіз. Олар жолда да, ұшақ та да керек болады. Ақшаңыз бен банк карталарыңызды бірнеше жерге бөліп салыңыз (әмиян, сөмке, қалта), жоғалтып я ұрлатып алғанда бәрінен бірдей айырылып қалмайсыз. 

Ұшақ бортына міну

Ұшаққа міну ұшарға 30–50 минут қалғанда басталып, 15–20 минут қалғанда аяқаталады. Гейтке кірер алдында қызметкерлер жолаушылардың құжаты мен отырғызу талонын тексереді. Кейде қолжүктерді тексеруі мүмкін. 

Ұшаққа міну үшін кезекке тұру керек, бірақ қызметкерлер әуелі балалы жолаушыларды, мүгедектігі барларды, бизнес жолаушыларын я басымдық статусы бар жолаушыларды өткізуі мүмкін. Одан кейін ғана кезекке сай өткізеді. 

Ұшаққа жолаушы телетраптан өтіп я автобуспен барып мінуі мүмкін. Екі жағжайда да экипаж мүшелерінің айтқанын орындау керек әрі өтетін жерде бөгет болмау керек.

Салонға кіргеннен кейін жолаушылар талонда жазылған орындарын тауып, қолжүктерін жоғарыға я орындықтың астына жайғастыруға тиіс. 

Бүйтуге болмайды!

Ұшуға дайындалу

Енді ұшуға дайындаласыз. Ұшар алдында бортсеріктер ұшақтағы қауіпсіздік ережелерін: белдік пен оттегі маскасын қалай тағу керегін, ал құтқару жилетін қалай кию керегін ымдам түсіндіреді. 

Сол сәтте экрандардан я дыбыс жүйесінен стандарт нұсқау көрсетіле я естіле бастайды. Жолаушылар оны ұйып тыңдағаны жөн, себебі әр жердің ережесі бөлек болуы мүмкін. 

Ұшақта жолаушы орнына отырып, қауіпсіздік белдігін тағуға тиіс, ал орындықтың арқалығын тіктеп, алдында тұрған үстелшені жинауы керек. Мұның бәрі ұшақ кенет бұрылғанда, көтерілгенде я төмендегенде жараланбаудың алдын алады. 

Көкке көтерілетін кезде және қонатын кезде қолжүгіңізді багаж сөресіне я алдыңыздағы орындықтың астына қоясыз. Телефон, планшет пен ноутбукты ұшақ режиміне ауыстыруыңыз керек. Ал ірі құрылғылар эвакуация кезінде өзгеге кедергі болмауы үшін жоғарғы сөреге я орындықтың астына саласыз. Өтетін жер мен апат есігінің айналасында жолаушыға я экипаж мүшесіне бөгет болмау керек және кедергі болар зат қоймау керек.

Ұшақ көкке көтерілгенде жолаушылардың көбі қатты қобалжуы мүмкін. Мазаңыз қашпасын десеңіз, терең әрі біркелкі тыныс алыңыз, ұшар алдында кофеин мен алкологоль ішпеңіз. Құлағыңыз бітелсе, сағыз шайнаңыз, мұзкәмпит сорыңыз я жұту техникасын жасаңыз. 

Жолаушы ұшқанда өз-өзін қалай ұстауы керек?

Ұшақта тәртіпке бағыну деген — экипаждың нұқсауы мен белгілерін орындау деген сөз. «Белдігіңізді тағыңыз» деген жарық жанса, орныңызға отырып, белбеуіңізді тағасыз деген сөз. Ұшақ кедергісіз ұшып бара жатса да, кез келген уақытта түрбіленттік (турбуленттік)  зонаға тап болуы мүмкін. 

Ыңғай мен денсаулық

  • Қимыл мен гимнастика. Ұзақ ұшқанда ара-тұра тұрып, аяқ жазуыңыз керек я отырып жеңіл жаттығуыңыз керек. Сөйтсеңіз, тромбозға шалдығу қаупі азаяды. 
  • Гидратация. Ұшақта ауа өте құрғақ болады, сондықтан қайта-қайта су ішіңіз, кофеин мен алкоголь ішпеңіз. 
  • Ұйқы мен демалыс. Құлағыңызға берүш (беруш), көзіңізге маска, ал мойныңызға жастық тағыңыз.

Электроника қолдану

Ұшақта телефон, планшет, ноутбукты тек ұшақ режімінде қолдану керек деген бәріне ортақ ереже бар. Кей ұшақта тек борт интернетін қолдануға рұқсат берілген, десе де, әуе компаниясының қауіпсіздік ережелерінің бәріне бағыну керек. 

Ұшақтағы тәртіп

  • Шуламау керек: музыканы я аудиохаттарды құлаққапсыз тыңдауға, қатты сөйлеуге болмайды. 
  • Артыңызды жинап жүріңіз: қоқысыңызды бортсерікке беріңіз я қалтаңызға, сөмкеңізге я орындықтың қалтасына салып алыңыз. 
  • Біреудің орнына рұқсатсыз отырмаңыз. Орныңызды ауыстырғыңыз келсе, иесімен келісіп көріңіз.

Тамақ беру жүйесі мен қызмет

Борттағы тәртіп ережесіне сай, тамақ берілгенде кезегіңізді күтіңіз, арба тасыған бортсеріктерге бөгет болмаңыз. Тамағаныңызға қатысты талабыңыз болса, мысалы, вегетериан болсаңыз, билет аларда я тіркелгенде әуе компаниясына ескертуіңіз керек. 

Ұшақ түрбілент аймаққа тап болғанда

  1. 1

    Тыныштық сақтаңыз. Түрбіленттік (турбуленттік) — кез келген рейсте болар құбылыс. Халықаралық әуе транспорты қауымдастығының дерегіне сенсек, түрбілент (турбулент) аймақ кіріп кеткен ұшақтар апатқа ұшырауы ықтималды өз аз, оның қандай да бір кесірі болса, ол кесір көбіне белдігін тақпаған жолаушыларға тиеді екен. 

  2. 2

    Қауіпсіздік белдігін тағыңыз. Белдік түрбіленттік (турбуленттік) кезінде сізді жарақаттан қорғайтын нөмірі бір нәрсе. Әуе компанияларының бәрі болмаса көбі белдік үнемі тағулы тұруы керек дейді. 

  3. 3

    Экипаждың айтқанын тыңдаңыз. Түрбіленттік (турбуленттік) болғанда бортсеріктер қызмет көрсетіп жатса, онысын доғарып, орындарына барып отырады. Ұшақ кішкене шайқалса да, экипаж мүшелерінің айтқаны — заң. 

  4. 4

    Көп арлы-берлі жүрмеңіз. Түрбіленттік бітпей орныңыздан тұрмаңыз, әжетханаға бармаңыз. Ол басталғанда жүріп бара жатсаңыз, орныңызға қайтыңыз я жақын бос орынға отырыңыз. 

  5. 5

    Балаларыңыз бен заттарыңызды қорғаңыз. Балаңызбен бірге ұшып бара жатсаңыз, белдігін тағыңыз. Қолжүк пен жеке дүниеңізді жоғарғы сөреге я алдыңыздағы орындықтың астына қойыңыз. 

Түрбіленттік (турбуленттік) болғанда жолаушылар тыныштық сақтаса, аймақтан аман-есен шығу ықтималдығы артады. Мазаңыз қашпасын деп терең-терең дем алыңыз, басқа нәрсеге назар аударыңыз: музыка тыңдаңыз, кітап оқыңыз, позитив ойлаңыз.

Есіңізде болсын: орта жолда түрбіленттік (турбуленттік) аймағы кезіксе, ұшқыштарға ескертіледі де, олар басқа жол іздей бастайды.

Қону

Ұшақ қонарға 20–30 минут қалғанда ұшқыштар жолаушыларға қонуға дайындалыңыз деп ескертеді. Ондай кезде: 

  • белдігіңізді тағыңыз;
  • орындығыңыздың арқалыңыз тіктеңіз, қолын түсіріңіз, алдыңыздағы үстелшені жинаңыз;
  • қолжүгіңізді багаж сөресіне я алдыңыздағы орындықтың астына салыңыз;
  • электрондық құрылғының бәрін ұшақ режиміне ауыстырыңыз я өшіріп тастаңыз.

Ұшақ төмендей бастағанда ауа ағыны өзгеріп жатқандықтан біраз шайқалуы мүмкін. Қорықпаңыз, бұл үнемі болатын жағдай. Құлағыңыз бітелмесін десеңіз, жұта беріңіз я сағыз шайнаңыз я есінеңіз. 

Ұшақ жерге қонған бойда терминалға жету үшін біраз жүреді. Бірақ қонды екен деп белдігіңізді шешіп, тұрып кетпеңіз. Белдік белгісі сөнгенде ғана орныңыздан тұра аласыз. Шығарда асығып, жұртты итерудің керегі жоқ. Шаруаңыз шұғыл болса, жолаушылардан өткізіп жіберіңізші деп өтініңіз.

Ұшақта балалардың тәртібі қандай болуы керек

Ұшақта тәртіп пен ережеге бағынған ересек жолаушыларға ғана емес, бала жолаушыларға да пайдалы болады. 

Ұшуға дайындалу

  • Балаңызға түсіндіріңіз. Ұшақта ережеге бағынған маңызды екенін айтыңыз: белдік тағып, бортсеріктердің айтқанын тыңдау керегін, тыныш отыру керегін айтыңыз. Алдындағы орындықтың арқалын тепкілеуге болмайтынын түсіндіріңіз;
  • Баланы ұшқанда алаңдатар нәрселерді алыңыз: кітап, бояйтын қағаздар, ойыншық, мультфильмдер жазылған планшет пен құлаққап;
  • Ауа қысымы бір түсіп, бір көтерілетініне дайын болыңыз. Балаңызға сағыз, мұзкәмпит я емізік беріңіз. 

Ұшқанда

  • Қауіпсіздік ережесін орындау. Ұшақ көкке көтерілерде, қонарда, түрбіленттік (турбуленттік) кезінде баланың белдігі тағулы болуы керек, ал сәбиіңіздің арнайы ұстап тұратын белдігі болуы керек. 
  • Тыныштық пен өзгеге деген құрмет. Балаңызға айғаламау керегін, өзгеге кедергі келтірмеу керегін түсіндіріңіз. Мазасы қашып, тіл алмай жатса, ойыншық беріп,  мультфильм көрсетіп алдап көріңіз.
  • Тамақ ішкенде мұқият болу. Балаңыз тамағын төгіп-шашпай ішкенін, айналасын бүлдірмегенін қадағалаңыз.

Ата-анаға арналған қауіпсіздік ережелері

  • Ұшатын уақыт балаға ыңғайлы болуы керек: түнде ұшсаңыз, балаңыз көбіне ұйықтайды, сондықтан мазасы көп қашпайды;
  • Ауыстыратын киім мен ылғал сүлгі алып жүріңіз, балаңыз үстін бүлдіріп алғанда керек болады. 

Қаперіңізде жүрсін, бала әуелі ата-анасының қылығына қарайды. Әке-шешесі сабырлы, сыпайы болса, бала да сондай болады. 

1

0

,

Сізге қызық болып қалар:

Бортсерік қалай көмектесе алады?

Бортсерік қалай көмектесе алады?

Рассказываем, как не сойти и свести всех с ума в полете
15.09.2023

Рассказываем, как не сойти и свести всех с ума в полете

Аэрофобия қайдан шығады және одан қалай құтылуға болады?
12.05.2022

Аэрофобия қайдан шығады және одан қалай құтылуға болады?