Логотип

Ұшақта жағдайым нашарласа, не істеген жөн?

Ұшақта жағдайым нашарласа, не істеген жөн?
Анықтама 3 мин оқисыз
07.02.2022

Ұшақта жағдайым нашарласа, не істеген жөн?

Бортсерік қалай көмектесе алады?

Ұшақпен ұшу — қиын әрі ұзақ процесс: сапарға дайындалу да, ұшудың өзі де стреске түрткі болатын факторлар. Әуеге көтерілу, қону, қысым, турбуленттік аймағына кіру. Бұлардың бәрін кейде организм көтере алмай қалу мүмкін. Сондықтан мұндайда қайтпек керегін айтып береміз. 

Ұшқанда не болуы мүмкін?

Ұшу организмге былай әсер етуі мүмкін: 

  • жүрек-қан тамырлары аурыңыз төмен қысымның кесірінен және оттегі аз болғандықтан асқынуы мүмкін;
  • қысымның кесірінен құлақ пен көзіңіз ауруы мүмкін;
  • бастағы қысым көтерілуі мүмкін;
  • ауа ылғал немесе құрғақ болғандықтан тыныс алу аурулары асқынуы мүмкін: астма, пневмония, бронхит. 
  • көктамыр ауруы, тромбофлебит пен тромбозы барлардың денесі ісінуі, тромбы үзілуі немесе тұрып қалуы мүмкін.
Ұшақта керек болып қалар-ау деген дәрілер мен құрылғылар жаныңызда болсын! Олар сізге керегін дәлелдейтін анықтама да сөмкеңізде жүргені жақсы. Тексергенде керек болып қалуы мүмкін. 

Қандай жағдайда ұшуға болмайды?

Қандай ауруыңыз болса да ұшуға болады. Ұшатын жағдайыңыз болса болды. Ауырып жүрсеңіз, дәрігеріңізден рұқсат алыңыз. Ұшарда жолаушының жағдайы нашарласа, әуе компаниясы оны бортқа мінгізбеуі мүмкін. Кейін сізді басқа ұшаққа мінгізеді немесе ауруханаға жібереді.

Кей әуе компаниясының ұшаққа кіргізілмейтін ауруларға қатысты нақты нұсқаулығы болады. Мысалы, ота жасатқаннан кейін, инфаркт пен инсульттан кейін ұшырмау. Аяғы ауырларға келсек, ұшуға болатын мерзімді компанияның өзінен сұраңыз. Себебі ол әртүрлі болады. Біреуі 28 апта, ал енді біреуі 36 аптаға дейін ұшуға болады дейді.

Ұшқанда жолаушылардың жағдайына кім жауапты болады?

Жолаушылардың халықаралық рейстердегі жағдайына жауапкершілік мәселесін 1999 жылғы Монреаль конвенциясы реттейді. Оған сенсек, ұшқанда жолаушының денсаулығы мен мүлкіне зақым келсе, оған әуе компаниясы жауапты болады. Конвенцияға 119 ел қол қойған. Билет алған бойда сіздің амандығыңызға әуе компаниясы жауапты болады. Ұшақта бір нәрсе болып қалса, оның шығынын әуе компаниясы өтеуге тиіс. Бастысы — оны ұшақта отырғанда қағазға тіркетіп алыңыз немесе капитаннан болған оқиға туралы акт сұраңыз.

Ұшақта бірдеңе болып қалса, сізге бірнеше адам көмектесуі мүмкін. Мысалы, дәрігер жолаушы. Оны бортсеріктер дауыстап шақырады. Статистикаға сенсек, әр екінші ұшақта медбике, фельдшер немесе дәрігер кезіктіруге болады. Кей әуе компаниясында, мысалы, American Airlines пен United Airlines-та медқызметкерлер штабы бар.

Ұшақ экипажы алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Мысалы, жүрегіңізге массаж жасай алады, аллергия болғанда адреналин сала алады, тіпті кейде босандыра алады.

Экипажға қатысты стандарттар мен талаптар әртүрлі болады. Есіңізде болсын, бортсеріктер дәрі-дәрмек жазып бере алмайды, бірақ алғашқы көмек қобдишасынан алып дәрі бере алады. Экипаж ине сала алмайды.

Жолаушының жағдайы өте нашар болса, әуе компаниясы жердегі дәрігерге хабарласуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-та әуе компаниялары MedLink-пен серіктес, егер жолаушының жағдайы нашарласа, олар MedLink дәрігерлеріне хабарласып, ауырып тұрған адамға көмектесуге жәрдемеседі.

Ұшақта әрдайым дәрі-дәрмек болады: бірінші жәрдем қобдишасы, оны бортсеріктер қолданады, жолаушы дәрігерлер қолданатын қобдиша.

Жолаушыға бортта көмектесуге болмайтын болса, қайтпек керек?

Мұндайда ұшақ жердегі дәрігермен ақылдасқаннан кейін қонуға мәжбүр болады. Экипаж жақын жатқан әуежайға хабарласып, қонатынын ескертеді. Ұшақ қонам дегенше әлгі әуежай медициналық көмегін дайындап қояды.

Арнайы көмек қажет болса, оны сырттан алдырады. Ешбір әуежайда реанимация бөлімі жоқ. Әуежайлардағы медицианалық қызмет шұғыл көмек керек болғанда қолданылады. Олардың медқызметкерлері реанимация жасай алмайды, болмайды.

Дәрігеріңізден халіңіз нашарлағанда не істеу керегін біліп алыңыз. Бұл нұсқаулықты ағылшын тілі мен барғалы жатқан елдің тіліне аударып алыңыз. Диабет, астма, аритмия, гипертониясы барларға өте пайдалы болмақ. 

Ұшақта халіңіз нашарлап көрді ме?

3

0

,