Логотип

Visa ма, MasterCard па: турист қайсын таңдағаны жөн?

Visa ма, MasterCard па: турист қайсын таңдағаны жөн?
Анықтама 4 мин оқисыз
13.04.2023

Visa ма, MasterCard па: турист қайсын таңдағаны жөн?

Қай картаны пайдаланған абзал?

Карта аштырғанда оның қандай жүйеге жататынын бірден көреміз: Visa, Mastercard және тағы басқасы. Көбі олардың қандай айырмасы барын түсіне бермейді. Сондықтан осы мақалада сізге олардың айырмашылығы мен туристерге қайсы жарайтынын түсіндіріп береміз. 

Төлем жүйелерінің тарихы

Әуелі төлем жүйесі не екенін түсініп алайық. Ол — қолма-қол ақшасыз төлеу технологиясы. Бұл процесс тез келісімге келуге мүмкіндік береді, карта иелерінің анонимдігін мен төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Mastercard пен Visa — XX ғасырда құрылған төлем жүйелері. «Мастеркард» 1966 жылы, «Виза» 1976 жылы құрылды. Қазақстанда көбі осы төлем жүйелерін пайдаланады. Кейбірі American Express пен UnionPay жүйелерінің де карталарын қабылдай береді. UnionPay-ді Қытайдың Халық банкі шығарған, сондықтан оның негізгі валютасы — юань.

2022 жылы ТМД елдерінде Ресейдің «Мир» деген төлем жүйесі танымал бола бастады.

Нарықтағы көрсеткіштерді салыстыру

«Виза» Mastercard-қа қарағанда танымалырақ. Мына деректерге қарасақ, Визаны 3,3 миллиард адам, Мастеркардты 2,4 миллиард адам пайдаланады екен.

Visa мен Mastercard-тың негізгі айырмашылықтары

Ондай көп айырмасы жоқ: транзакция жылдамдығы да, қауіпсіздік деңгейі де бірдей. Десе де, айырмаларын мына кестеге тіздік. 

Төлем жүйесінің атыVisaMastercard
Негізгі валютаАҚШ долларыЕуро
Төлегенде ұсталатын комиссия5% дейін0%
Артық тұстары1) Кез келген банкоматтан ақша шығаруға болады. 2) Кез келген елде қолдануға болады. 3) Қауіпсіз1) Кез келген елде ақша айырбастауға болады. 2) Ақша шығарарда минимал комиссия ұсталады. 3) Шығындарға шектеу қоюға болады
Кем тұстары1) Айырбастағанда, ақша әуелі долларға ауыстырылады, соның кесірінен біраз ақшаңыздан айырыласыз. 2) Премиум картадан төлегенде көп комиссия ұсталады1) Айырбастағанда, ақша әуелі еуроға ауыстырылады, соның кесірінен біраз ақшаңыздан айырыласыз. 2) Бір шотты карта аша аласыз
Неше елде бар?200210

Валюта конвертациясы

Кестеден көріп тұрғанымыздай, екеуінің ешқайсы комиссиясыз ақша айырбастамайды. Шетелде ақша айырбастағанда әуелі негізгі валютаға аудару керек. Виза долларға, Мастеркард еуроға аударады.

Одан бөлек, конвертация қандай банк шотыңыз барына, есеп айырысу валютасында қаражат қалай аударылатынына және негізгі валюта сіз төлем жасайтын валютадан қалай ерекшеленетініне қарайды.

Енді мысалға сүйеніп түсіндіріп көрейік. Картадағы ақшаңыз — теңге. Әзербайжанға келдіңіз делік. Олардың валютасы — манат. Сіз Ескі қалаға барып бірнәрсе алдыңыз, ақысын картадан төледіңіз. Visa я Mastercard теңгеңізді әуелі долларға я еуроға аударады, содан кейін ғана манатқа аударады. Міне, осы жерде карта қосымша комиссия ұстап қалады.

Айтпақшы, Мастеркардтың тарифтері мен комиссиялары транзакция жүріп жатқанда ғана көрінеді, ал Визанікі бірден көрініп тұрады.

Қай жерде қай картаны қолданған жөн?

Сіз барған елдің валютасына байланысты. Мысалы, Мастеркардты Еуропа елдері мен Африканың кей елінде қолданған жөн. Ал Визаны Америка елдерінде пайдаланған абзал. Америка елдері деген — АҚШ, Канада мен Латын Америка елдері.  Аустралияға да Виза апарған жөн.

Азия елдеріне келсек, ол жаққа Виза алған дұрыс, себебі Жапония, Вьетнам немесе Тайландта туристердің арасындағы негізгі валюта — доллар.

Бонустар мен артықшылықтар

Карта шығарылған банкке қарай екеуінің де артықшылықтары бар. Мысалы, Қазақстандағы Visa жеңілдік я көп кәшбәк беру үшін әуе компанияларымен және қонақүйлермен бірге жиі акция өткізеді.

Одан бөлек, түрлі бонус бағдарламасы бар. Оның бірі — Mastercard Rewards. Транзакция жасағанда жинаған ұпайларды сыйлыққа жұмсай аласыз. Сыйақының сомасы картаның статусына байланысты болады. 

Премиум карталардың иелеріне де бонус пен басымдық беріледі. Мысалы, Виза саяхаттағанда медицина мен заң жағынан тегін көмектеседі, картаңыз жоғалып кетсе де көмектеседі, сақтандыру бергенде кәшбәк береді. Картаңызды шетелде жоғалтып алсаңыз, Мастеркард көмектесіп, серіктестерден жеңілдік алып береді.

PayWave мен PayPass

PayWave пен PayPass — Visa я Mastercard карталарын қабылдайтын тигізбей төлеу технологиялары. PayWave Визанікі, ал PayPass Мастеркардтікі. Тек айырмасы — қанша ақшаны пин-кодсыз шығарып алуға болатыны.

Mastercard және Visa карталарының санаттары

Төлем жүйелерінің де санаттары бар. Визаның бірінші деңгейі — Electron, Мастеркардтікі — Maestro, Визаның орта деңгейі — Classic, Мастеркардтікі — Standart, ал премиум деңгейі — Gold/Platinum.

Санатына қарай картаны қолдану ережесі өзгереді. Мысалы, бірінші деңгейлі карталарға шетелдегі төлемдерге қатысты шектеу қойылған және онлайн дүкендердің бәрінде бірдей істей бермеуі мүмкін. Орта деңгейлі карталардың қызметтер пакеті әдетте аз сыйақылы болады. Премиум карта иелеріне көп кәшбәк пен сыйлық беріледі.

Турист қай картаны таңдағаны жөн?

Екеуінің арасында көп айырмашылық жоқ. Әлемнің түкпір-түкпіріне барамын десеңіз, екі жүйенің карталарын аштырып алыңыз. Бірақ ол үшін екі түрлі банкке баруыңыз керек. Мысалы, Halyk және Forte банкілеріне. Бірі Виза, екіншісі Мастеркад болады.

9

0

,