Пойызбен жануар тасу

Пойызбен жануар тасу
Анықтама 4 мин оқисыз
29.04.2025

Пойызбен жануар тасу

Малды да, аңды да

Туристердің көбі саяхатқа шығар алдында үй жануарын біреуге (туысына, күтушіге) тастап кетеді. Бірақ кей адам өйтіп тастап кете алмайды я тастап кеткісі келмейді. Сондықтан үй жануарын пойызбен қалай тасуға болатынын айтып мақала жазып шықтық. Бұрын ұшақ жолаушыларына арнап нұсқаулық жазған едік. Соны да, мына мақаланы да оқи отырыңыз. 

Қазақстанда үй жануарын пойызбен қалай тасуға болады

Ит

Қазақстанда пойызбен ит тасу мәселесін барлық жолаушының ыңғайы мен қауіпсіздігіне арналған түрлі заңдар реттейді. 

1. Саны мен түрі. Жолаушылар пойызына тек үй жануарын: мысық, ит пен құс кіргізуге болады. Бір жолаушы ары кеткенде екі жануар мінгізе алады!

2. Құжат. Ит тасығанда оның ветеринариялық паспортын я анықтамасын алып жүру керек. 

3. Жайғастыру. 

  • Кішкентай итті арнайы контейнерге, кәрзеңкеге я торға салу керек. Басқа жолаушыларға кедергі келтірмеуі үшін купедегі барлық орынды сатып алуыңыз керек. 
  • Ірі иттің жібі мен тұмылдырығы болуы керек. Ол жануар бірінші вагонның қолданылмайтын тамбурына жайғастырылады. Тасымалдау бағасы багаж тарифінің ақысына тең. Сондықтан итіңіздің салмағын өлшетуіңіз керек. 
«Тальго» пойызының тамбурына ит кіргізуге болмайды.

4. Зағип адамдарға еріп жүретін иттер кез келген вагонға тегін міне алады. 

Иттің бекетте, мінерде және түсердегі тәртібіне тек иесі жауап береді! Ол адам жануарына тамағын беріп, артын тазалап жүруі керек. 

Иттер мейрамхана вагондарға кіре алмайды. 

Мысық

  1. 1

    Бір жолаушы ары кеткенде 2 үй жануарын ертіп жүре алады; 

  2. 2

    Мысық тасығанда оның денсаулығының жағдайын растайтын ветеринария паспортын я анықтамасын алып жүру керек. Оны пойызға мінерде көрсетесіз;

  3. 3

    Жолаушы купедегі бар орынды сатып алуы керек, себебі оның жануары басқа жолаушылардың аллергиясын қоздыруы мүмкін я ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Пойыздың едені бүлінбеуі үшін мысықты асты бүтін арнайы контейнерге саласыз;

  4. 4

    Жануардың иесі бекетте, пойызда, мінерде және түсерде мысығына ие болуы керек, тамағын беріп, купені таза ұстауы керек.

Құстар мен кішкентай үй жануарлары

Ит-мысыққа қатысты ережелер қандай болса, басқа да үй жануарларына қатысты ережелер де сондай. 

  • Пойызға мінер алдында ветеринария паспорты мен анықтамасын көрсетесіз;
  • Купедегі бар орынды сатып алуыңыз керек;
  • Жануарды арнайы контейнерге, жәшікке, кәрзеңкеге я асты бүтін торға салу керек;
  • Жануарға иесі жауапты болады: тамағын береді, артын тазалайды, тәртібін қадағалайды;
  • Жануарды мейрамхана вагонға кіргізуге болмайды. 

Қала маңына қатынайтын пойыздардың жолаушылары ары кеткенде екі жануарын тегін алып жүре алады. Бірақ оларды арнайы жәшікке, кәрзеңкеге я торға салу керек. 

Аңдар

Қазақстанда аңдарды пойызбен тасу ережелері өте қатаң. 

  1. 1

    Аңдарды жолаушы вагондарының ешбіріне қолжүк ретінде кіргізуге болмайды;

  2. 2

    Аң, кеміргіш пен бауырымен жорғалауыштарды тек багаж вагонына кіргізуге болады, бірақ міндетті түрде тасымалдаушының рұқсатын алу керек. Аң тасымалдау үшін вагон ішін өзгерту керек болса, оның шығынын аңның иесі я оны ертіп жүретін адам өтейді;

  3. 3

    Жануардың иесі әр аңның ветеринария куәлігін көрсетуі керек;

  4. 4

    Жануарлардың да, айналасындағы басқа багаждардың да қауіпсіздігі үшін аңдарды арнайы контейнерге я асты бар торға салу керек. Аңның иесі жануарының ыдысы мен тамағына жауап береді әрі санитария және гигиена нормаларын бұзбауға міндетті болады;

  5. 5

    Аңның иесі я оны ертіп жүрген жолаушы барлық ветеринария паспортын көрсетуі керек, ас-суын беріп, өзге жолаушылар мен қызметкерлерге қауіп төнбеуі, ыңғайсыздық тумауы үшін қолынан келгенін істеуге тиіс. 

Үй жануарын пойызға мінгізу үшін қандай құжаттарын көрсетуім керек?

1. Ветеринария паспорты я анықтамасы

  • Үй жануарларының (мысық, ит, құс, т.б) паспорты я анықтамасы болуы керек;
  • Паспортта жануарға салынған екпелер, оның иесі мен өзі туралы мәлімет (тұқымы, жасы, таңбасы/чипі) жазылып тұруы керек;
  • Ветеринария анықтамасын мемлекеттік я жеке ветеринария мекемесі береді.

2. Тасымалдаушының рұқсаты (кей жағдайда)

  • Аңдар, бауырымен жорғалайтындар, кеміргіштер мен өзге де бейстандарт жануарларды тасығанда тасымалдаушы компаниядан рұқсат алу керек;
  • Ондай хайуандарды тасырда вагонды я багаж вагонның ішін өзгерту керек болса теміржол компаниясынан міндетті түрде рұқсат алу керек.

3. Багаждың ақысын төлегеніңіз я бүкіл купені сатып алғаныңыз туралы түбіртек

  • Жануарыңызды (мысық, ит, кішкентай жануар, құс) жолаушылар вагонына кіргіземін десеңіз, бүкіл купені сатып алуыңыз керек. 
  • Итіңіз ірі болса, жануарды тамбурға я багаж вагонға жайғастыру билетін көрсетесіз.

4. Иелену құқығын растайтын құжат (өте сирек сұралады)

  • Мысалы, қымбат я сирек кезігетін тұқымды жануарды тасырда тасымалдаушы ол жануардың шыққан тегін растайтын сертификатты я ұстау құқығын беретін рұқсатты сұрауы мүмкін. 

Тасымалдаушының шарттары әп-сәтте өзгеріп кетуі мүмкін, сондықтан нақты ақпаратты соның сайтынан оқыңыз. Мысалы, ҚТЖ сайтынан. 

Жануарға билет алу керек пе?

Қысқа жауап — иә!

Жануарыңыз кішкентай, құс я ірі ит болса, купедегі бар орынды сатып алуыңыз керек. Одан басқа ақы төлемейсіз. Бірақ кейде ірі итті бірінші вагонның тамбурына жайғастыру керек болады. Пойызға мінгізу үшін оның салмағын өлшету қажет. Себебі ит багаж ретінде тіркеледі.

Зағип адамға еріп жүретін иттер пойызға тегін мінеді. Оған бола тағы бір орын алудың керегі жоқ.

Жануарға арналған пойыз билетінің бағасы

Пойызбен жануар тасудың бағасы қайда бара жатқаныңыз бен купе билетінің бағасына байланысты. Пойызға тек жетектеуші иттер тегін міне алады. 

Пойызға қандай жануарларды мінгізуге болмайды?

Қазақстанда жолаушылар пойызына үй жануарларын ғана мінгізуге болады. Бір жолаушыға ары кеткенде екі жануар.

Аңдарды (түлкі, қоян, жылан, тағы басқасы) жолаушылар вагонына жайғастыруға болмайды. Жолаушылардың я пойыз қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті жануарларды пойызбен тасуға тыйым салынған.

Жануарыңызбен бірге пойызға мінер алдында оны тасымалдауға қатысты ережелерді тасымалдаушының сайтынан анықтап алғаныңыз жөн.

4

3

,

Сізге қызық болып қалар:

Ендігі сапарыңызға арналған бес идея

Ендігі сапарыңызға арналған бес идея

Сколько вещей можно провозить в вагонах?

Сколько вещей можно провозить в вагонах?