Логотип

Шри-Ланкада не көруге болады?

Шри-Ланкада не көруге болады?
Гидтер 16 мин оқисыз
28.09.2022

Шри-Ланкада не көруге болады?

Шай алқабы, жағажайлар мен ғибадатханалар

Материал жаңартылған күн: 14.06.2024

Шри-Ланка — Үндістанға жақын орналасқан Үнді мұхитындағы арал. 1972 жылға дейін бұл ел отар болып келді — әуелі португалдарға, кейін нидерландтарға, одан кейін британдарға бағынды. Бодан болғанда Цейлон деп аталатын, кейін тәуелсіздік алғаннан кейін Шри-Ланка деп атала бастады. Атау санскрит тілінен аударғанда «даңқты, берекелі жер» дегенді білдіреді.

30 жылдан астам уақыт бойы Шри-Ланка азаматтық соғыстан көз ашпады: «Тәміл-Иламның азаттық жолбарыстары» оппозиция қозғалысы Шри-Ланкадағы Солтүстік жердің автономиясы үшін күресті. Аралда бейбітшілік тек 2009 жылы орнады. 2022 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды: халық наразылық білдіріп, үкімет кетсін деп талап етті. Қазір арал инфрақұрылымының жұмысы қалпына келді.

Шри-Ланка — әріптестермен бірге барып қыстайтын, үй ішімен бірге демалатын я достармен бірге қыдыратын тамаша орын. Біз сізге Шри-Ланкаға барар алдында нені білу керегін және онда не істеуге болатынын айтып береміз. 

Шри-Ланкаға баруға виза қажет пе?

Қазақстан азаматтары Шри-Ланкаға барар алдында виза алуға тиіс. Оның мынандай түрлері бар: 

  • 30 күнге жететін электрондық туризм визасы (елге екі рет кіріп шығуға болады);
  • 30 күнге жететін іскерлік визасы (мультивиза);
  • 48 сағатқа жететін транзит визасы (бір-ақ рет берілетін виза).

Визаны ресми сайттан онлайн алуға болады. Ол үшін ақы төлейсіз. Құны — 35-50 доллар.

Визаны әуежайға барып алуға да болады. Ақысы — 40 доллар әрі оны алуға ұзағырақ уақыт кетеді. Қазақстанда Шри-Ланканың елшілігі я консулдығы жоқ.

Коломбодағы иммиграция және эмиграция департаментінде визаны тағы 60 күнге дейін ұзартуға болады. Электрондық кезекке тұру немесе онлайн қызмет алу деген жоқ. Сондықтан бұл процедураға бір күніңізді жұмсайсыз. Бірақ туристер оған жарты күн кетеді дейді. Департамент кеңсесінде күні бойы телміріп күтудің қажеті жоқ. Сондықтан саябақта серуендеп я кофе ішіп қайтыңыз.

Танымал жағажайлар мен курорттар

Шри-Ланкада жағажай жетеді. Кез келген туристің талғамына сай келер жағажай көп: аппақ құмға аунап жататын, сөрфиң, дайвиң мен снорклиңмен айналысатын керек пе, бәрі бар.

Есіңізде болсын: жағажайлар Үнді мұхитының жағасында орналасқандықтан кей курортта теңіз толқыны биік болуы мүмкін, ал мұхитта суасты шұңқыр жиі кезігеді. Абай болыңыздар!

Курорттың танымалдары: Бентоту, Мириссу, Унаватуну, Хиккадуву, Негомбо және Велигаму.

Қашан бару керек?

Шри-Ланканың климаты субэкватор. Елдің оңтүстік-батысында нөсер жауын маусым-қазан айларында, ал солтүстік-шығысында қазан-наурыз айларында жауады. Орташа температура — +28°C до +30°C. Ал судың температурасы +25°C-тан түспейді.

Шри-Ланканың ауасы ылғал. Мұны ескере жүріңіз. Мысалы, астматик болсаңыз, дәрілеріңізді алып барыңыз, бұйра бас болсаңыз, шаш түзегіш апармай-ақ қойыңыз.

Шри-Ланкада жыл бойы демалуға болады, тек дұрыс курорт тауып алсаңыз болды.

Оңтүстікте турист ағылатын маусым — қараша-наурыз. Сәуір-тамызда туристер көбіне солтүстік-шығыс жағалауға барады. Қыркүйек пен қазанда ауа райы өзгеше болады: оңтүстік-батыста нөсер жауын толастамай жауады, ал солтүстік-шығыста енді жауа бастайды.

Шри-Ланканың топ 15 көрнекі жері 

Коломбо

Коломбо қаласы
Петта ауданындағы Жәмі үл Әлфар мешіті

Коломбо — елдегі үлкен қала, штаттың бұрынғы астанасы. Бұл Шри-Ланканың батыс жағалауында орналасқан саяси және экономикалық орталығы.

Туристер үш негізгі аймақты аралайды: Коломбо Форт, Урбан ауданы және Петта. Коломбо Форт — ескі португал бекінісінің бөлігі. Қалалық аудан – қаланың іскерлік орталығы, онда президент кеңсесі, отаршылдық кезінен қалған ғимараттар мен сауда орталықтары орналасқан.

Петта аймағы — 8 ғасырдан бері мұсылмандар өмір сүріп жатқан түрлі-түсті базар ауданы. Мұнда әдемі базар мен сағат мұнарасы бар. Бір кездері Голландия губернаторының сарайы болған Голландияның колониялық мұражайына барып көріңіз.

Галле Форт

Шамшырақ
Будда ғибадатханасы

Галле — Шри-Ланка отар болған кезден қалған қала. Бұл қала Еуропа қаласына қатты ұқсайды: барлық көшесіне тас төселген, үйлері тығыз салынған және үлкен шіркеуі бар. Галленің тағы бір айырмашылығы — ол — бекініс. Қазір қалашық — елдің бас порты.

Туристер сағат мұнараны, шамшырақ пен қамалды, Кроу аралы мен будда және мұсылман ғибадатханаларын көре алады. Айтпақшы, саяхатшылардың пікіріне сенсек, Галледе көп мұсылман тұрады екен.

Қаланың бас көрікті жерлерін аралауға 2-3 сағат кетеді.

Киелі Анурадхапура қаласы

Анурадхапура — ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген қала, Сингал патшалығының ескі астанасы. Сондықта онда көптеген ғибадатхана орналасқан. Көбі біздің дәуірімізге дейін салынған. Қалада көптеген ескерткіш пен мүсін, Будда дагобасы мен сарайлар бар ступа-ғибадатхана бар. 

Буддистерге қасиетті Тупарама мен Руванвелисая дагобаларын, сондай-ақ Шри Маха Бодхи ағашын көру үшін Анурадхапураға бару керек. Оны Будда ағартушылыққа ие болған ағаштың көшеті деседі. Ежелгі қалада табалдырық тәрізді көрінетін Жетаванарамая бейнелер үйінің күмбезді ғимараты мен Саквала Чакрая петроглифтері де бар.

Анурадхапура ғибадатханаларына аяқкиімді шешіп кіру керек. Сондықтан барғанда шұлық ала кетіңіз.

Қалаға кіру тегін. Ежелгі монастырь орналасқан Абхаягири кешеніне бару үшін ақы төлеу керек. Ересектер 25 доллар, ал балалар 12,5 доллар төлейді. Бірақ ол жаққа барған туристерге сенсек, Абхаягириге барып ақша төлеудің қажеті жоқ. Себебі ақылы дагоба не, тегін дагоба не, бәрі біп-бірдей. 

Ежелгі Полоннарува қаласы

Көне қала Коломбодан 200 шақырым алыс жатқан қала. Оны монахтар қалаған және орта ғасырларда патшалықтың астанасы болған. Полоннарува аралдың орталық-шығыс бөлігінде орналасқан. Қала төрт ғасыр бойы тіршілік еткен.

Полоннарувада жартастағы үлкен Будда мүсіндері бар Гал Вихара ғибадатханасына, сондай-ақ ежелгі Паракрамабаху сарайына, дәлірек айтсақ, оның қирандыларына барыңыз. Сонымен қатар қолдан жасалған Маракрама Самудра көлін көріңіз.

Канди

Коломбодан жүз шақырым жерде қашық жатқан, патшалықтың ескі астаналарының бірі. Аралдың көп бөлігін отаршыл әскерлер басып алған кезде де, қала ұзақ уақыт бойы тәуелсіз болды. Қаланың ортасында жасанды көл бар. Ал оның айналасында көне сарай орналасқан. Король сарайының аумағында діни және патша артефактілері қойылған Шри Далада мұражайы бар. Буддизм халықаралық мұражайы да осында орналасқан.

Будданың тісі ғибадатханасы

Кандиде буддизмде қасиетті саналатын Будданың тісі ғибадатханасы (Шри Далада Малигава деп те аталады) бар.

Аңызға сенсек, Будданың мәйітін өртегенде төрт тісі сау қалған. Кейін оларды өзге жерлерге апарған. 371 жылы бір тіс Шри-Ланкаға апарылған. Ежелде тісі кімде болса, сол адам күшке ие болады деп саналды. Сондықтан Будданың тісі патша әулетіне өтті. Жәдігер 18 ғасырда Қанды қаласына жеткізілді.

Тіс жойылса, буддизм де жойылады деседі жұрт. 1998 жылы тәміл топтары ғибадатхананы жарып, жәдіргерді құртқысы келді. Сөйтіп далада ғибадатханасы қиратылды, бірақ жәдігерге ештеңе болмаған.

Тіс жабық жәшікте сақталған. Оны суретке түсіре алмайсыз, бірақ Перахера фестивалінде тісті ғибадатханадан шығарған кезде көруге болады.

Ғибадатханаға қысқа футболка, белдемше мен шорты киіп кіруге тыйым салынған. Кіре берісте жалға берілетін халат киіп алуға болады.

Перадения патша ботаникалық бағы

Шри-Ланкада Кандиден 6 шақырым қашық жатқан, 1824 жылы Махавели өзенінің жағасында салынған Перадения патша ботаникалық бағы бар. Кейін қаладағы университеттің құрамына қосылып, ғылыми-зерттеу орталығы боп қайта ашылған. 60 гектар жерде 4 мыңнан астам гүл, ағаш және бұта түрлері өседі.

Бақшаның басты көрікті жері — орхидеяның 100 түрі. Одан бөлек мұнда әртүрлі сұрыпты пальмалар, жүз жылдық ағаш, кактус жылыжайы мен дәмдеуіштер бағы бар. Ботаникалық бақта атақты адамдар еккен мемориал ағаштар да бар. Ботаникалық баққа кіру 10 доллар тұрады.

Сигирия (Арыстан жартасы)

Ұйқысыз жанартау орнында орналасқан мөлдір жартас бұл. Жерден 180 метр биік жатыр, ал жан-жағын басқа жартастар қоршаған. Ежелде онда Шри-Ланка патшасының сарайы, кейінірек будда ғибадатханасы болған. Ғимарат біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда тұрғызылған деген болжам бар. Қамалдың кіреберісін бір кездері тастан қашалған арыстанның мүсіні қорғаған, сондықтан «Арыстан жартасы» деп аталып кеткен. Енді мүсіннен тек табандары ғана қалды.

Жартастың әдемілігі бірінші сатыдан басталады. Әуелі туристер бұлт қыздары фрескаларын, содан кейін сингал жазулары бар айна қабырғасын, кейінірек жоғарғы жағында патша сарайының қирандыларын, тақ пен жасанды субұрқақтарды, үлкен хауыз бен тоғанды көре алады.

Баспалдақ — ұзын баспалдақ, сондықтан шыдамды болыңыз. 

Сигирияға кіру үшін ересектер $30, ал балалар $15 төлейді. Бірақ жоғарғы қабаттағы мұражайға кірем десеңіз, тағы ақша төлейсіз.

Сигирияға барар алдында мыналарды ескеріңіз:

  • Таңертең ерте барыңыз. Кешен таңғы сағат 7-де ашылады.
  • Санскрин жағып алыңыз.
  • Суды толтырып алыңыз.

Адам шыңы

Адам шыңы — аралдағы биіктігі 2243 метрге жететін екінші ең биік нүкте. Сингалдықтар шыңды «Саманалаканда» деп атайды. Бұл «Көбелектер тауы» дегенді білдіреді.

Адам шыңы буддистер ғана емес, мұсылмандар, христиандар, үнділер зиярат ететін орын. Діндар адамдар таудың басында бірінші адамның ізі бар деп есептейді: мұсылмандар бұл Адамның ізі, буддистер Будданың ізі, индуистер Шиваның ізі, ал христиандар Исаның шәкірттерінің бірінің ізі деп ойлайды.

Саяхатшылар таңсәріні тамашалау үшін Адам шыңына түнде шыға бастайды.

Шыңға шығар алдында күн райын бір тексеріңіз: егер ертесі күні жаңбыр жауады я бүгін күн қалың бұлтты болса, таң атқанын көре алмауыңыз мүмкін.

Әдетте баспалдақпен көтерілуге 3-4 сағат кетеді, сатылардың саны 5 мыңнан асады. Баспалдақтың тұтқасы кей жерде жоқ, сондықтан абай болыңыз. Жол бойында тамақ ішуге немесе демалуға болатын дүңгіршектер мен шатырлар бар. Түскенде аз уақыт кетеді — шамамен екі сағат.

Жалғыз шығам десеңіз, желтоқсан мен наурыз арасында барыңыз. Ол кезде туристер көп болады, жоғалып кетсем не болады деп алаңдамайсыз. 

Адам шыңына шығу өте қиын, әліңізге қараңыз. Қасыңызға шам мен қалың киім алыңыз: түнде температура төмендейді.

Нувара Элия шай алқабы

Нувара Элия — Коломбоның әкімшілік астанасынан 157 шақырым алыс жатқан қала. Қазақ тіліне аударғанда «Жарық қаласы» дегенді білдіреді. «Нурелия» (оны жергілікті тұрғындар солай атайды) аралдың ең биік таулы қаласы. Биіктігі 1868 шақырым. Сондықтан Шри-Ланкадаға ең салқын жер. Бұрын Нувара Элияда көбіне британдар тұрғандықтан мұнда үйлердің көбі ағылшын стилінде салынған.

Нувара Элия — шай алқабының отаны. Онда сапалы шай өседі. Ол жаққа жолыңыз түссе, шай фабрикаларына экскурсия жасай аласыз, күміс немесе ақ шай ішіп көріңіз, туысқандарыңызға кәдесый ала алыңыз.

Қаладағы басқа да қызық орындарға қолдан жасалған Григорий көлі, Виктория саябағы, пошта бөлімшесі және патшайымдар, патшалар, президенттер, саясаткерлер және әлемдегі ең бай адамдар қонған Гранд қонақүйі жатады.

Қаланың жанында индуистердің Сита және Хануман ғибадатханалы, сондай-ақ Хортон жазықтары ұлттық паркі бар. Қала таулы аймақта орналасқандықтан Нувара-Элия маңында 100-ге жуық сарқырама бар.

Сент-Клэр сарқырамасы

Сент-Клэр — Нувара Элияның шай плантацияларының бойымен ағып жатқан сарқырама. Биіктігі 80 метр, ені 50 метр (жаңбыр кезінде 60 метрге жетеді). Жергілікті тұрғындар оны «кішкентай Венеция» дейді.

Сарқырама екі каскадтан тұрады: үлкен Маха Элла және кішкентай Куда Элла.

Дамбулла алтын ғибадатханасы

Тау шыңында орналасқан ғибадатханалардың ең үлкен үңгір кешені. Дамбулла екі мың жылдан астам уақыт бұрын салынған дейді ғалымдар. Мұнда Будда мүсіндерінің үлкен коллекциясы орналасқан. Олардың 72-сі алтын жалатқан. Алтын ғибадатхана деп аталғаны да содан. Кешенінің аумағында 153 Будда мүсіні, басқа құдайлар мен құдайлардың және Шри-Ланка патшаларының 7 мүсіні бар.

Дамбулла — ашық ғибадатхана, сондықтан түсіндірме тақталары жоқ. Ғибадатханаға жабық киім киіп барасыз. Бірақ бас киімсіз және аяқкиімсіз кіру керек.

Жалаңаяқ ыстық тастардың үстімен жүрмеу үшін жаныңызда шұлық болсын. Аяқкиімді рюкзакқа салуға немесе кіреберісте қалдыруға болады (қызметтің ақысын төлеу керек).

Ғибадатхана таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін ашық тұрады. Кіру ақылы, шамамен 10 доллар тұрады. Оол жақта тек рупия алады. Билеттер ең төменгі Будда мүсінінің қасында сатылады.

Ғибадатхана тауда орналасқандықтан ол жаққа үшін тек баспалдақпен көтерілесіз.  Дұрыстап дайындалып барыңыз, су алыңыз, себебі таң атпай барғанда су сататындар болмауы мүмкін.

Яла ұлттық паркі

Елдің оңтүстік-шығысында орналасқан аралдың ең танымал және ең көне табиғи қорығы. Бұл жақтың ландшафты өте ерекше: жазық керек пе, төбе мен жартас керек пе, бәрі бар. Яла Африканың табиғатына өте ұқсас. Онда Қызыл кітапқа енгізілген маймылдар, буйволдар, пілдер, жабайы қабандар, губачи аюлары және тіпті Цейлон барысы мекендейді.

Бір адамға арналған сафаридің құны 13 доллардан басталады. 12 жасқа толмағандар 4 доллар төлесе, 6 жасқа толмағандар тегін кіреді. 

Яланың аумағында ұзақ уақыт тұруға болатын қонақүйлер мен кемпиңдер бар.

Кумана ұлттық паркі

Парк елдің оңтүстік-шығысында, Аругам шығанағы жағажайының қасында орналасқан. Онда жануар мен құстың түр-түрі мекендейді. Арасында Қызыл кітапқа кіргендері де бар. Мысалы, Шри-Ланка пілі, үнді қара тасбақасы мен батпақ қолтырауыны. Куманады мекен ететін құс түрі жетерлік. Кейбір дереккөзге сенсек, олардың саны 250-430 арасы.

Бұл ұлттық паркте туристерге арналған лагерь бар. Кіру ақысы ересектерге 25 доллар, ал балаларға 12,5 доллар. Паркті аралаймын десеңіз, джипке мінесіз. Ақысы — 25 доллар. 

Пиннауала пілдерге арналған панажайы

Панажай 1975 жылы джунглиден табылған жараланған пілдерді құтқару үшін салынған. 1982 жылдан бері жануарларды асырап алып қана қоймай, бағады, қарайды. Пиннауалада қазір жасы әртүрлі 93 піл бар.

Туристер өзендегі пілдердің шомылу процесін көре алады. Бұл процесс күніне екі рет өтеді (10:00-ден 12:00-ге дейін және 14:00-ден 16:00-ге дейін). Тағы бір қызық — пілдерерге канистрлерден сүт беру. Жануарларды қосымша ақы төлеп тамақтандыруға болады. Кіру құны — 16$.

Шри-Ланкаға барғанда нені көргіңіз келеді?

2

0

,

Осы айдардан:

Қалай ақша үнемдеуге, не алуға және қайда баруға болады
23.01.2023

Қалай ақша үнемдеуге, не алуға және қайда баруға болады

Корей сарайлары, k-pop пен аутентик базарлар
10.10.2022

Корей сарайлары, k-pop пен аутентик базарлар

Қызғалдақтың астанасында қайда барып, не көруге болады?
16.09.2022

Қызғалдақтың астанасында қайда барып, не көруге болады?

Әзербайжанның астанасына бармақ ойы барларға арналған ақпарат
15.07.2022

Әзербайжанның астанасына бармақ ойы барларға арналған ақпарат

Олардың жұмыс уақыты мен билет бағасы
14.07.2022

Олардың жұмыс уақыты мен билет бағасы

Жайлы әрі әдемі грузин қаласын аралағанда керек болар гид
11.04.2022

Жайлы әрі әдемі грузин қаласын аралағанда керек болар гид