KALEO тобы Алматыда өнер көрсетеді

Жаңалық 4 мин оқисыз
11.09.2026

KALEO тобы Алматыда өнер көрсетеді

Шоу 29 қарашада «Халық Аренада» өтеді

Исландияның рок тобы KALEO 29 қарашада концерт қояды. Бұл шоу топтың Қазақстандағы бірінші концерті болмақ.

Бәнд 27 қарашада Ташкентте де өнер көрсетеді.

KALEO деген кімдер?

KALEO — Исландиядан шыққан ең танымал рок топтардың бірі. Онда бес адам өнер көрсетіп жүр: 

Иекүл Юлиуссон — вокал, гитара;

Рубин Поллок — соло гитара;

Даниел Кристианссон — бас гитара;

Давид Антонссон — барабандар;

Торлейвюр Гаукюр Давидссон — гармоника, клавишті аспаптар.

Олар блюз рок, инди фолк және альтернатив рокты араластыратын ерекше стилінің арқасында танылған. Жұртқа көбіне олардың Way Down We Go әні белгілі. Бұл трек кезінде Peaky Blinders, Lucifer, Grey's Anatomy, Suits сияқты сериалдарда қолданылып, әлем хитіне айналды. Осы уақытқа дейін төрт студио альбомы шықты: Kaleo (2013), A/B (2016), Surface Sounds (2021), Mixed Emotions (2025).  

Концерт қайда өтеді?

Топтың ресми сайтына сенсек, концерт «Халық Аренада» өтеді. Билеттер Ticketon-нан сатылып жатыр. Ең арзан билеттің бағасы — 20 мың теңге, ал ең қымбаты 80 мың теңге тұрады.  

Концерттің билетін Freedom SuperApp-тан алсаңыз, 15% дейін кешбэк аласыз! 

0

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Басқа жаңалықтар:

Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын жерлерге бару үшін ақша төлеу керек

Бірінші рейс 2026 жылғы 28 қазанда ұшады

FlyArystan Армения астанасына 16 желтоқсанда ұша бастайды