Божыра, Қызылкүп, Тұзбайыр, Боқтыны көру енді ақылы болады

Жаңалық 4 мин оқисыз
09.09.2026

Божыра, Қызылкүп, Тұзбайыр, Боқтыны көру енді ақылы болады

Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын жерлерге бару үшін ақша төлеу керек

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын жерлер — Бозжыра, Тұзбайыр, Қызылкүп пен Боқтыны көру ақылы болады.

Өзгерістер «Қызылсай» өңірлік табиғи паркі мен Бейнеу ауданындағы ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемелеріне қатысты.

Енді осы жерлерге барғандар туристерге арналған жолмен өтетіні, түнейтіні, көлікпен баратыны және оны тұраққа қоятыны, айналасын фото мен видеоға түсіретіні үшін ақша төлейді.

Тарифтердің бәрі айлық есептік көрсеткішке сүйеніп қойылған, яғни жыл сайын өсіп отырады. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгеге тең.

Тарифтер мынандай:  

  • туристер жолымен өтетіндер (күніне) — 865 теңге; 
  • шатыр тігіп, түнейтіндер (бір түн) — 433 теңге; 
  • көлігін тұрғаққа қоятындар (бір көліктен) — 865 теңге; 
  • коммерциялық видео не фильм түсіретіндер  37 627,5 теңге; 
  • коммерциялық фото түсіретіндер  19 030 теңге.  
Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын жерлерді фото мен видеоға өзіңіз үшін түсірсеңіз, яғни одан ақша таппаймын десеңіз, ақша төлемейсіз. 

Бұл жерлерге көлікпен барамын десеңіз: 

  • жеңіл көлікпен баратындар — 3 028 теңге; 
  • мотоциклмен не квадрациклмен баратындар  1 730 теңге; 
  • микроавтобуспен баратындар (макс. 16 адам) — 11 678 теңге 
  • автобуспен баратындар (макс. 36 адам) — 21 625 теңге. 

Тарифтер бір транспортқа арналған.

Турист жолымен жүру және лагерьде түнеу ақысын 6-7 жасар балалар ересектерден екі есе аз төлейді, ал 6-ға толмағандар, зейнеткерлер, мүгедектігі барлар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері я соған теңелген ардагерлер төлемейді.

Қосымша қызметтер 

Ал мына қызметтер мен заттарды аламыз десеңіз, ақысы мынандай:

  • экскурсия ұйымдастыру — 7 816 теңге; 
  • гид қызметі  3 893 теңге; 
  • түнейтін шатыр  3 028 теңге; 
  • ұйықтайтын қап  1 298 теңге; 
  • Gazelle Next көлігін жалға алу  68 768 теңге; 
  • алты адамға арналған шағын вагон  89 095 теңге. 

Шетелден келген туристер жоғарыда айтылған тарифтердердің бәрінің ақысын екі есе көп төлейді. Мысалы, коммерциялық фото түсіремін десе, 19 030 теңге емес, 38 060 теңге, түнейтін шатырды жалға аламын десе, 3 028 теңге емес, 6 056 теңге төлейді.  

Қызметтердің ақысын қалай төлеу керек?  

Барлық қызметтің ақысын банктердің мобайл қолданбаларынан не барғанда төлеуге болады. Онлайн төлегенде Қызылсай (Кызылсай) деп іздеңіз.

Бізден сізге кеңес: қызметтердің ақысын онлайн төлеп барыңыз, түбіртегін не оның скриншотын телефоңызға сақтап қойыңыз. Инспекторлар сұрағанда көрсетесіз. 

0

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Сізге қызық болып қалар:

Марсианские пейзажи в Казахстане

Марсианские пейзажи в Казахстане

Басқа жаңалықтар:

Шоу 29 қарашада «Халық Аренада» өтеді

Бірінші рейс 2026 жылғы 28 қазанда ұшады

FlyArystan Армения астанасына 16 желтоқсанда ұша бастайды