2028 жылғы УЕФА Супер кубогы Астанада өтеді

Жаңалық 4 мин оқисыз
17.09.2026

2028 жылғы УЕФА Супер кубогы Астанада өтеді

Қазақстан бұл турнирді алғаш рет өткізгелі тұр

2028 жылғы УЕФА Супер кубогы Астанада өтетін болды деп хабарлады Қазақстанның футбол федерациясы. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл шешім 2026 жылғы 15 қыркүйекте УЕФА атқарушы комитетінде шығарылған. Қазақстан бұл турнирді алғаш рет өткізгелі тұр.

УЕФА Супер Кап — Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының өткен маусымда анықталған жеңімпаздары кездесетін матч. Кім жеңсе, сол Супер кубокты ұтып алады. 2026 жылы кубокты Еуропа лигасының чемпионы Астон Вилланы жеңген ПСЖ командасы иеленді. Матч Венаның «Ред Булл Аре́насында» өтті.

2027 жылғы Супер кубок Амстердамдағы Johan Cruyff Arena стадионында өтеді. 

Матч өтетін күн, билеттер мен матчта қай командалар ойнайтыны әзір белгісіз. Оның бәрі 2028 жылы белгілі болады. Тың ақпарат шыққан бойда жаңалықты толықтырамыз. 

0

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Сізге қызық болып қалар:

Исследуем столицу нашей прекрасной страны
13.08.2024

Исследуем столицу нашей прекрасной страны

Басқа жаңалықтар:

Концерт 6 желтоқсанда «Алматы Аренада» өтеді

Шоу 29 қарашада «Халық Аренада» өтеді

Маңғыстаудағы ерекше қорғалатын жерлерге бару үшін ақша төлеу керек