SHINee тобындағы Тэмин Алматыда концерт қояды
Концерт 6 желтоқсанда «Алматы Аренада» өтеді
SHINee кейпоп тобындағы Тэмин 6 желтоқсанда Алматыда өнер көрсетеді. Концерт «Алматы Аренада» өтеді.
Тэмин деген кім?

Jopping клипінен
Тэмин (шын аты И Тэмин) — Кореяның атақты кейпоп тобы SHINee-дің мүшесі. Топта өнер көрсетіп қана қоймай 2014 жылдан бері жеке музыкасын шығарып келеді. Осыған дейін кейпоп фанатарының арасында хитке айналған бірнеше ән (Move, Criminal, Advice, Heaven, Guilty) мен әнжинақ (Ace, Move, Never Dance Again, тағы басқасы) шығарды. Бұл турда Тэмин жақында шыққан PHASE 1 : Soft Violence альбомын жарнамалақ. Одан бөлек, бұрыннан келе жатқан хиттерін шырқайды.
Бұл шоу әншінің LiMiNaL турының аясында өткізетін 18-концерті болмақ. Оның алдында айдол Оңтүстік Корея, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропада өнер көрсетеді. Алматыдағы концертінен кейін турын Тбилисиде жалғастырады.
Билеттер
Тэминнің концертіне кіретін билеттерді қазір Freedom SuperApp-тан ғана алуға болады. Олар 15 қыркүйекте сағат 15:00-де Ticketon сайтынан да сатыла бастайды. Кәдімгі билеттің ең арзаны 30 мың теңге тұрады, ал вип билетінің бағасы 120 мың теңгеден басталады.
