Логотип

АҚШ-тың турист визасын қалай алуға болады?

АҚШ-тың турист визасын қалай алуға болады?
Білген жөн 6 мин оқисыз
04.03.2022

АҚШ-тың турист визасын қалай алуға болады?

АҚШ визасын алу жөніндегі толық нұсқаулық

Материал жаңартылған күн: 22.11.2023

АҚШ визасының екі түрі бар: иммиграциялық емес (уақытша тұруға) және иммиграциялық (тұрақты тұруға). Иммиграциялық емес визаның бірнеше түрі бар: Р (спортшылар мен өнер өкілдеріне арналған), B-1 (іссапарға), J (алмастыру бағдарламасына), K-1 (ерлі-зайыптыларға арналған), M-1 (студенттерге) және B-2 (туризм мен ойын-сауыққа арналған). Осы мақалада туризм визасын қалай алуға болатын айтып береміз. 

Шарттар

B-1/B-2 визасын алуға өтінім берген кез келген адам — сол жақта қалып қоюы ықтималдығы көп адам. Сондықтан иммиграциялық емес виза аларда мерзім біткеннен кейін елден шығып кететіңізді дәлелдеуіңіз керек. 

Мыналарды дәлелдеуге тиіссіз:

  • АҚШ-қа қысқа мерзімге баратыныңызды, мысалы, іссапар я концертке;
  • белгілі бір мерзімге баратыныңызды;
  • Америкада тұруға, қыдыруға ақшаңыз барын;
  • тұрақты тұрып жатқан жеріңіз барын, өзге елде сізге байланысты себептер барын, сол себептердің арқасында АҚШ-тан қайтып кетеніңізді (мысалы, отбасы, мүлік, кәсіп).
B-1/B-2 визаларының мерзімі — үш жыл. Соның арқасында штаттарға шектеусіз кіре бересіз.

Керек құжаттардың тізімі

Іссапар я туризм визасына құжат өткізерде мыналарды апаруыңыз керек:

  • Ағылшынша толтырылған DS-160 форма. Ол туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Мұқият болыңыз: форманы толтырарда сапар, оқу/жұмыс, отбасы туралы ақпарат жазғанда құжат тапсырып жатқан қаланы көрсетуіңіз керек, егер сол жер мен виза алған жер бір болмаса, сұхбаттасуға шақырылмайсыз.
  •  Жарамды паспорт.

Ол АҚШ-тан қайтқан кейін әлі алты ай жарамды болуы керек. Мысалы, сәуір айында барсаңыз, паспорт қарашаға дейін жарамды болуы керек. Ішінде виза деген парақтардың бірі бос болуға тиіс. 

  • 5x5 сурет.

Сурет виза алуға өтінім берерден алты ай бұрын түсірілуі керек әрі арты аппақ болуы керек. Діндар болсаңыз, бас киім киіп түсуге болады, бірақ түріңізді жауып тұрмауы керек. Көзәйнек тағып түсуге болмайды. Фото шарттарға сай болмаса, анкетаны онсыз да толтыра бере аласыз. Сұхбаттасу кезеңіне өтсеңіз, соған фотоңызды алып барсаңыз болады.

  • Консулдық алымы — 185 доллар. Теңге беріп төлеу керек.
  • Консулдыққа сұхбаттасуға шақыру. Мына сілтемені басып жазылыңыз.

Құжат тапсырудың тәртібі

1-кезең

DS-160 формасын толтырыңыз.

Содан сізге әріпті-цирфлы штрихкод беріледі, оны сұхбаттасуға апаруыңыз керек.

Форманы интернеттен толтырасыз, кейін шығарып алып, сұхбаттасуға алып барасыз. Қолдан толтырған я машина жазған өтінім қабылданбайды. 

DS-160 формасын ағылшын тілінде толтыру — міндет, бірақ аты-жөніңізді ана тіліңізде жазасыз. Форманы ашып, толтырмай отырсаңыз, 20 минуттан кейін жабылады. Енгізілгендердің бәрі өшіп қалады. Өшіп қалмасын десеңіз, Save батырмасын басыңыз да, файлды компьютеріңізге көшіріп алыңыз.

Толтырып болғаннан кейін форманы шығарып аласыз да, сұхбатқа апарасыз. Көшірмесін поштаңызға жіберсеңіз болады.

2-кезең

Консулдық алымын төлеңіз.

B-1/B-2 визасының алымы 185 доллар. Ақысын онлайн я Халық банктің бөлімшесіне барып теңге беріп төлеу керек.

Алымды төлесеңіз, виза аласыз деген сөз емес. Сондықтан мына жүйеге тіркеліп, «Сұхбаттасуға жазылу» батырмасын басыңыз, оның алдында визаның түрі мен санатын таңдауыңыз керек. Cодан соң «Төлем» бөліміне өтіп, амалын таңдап, төлеуіңіз керек. Түбіртегін алып қойыңыз, сұхбаттасуға жазылғанда керек болады.

3-кезең

Енді АҚШ консулдығына я елшілігіне сұхбаттасуға жазыласыз. Ол үшін мына сілтемені басыңыз. Оған паспортыңыз бен консулдық алымын төлегеніңіз туралы түбіртектің нөмірі пен жаңа айтқан DS-160 формасының штрихкодын тересіз. 

Жазылу өте оңай: жұмыс тәртібіне қарайсыз, ыңғайлы күнді таңдайсыз да, растайсыз, кейін сол растайтын хатты принтерден шығарып аласыз. 

4-кезең

Сұхбаттасудан өтесіз.

Елшілікке я консулдыққа сұхбаттасуға шақыру хатын, DS-160 формасын толтырғаныңызды растайтын парақты, 5x5 сурет пен паспортыңызды апарыңыз.

Ондағылар сізден өзге құжаттарды сұрауы мүмкін: жұмысыңыз берген анықтаманы, банктің үзінді көшірмесін, мүлкіңіздің құжаты мен неке туралы куәлікті. Толық тізім төменде тұр.

Растайтын құжаттар

Растайтын құжаттар консулдық қызметкерлері сізге виза берер-бермесіне әсер етеді. Онда жұмыстағы жетістіктеріңіз, әлеуметтік және мәдени байланыстарыңыз, отбасылық жағдайыңыз, потенциалыңыз қаралады. Сондықтан қызметкерлер басқа құжаттар сұрауы мүмкін. Тек түпнұсқасын апарасыз. Көшірмесін электрондық поштаға жіберу я поштадан салып жіберу деген болмайды.

Қосымша құжаттардың тізімі:

  • сапарыңыздың мақсатын көрсететін құжат (мысалы, Coachella билеті я AI туралы семинардың билеті);
  • сапардың шығынын өтейтін ақша барыңыз туралы құжат;
  • шығыныңызды өтей алатын жағдайыңыз барын көрсететін құжат (мысалы, жұмыс орныңыз берген анықтама, онда лауазымыңыз жазылуы керек);
  • АҚШ-тан өзге елдегі мекенжайыңыз туралы құжат;
  • еліңізге ораларыңызға себеп болатын байланыстар туралы құжат;
  • бұрынғы сапарларыңыз туралы құжат (мысалы, визалар);

Студент аттестат, диплом апаруға, кәмелет жасына толған жұмысшылар кейінгі үш айды алған жалақысы туралы қағаз апаруға тиіс болуы мүмкін. Ал кәсіпкерлер бизнесі тіркелгені туралы және жалақысы жазылған құжат апаруға, ал туыстарын көруге бара жатқандар сол туыстарының гринкартасының көшірмесі, натурализация туралы құжатын апаруға міндетті болуы мүмкін.

АҚШ-қа бұрын барғандардан қазіргі иммиграция я виза статусын растайтын құжат сұрауы мүмкін.

Емге мұқтаждар тапсыратын құжаттар

Сапарыңыздың мақсаты — емделу болса, мына анықтамаларды көрсетуіңіз керек.

  • дәрігердің диагнозы мен науқас неге АҚШ-қа барып емделуі керек екені жазылған хат;
  • АҚШ-тағы дәрігердің я аурухананың науқасты емдеуге дайын екені, емнің ұзақтығы мен ақысы жазылған хат;
  • сапардың шығынын мойнына көтеретін тұлғалардың (заңды және жеке) қаржылық жауапкершілігі туралы өтінім. Жеке тұлғалар банктегі шоты туралы үзінді көшірме мен кірісі туралы басқа да анықтамалар тапсыруы керек.

АҚШ консулдығындағы сұхбат

Сұхбаттасуға 10-15 минут бұрын барыңыз. 1 сағат ерте барудың керегі жоқ, себебі сізді кезекке қарамай өткізе салмайды. Қатты кешіксеңіз, сұхбатты мүлдем болдырмай тастауы мүмкін.

Сұрақтар қазақша я орысша қойылады. Ағылшынша сөйлеу міндет емес. Сұхбатшы сапардың мақсатын сұрайды, Қазақстандағы жұмысыңыз бен отбасыңыз туралы сауал қояды. Оған иә не жоқ жауап бермеңіз, толық жауап беріңіз. Қойылған сұраққа ғана жауап бергеніңіз жақсы. Тақырыптан ауытқымаңыз.

Әр жауап бергенізде сұхбатшыға Қазақстанға оралатыныңызды айта берудің қажеті жоқ. Билетіңіз бен қонақүйіңіздің ақысы төленіп қойғанын айтып қысым жасаудың да керегі жоқ. Бәрібір виза беріліп-берілмесіне әсер етпейді. 

Паспорт беру

Консулдық виза береміз десе, паспортыңызды алып қалады да, мөр қойып береді. Оны 10 жұмыс күні ішінде алып кетуіңіз керек. 

Паспортты алу үшін VFS Global қызметкеріне жеке куәлігіңіз бен сұхбатқа шақыру хатын көрсетесіз. 

Үйге я жұмысыңызға алдырсаңыз болады я Астана немесе Алматыдағы бас кеңесіне барып алып кетіңіз. VFS Global кеңсесіне алдын ала жазылып кіре аласыз. 

Алматыдағы мекенжай: Тимирязев көшесі, 28В, 104-кеңес, «АЛАТАУ ГРАНД» бизнес орталығы.

Астанадағы мекенжай: Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, 111-кеңсе, «КАСКАД» бизнес орталығы.

АҚШ визасының Қазақстандағы құны қанша?

АҚШ визасын аларда 185 доллар консулдық алымын төлесеңіз болды. Валюта теңге болуға тиіс. Басқа ақы төлемейсіз.

АҚШ консулдығы сапардың ақысын виза алмай төлемеген дұрыс дейді. Төлеп қойсаңыз, кейін виза алмай қалсаңыз, консулдық бұл шығыңызға жауапты болмайды.

Түйін

АҚШ визасын алу ойлағаныңыздан әлдеқайда оңай. Бастысы — құжаттарды дұрыстап жинаңыз да, консулдық алымын төлеңіз. 

Осы визаны аламын десеңіз, біздің сайтқа өтіп, өтінім қалдырсаңыз болады. Freedom Travel (Авиата) визаға қатысты барлық мәселеңізді шешуге көмектеседі!

19

1

Автордың суреті
Арай Жауперова

,

Сізге қызық болып қалар:

Прогуляться по фьордам, увидеть водопад в океане и попробовать словенское вино

Прогуляться по фьордам, увидеть водопад в океане и попробовать словенское вино

Шенген визасын алу туралы қадам-қадамы жазылған нұсқаулық

Шенген визасын алу туралы қадам-қадамы жазылған нұсқаулық

Осы айдардан:

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Құжат жинау, бағасы мен мерзімі туралы бар ақпарат

Құжат жинау, бағасы мен мерзімі туралы бар ақпарат

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған