Индонезияның (Бали) бизнес визасын қалай алуға болады?
Керек құжаттар мен визаның ақысы
Бали — Индонезиядағы жұмақ арал. 2020 жылғы пандемияға дейін Қазақстан мен Индонезия бір-біріне визасыз ел болған еді, яғни Қазақстан азаматтары бұл елге 30 күнге визасыз бара алатын еді. 2023 жылы бұл режим аяқталды. Визаны олар шекарадан өткенде береді. Елде бұрынғыдай бір барғанда 30 күн жүруге болады. Бірақ жарты жылға барғыңыз келсе, тұру ыхтиярхатын я бизнес визасын алуыңыз керек. Бизнес визасын қалай алуға болатынын қазір айтып береміз.
Индонезияның бизнес визасының түрлері
Бизнес визасы мерзімі мен сапардың мақсатына қарай бөлінеді. Бұл виза ең кем дегенде 30 күнге беріледі, ал ары кеткенде 5 жылға беріледі.
Бизнес визасы елге неше рет кіріп шығуға рұқсат беретініне қарай бөлінеді.
Бір-ақ рет кіріп шығатын
Бір-ақ рет кіріп шығуға берілетін визаны алған адам Индонезияға тек бір рет барып келе алады. Ұзақ мерзімге берілсе де солай. Индонезияға кіргенде мерзіміңіз күйіп кетпесін десеңіз, елден шықпауыңыз керек.
Бірнеше рет кіріп шығатын
Көп реттік виза құжат неше күнге/жылға берілсе, сол уақыттың ішінде елге кіріп-шығып жүруге рұқсат береді.

Визаның сапардың мақсатына қарайтын түрлері
Бизнес визасы бұл елге не үшін бара жатқаныңызға қарай бөлінеді. Құжаттың түр-түрі бар: жұмысшы еместерге арналған, жұмыс визасы, инвесторға арналған, әртістерге арналған, теңізшілерге, студенттерге арналған. Виза түріне қарап қандай құжат тапсыратыныңыз белгілі болады.
211 бизнес визасы
211 визасы Индонезияда 180 күн жүруге рұқсат береді. Елшілік оны әуелі 60 күнге береді, кейін мерзімін төрт рет ұзартуға болады.
- Бұл виза бір реттік: елге тек бір рет кіруге рұқсат береді. Елден кеткенде күші жойылады.
- Тек туристерге беріледі. Бизнес визасын алған туристер Индонезияда кәсіп аша алмайды, жүргізе алмайды я жергілікті компанияда жұмыс істей алмайды.
- Виза онлайн беріледі: барлық құжатыңызды жүйеге саласыз, елшілікке барып мөр қойдырудың керегі жоқ.
- Визаның мерзімін Индонезиядаж жүріп ұзартуға болады.
Балиге виза алу үшін көрсететін құжаттар — жарамды паспорт пен суретіңіз. Бұрын вакцинация сертификаты да керек еді.
Құжаттарды сайттан тапсырасыз. Ақысы процестің мерзіміне байланысты болады: 14 күнде қарап берсін десеңіз, 4,5 миллион Индонезия рупиясын (131 мың теңге), жеті күнде қарап берсін десеңіз, 5,9 миллион рупия (180 мың теңге) төлеуіңіз керек.

212 бизнес визасы
212 визасы бір рет кіретін және көп рет кіретін деп бөлінеді. Оны алу үшін Индонезияның елшілігіне я консулдығына бару қажет. Бұл визаның арқасында елде 12 ай жүруге болады. Ал бір-ақ рет кіруге рұқсат беретіні тек 60 күн жүруге рұқсат береді. Кейін елден кетуіңіз керек.
212 визасын алғандар Индонезияда келіссөз жүргізе алады, келісімшартқа отыра алады, семинарларға рейми түрде қатыста алады, серіктес іздей алады, тіпті ол жақтан тауар экспорттай алады. Тек бір талабы — Индонезияда жұмысшы жалдауға я жұмысқа тұруға болмайды.
212 бизнес визасын алу үшін TELEX рұқсатын алуыңыз қажет. Ал оны алу үшін демеуші компания шақыру, SIUP, SKTU, TDP, NPWP, ACT NOTARY құжаттарының көшірмелері, реквизиттер мен нотариус қол қойған фирмалық бланк жіберуі керек.
Ал сіз паспорттың негізгі бетін, толтырған анкетаңыз, екі түсті сурет, Жакартада расталған TELEX рұқсаты мен виза алымын төлегеніңіз туралы түбіртекті жібересіз. Виза алымы — 3 миллион рупия (90 мың теңге).

Индонезияның жұмыс визасы
312 жұмыс визасы Индонезияда жұмысқа тұруға, банк шотын аштыруға, салық төлеп, көлік алуға рұқсат береді. Бұл виза Work KITAS деп аталады әрі бір компанияда бір лауазымда жұмыс істесеңіз ғана беріледі. Визаны алып, екі жұмыста істеуге я бірнеше лауазымға ие болуға болмайды. Визаны алу үшін сізді жұмысқа алған компания шақыру жіберуі керек. Сол шақыру визаңызға демеуші болады.
Жұмыс визасы екі ай, екі ай жарым дегенде дайын болады. Әуелі шетел жұмысшыларын тіркейтін сайтқа өтінім жіберіп, 1200 доллар салығын төлеп, жұмыс істеуге рұқсат алуыңыз керек. Кейін eVisa алып, ол визаны Индонезияға барғаннан кейін 30 күн ішінде тіркетуіңіз керек. Онда саусақ ізіңізді де тапсырасыз.
Құжаттардың мыналарын дайындауыңыз керек: паспорт, Индонезиядағы мекенжай, Banjar жергілікті өзін-өзі басқару органы жіберген хат, суретіңіз, жұмыс берген адам жіберген рекомендация хаты, дипломдарыңыздың көшірмелері, сақтандыру мен банктің үзінді-көшірмесі. Осылардың бәрін тіркетуге 12 миллион рупия (370 мың теңге) кетеді.

Инвесторларға арналған виза (Инвест КИТАС)
Инвесторларға арналған виза Индонезияға барып бизнесін дамытуға я сол елдің экономикасына инвестиция құятын адамдарға беріледі. Екі жылдан кейін Индонезияның тұру ықтиярхатын алуға болады. Айтпақшы, осы визаға ие болғандар Балиге барғанда бірден жылжымайтын мүлік ала алады.
Инвестор визасы көп рет кіруге болады деп беріледі әрі екі түрге бөлінеді. 313 индексті бір жылға, 314 индексті екі жылға беріледі. Біріншісін алғыңыз келсе, паспортыңыз 20 ай жарамды, ал 314 визасын алғыңыз келсе, 34 ай жарамды болуға тиіс. Визаны жасатуға 15 миллион рупия (460 мың теңге) жұмсауыңыз керек. Төрт жылдан кейін КИТАС визасы бар инвесторлар КИТАП тұру ықтиярхатын алуға өтінім бере алады. Бұл ыхтиярхат аралда 5-10 жыл тұруға рұқсат береді.
КИТАС алу үшін инвестор елдің экономикасына 1 миллиард индонезия рупиясын құюы керек, ал компаниясының капиталы кемі 10 миллиард рупия болуға тиіс.

Әртістерге арналған виза
Әртістерге арналған виза (әртіс КИТАС-ы) ойын-сауық индустриясының өкілдеріне беріледі. Олар: әнші, диджей, суретші, сиқыршы, шоумен, модель, режиссер, дизайнер және тағы басқасы. Әртістер қыдырып барғысы келсе, турист визасын алса жарайды. Бірақ ақша тапқысы келсе, әртіс КИТАС-ын алуы керек.
Мына құжаттарды тапсыруыңыз керек: өтінім, бір жыл жарамды паспорт, түйіндеме, Балидегі компаниямен жасасқан еңбек келісімшарты, фоны қызыл суретіңіз. Кейде шақырған компания жіберген шақыруы мен хаты керек болып қалуы мүмкін. Ақысы — 12,5 миллион рупия, мерзімі — төрт апта, виза алымы — 150 доллар.
Теңізшілерге арналған виза
Теңізші визасы халықаралық суда және Индонезияда жүзетін шетел кемелерінің экипажына беріледі. Индексі — 111. Индонезияның иммиграция туралы заңы мен елде жүруге рұқсат беру туралы бұйрығын, шетелден жұмысшы алу туралы бұйрығын оқып алыңыз.
Теңізшіге арналған визаны капитан, кеменің экипажы мен сонда жұмыс істейтін сарапшылар алады. Мерзімі — 6-12 ай. Стандарт құжаттармен бірге теңізші кітапшасын, транспорт эксплуатациясы мен шетел кемесін пайдалануға берілген рұқсатын көрсетуіңіз керек.

Визаның ұзақтығы
Индонезия визасының мерзімі сізге және қанша ақшаңыз барына байланысты: екі ай, жарты жыл, бір жыл, тіпті бес жыл. Әр визаның мерзімін жоғарыда талқыладық.
Индонезияның бизнес визасы кімге керек?
Қазір Балиге бір-айға бару үшін барғанда берілетін визаны алсаңыз болады. Оның атауы — (Visa on arrival, VOA). Аралға қыстауға барғыңыз келсе я көшкіңіз келсе, бизнес визасын ала беріңіз. Әрине, санаты сапарыңыздың мақсатына байланысты болады. Балиде жер алғыңыз келсе я бизнес ашқыңыз келсе, инверсторға арналған КИТАС визасын алыңыз. Ал өнер көрсетем десеңіз, әртіс визасын аласыз.
Индонезия визасын қалай алуға болады
Біз айтқан визалардың барлық дерлігін мына ресми сайттан алуға болады.
4
1