Логотип

2025 жылы испан визасын қалай алуға болады?

2025 жылы испан визасын қалай алуға болады?
Білген жөн 7 мин оқисыз
05.04.2023

2025 жылы испан визасын қалай алуға болады?

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

Материал жаңартылған күн: 06.11.2024

Испания — Оңтүстік Еуропада жатқан ел. Көбі ол жаққа Барселонада, Мадрид пен Севильяда демалу үшін барады. Әуе компаниялары қазір бұл елге арзан рейстер шығарып жатыр, сондықтан ол жаққа баратын кез келді. Бірақ ол үшін әуелі виза алу қажет. Қалай алуға болатынын қазір айтып береміз.

Испанияға барғысы келетін Қазақстан азаматтары виза алуға тиіс пе?

Иә, Испания визасын алуға тиіссіз. Шенген визасын я турист визасын аласыз.

Испанияның қандай визалары бар?

Испания Шенген аймағына жатады, сондықтан шенген визасын алу керек. Одан бөлек, турист, студент, қонақ я жұмыс визасын алуға болады. Әрбірін бөлек-бөлек талдап берейік.

Шенген визасы

Испания Шенген аймағына 1995 жылы қосылды. Демек, Испания аумағына басқа шенген елдерінен баруға болады деген сөз.

Шенген визасын бұл елде ұзақ жүрмесеңіз ғана я елге басқа елден кірсеңіз ғана алуға болады.

Айтпақшы, бұл визаға бірінші рет құжат тапсырғалы жатсаңыз, консулдыққа барып тапсырасыз. Өзіңіз барғаныңыз — міндет. Себебі 2014 жылдан бері шетелдіктер виза аларда биометрик деректерін өткізеді.

Турист визасы

Турист визасы — Испанияда қыдыруға рұқсат беретін арнайы құжат. Мұны алғандар тек Испанияға кіре алады. Мысалы, сіз Испанияның турист визасын алып, Италияға кіре алмайсыз. Ол үшін шенген визасын алуыңыз керек.

Бұл визаның атауы — VTL я Visado devalides territorial limitada.

Тағы да айтайық: Испанияның турист визасы Шенген визасы емес.

Қонақ визасы

Испанияның қонақ визасы сол елдегі туыс-досыңызды көру үшін я қоғамдық ұйымдар я мемлекет шақырғанда бару үшін керек болады. Мысалы, еріктілер бағдарламасына бармақ болсаңыз, қонақ визасын алуға болады.

Шақыруды тек Испанияның азаматы немесе резиденті жібере алады. Шақырған жақ біраз шығыныңызды өтейді: баспана береді, керек десе, медицина жағынан көмектеседі. Сондықтан қонақ визасын жасатарда барлық құжатты шақырған жақ жинайды.

Оқу визасы

Оқу визасын Испанияда оқығысы келетіндер алады. Оқу дегенге жазғы тіл мектептері, кәдімгі мектептер, университеттер мен колледждер жатады. Университетте біліктілігін арттыруға баратындар да осы санатқа жатады.

Оқу визасының үш түрі бар: қысқа мерзімді (90 күн), ұлттық (90-180 күн) және студент тұру ыхтиярхаты (180 аса күнге беріледі).

Жұмыс визасы

Жұмыс визасы Испанияда заңға сай жұмыс істеуге, тұруға рұқсат береді. Бір қызығы — бұл елде компания ашу үшін жұмыс визасын жасату міндет емес. Оны сіз турист визасын алсаңыз да аша аласыз. Жұмыс визасы ерікті болсаңыз да керек емес.

Бұл визаның да түрлері бар. А санатты виза бір маусым жұмыс істейтіндерге беріледі. Төрт ай, бір жыл және бес жылға берілетін визалар да бар.

Испанияның мультивизасы

Мультивиза елге белгілі бір уақытта емін-еркін кіруге рұқсат береді. Бірақ есіңізде болсын, Еуропа одағында бір жылда максимум 180 күн жүруге болады.

Испания (Шенген) мультивизасы ол елге және басқа Еуропа елдеріне баруға рұқсат береді. Тек бір шарт бар: Еуропа одағында өткізетін уақыттың көбін Испанияда өткізуіңіз керек әрі Шенген аймағына осы ел арқылы кіріп, шығуыңыз керек.

Мерзімі әртүрлі: үш жылға да, бес жылға беріледі. Көбіне бір жылға беріледі.

Диджитал номадтарға арналған виза

Digital Nomad visa (Испанияның цифрлық көшпеліге арналған визасы) — фрилансерлер мен қашықтан жұмыс істейтіндерге арналған виза. Құжат Испания аумағында бес жыл тұруға рұқсат беретін, салық төлеуден артықшылық беретін виза. Digital Nomad visa-ны отбасының барлық мүшесіне жасатуға болады.

Бірақ мұнда бірнеше шектеу бар: өтінім бергендер Еуропа одағының азаматтары болмауы керек, құқық бұзбаған болуы керек, жұмыс тәжірибесі барын дәлелдеп, Испаниядан басқа елде тіркелген компанияның жұмыскері болуы керек. Ал табысы 1 260 еуродан асуға тиіс. 

Испан визасын жасату кезеңдері

  1. 1

    Қандай виза керегін біліп алыңыз. Тек Испанияға барғыңыз келсе, қысқа мерзімді шенген визасын немесе турист визасын алғаныңыз абзал.

  2. 2

    Құжат тапсыруға жазылыңыз. Алдын ала жазылу тек онлайн жүреді.

  3. 3

    Анкетасын толтырыңыз. Қай визаның анкетасын толтырып жатқаныңызға мән беріңіз.

  4. 4

    Фотоға түсіңіз. Оған қандай талап қойылғанын біліңіз. Оны төменге жазып қойдық.

  5. 5

    Барлық құжатты жинаңыз. Агенттік көмегімен тапсырып жатсаңыз да, өзіңіз жинайсыз. Қандай құжаттар керегін төменге жазамыз.

  6. 6

    Оларды виза орталығына өткізіңіз, консулдық алымын төлеңіз де, биометрик деректеріңізді тапсырыңыз. 12-ге толмаған балалар тапсырмаса болады. Биометрик тапсыру — визаға бірінші рет құжат тапсырып жатсаңыз міндет. Кейін сізге тіркеу нөмірі беріледі. Оны жоғалтып алмаңыз.

  7. 7

    Өтінімнің статусын қадағалап отырыңыз. Виза соғылған паспортыңызды алып кетіңіз.

Испания визасын алу үшін қандай құжат тапсырамыз?

Қандай виза алатыныңызға байланысты. Виза орталығының ресми сайтында жазылып тұрады. Құжаттарды дұрыс жинай алмасаңыз, виза берілмей қалуы мүмкін. Көп жағдайда виза құжаттар дұрыс жиналмағандықтан берілмей жатады.

Визаңыз қандай да болса да мына құжаттарды жинауыңыз керек:

  • Ағылшын я испан тілінде толтырылған анкета. Анкетаны өзіңізге де, балаңызға да толтырасыз. Қалай толтыру керегін қазір көрсетеміз.
  • Ары кеткенде он жыл бұрын берілген паспорт. Ішінде екі бет бос болуы керек. Паспорт Испания визасының мерзімі аяқталғаннан кейін үш ай жарамды болуы керек. 
  • Қазақстанда тұрып жатқаныңызды дәлелдеу үшін мекенжай анықтамасын бересіз. Ағылшын тілінде болуы керек.
  • Кейінгі алты айда түсірілген екі фото. Оған қатысты талаптарды төменге жазамыз.
  • Қандай іспен айналысып жүргеніңізді дәлелдейтін құжат. Жұмыс я оқу орны берген анықтама, зейнеткер куәлігі. Жұмыс беретін анықтама фирмалық қағазға жазылуы керек. Ішінде орта жалақы, жетекшінің серия нөмірі, қолы мен мөрі тұруға тиіс.
  • Ақшаңыз жететінін дәлелдеуіңіз керек: банк берген анықтама (дебет картасынан я несие картасынан), кейде соңғы үш ай я алты айдың шоты сұралады. Картадағы қанша ақша болуы керегі Испанияда қанша күн жүретініңізге байланысты. Көбіне бір күнге адам басына 90-100 еуро.
  • Виза жасату және алу туралы өтінім;
  • Емге кетуі мүмкін 30 мың еуроны өтейтін медициналық сақтандыру.
  • Барып қайтатын билет;
  • Бес жылдан бері саяхаттап жүргендер төлейтін виза алымы төленгені туралы түбіртек.

Барлық дерлік виза түріне қосымша құжат жинау керек.

Испания визасының түріҚосымша анықтамалар
ҚонақШақырудың түпнұсқасы мен шақырған адамдар сізге туыс екені туралы дәлел (мысалы, туу туралы куәлік, неке куәлігі)
СтудентУниверситет берген шақыру, бір айға пәтер жалға алынғаны туралы келісімшарт, ата-ана демеу болатыны туралы хат пен сотталмағаныңыз туралы анықтама.
ЖұмысЖұмыс туралы келісімшарттың көшірмесі, сотталмағаныңыз туралы анықтама мен баспана брондалғаны туралы қағаз.

Испания визасының анкетасын толтыру ерекшеліктері

Анкетаны ағылшынша немесе испан тілінде толтыру керек. Баспа әріппен жазасыз. Ағылшынша анкетаға сілтеме — мынау, испаншасы — мынау.

Анкета стандарт: аты-жөніңізді, туған күніңіз бен жылыңызды, ұлтыңыз бен жынысыңызды, әлеуметтік жағдайыңызды (үйленген/күйеуге шыққан/жалғызбасты/ажырасқан), ЖСН, Шенген аймағындағы туыстарыңыз туралы ақпаратты (ол жақта туыстарыңыз бар болса), жұмысыңыз бар-жоғын, жұмыс беруші туралы ақпарат пен сапардың жоспарын жазасыз.

Бұл анкетаны мұқият толтыруыңыз керек.

 Испания визасына түсірілетін фотоға 2025 жылы қойылған талаптар

Шенген визасына фотоға түсерде мына талаптарды ескеруіңіз керек:

  • Өлшемі — 3,5×4,5 сантиметр, төртбұрышты;
  • Портрет анфас болуы керек. Камераға тіке қарауыңыз керек. Фотоның  70-80%-ы бетіңіз болуы керек. Басыңыз ортада тұруға тиіс. 
  • Фотоның артқы жағы көлеңкесіз әрі сызықсыз, ою-өрнексіз, ақ болуы керек. 
  • Фотоға ары кеткенде алты ай бұрын жасалуы керек.
  • Бас киімсіз, көзәйнексіз және үлкен әшекейсіз түсуіңіз керек. Көру көзәйнегін тағуға болады, бірақ оған медициналық анықтама керек. Түсті линза тағып түсуге болмайды.
  • Діни бас киім киіп түсуге рұқсат етілген.
  • Бұрыннан мұрт-сақалды болсаңыз, қырынбай түсуге болады.
  • Шашыңыз бетіңізді жауып тұрмауы керек.

Балаларға арналған талаптар

Бала визасына қатысты талаптар ересек визасына қатысты талаптар сияқты. Тек мына құжаттарды да қосасыз:

  • нотариус растаған туу туралы куәліктің көшірмесі;
  • бала Испанияға тек әкесімен/шешесімен бірге бара жатса, әкесінен/шешесінен рұқсат алуы керек;
  • бала жалғыз өзі бара жатса, әкесінен де, шешесінен де рұқсат алуы керек. Рұқсатқа нотариус қол қоюы керек. Рұқсатты сапарға алты айдан аз уақыт қалғанда алу керек.
  • визасы бар ата-ананың визаларының көшірмесі, билет броні мен ата-ананың басқа құжаттарының көшірмесі.

Визаға қалай өз бетіммен құжат тапсыра аламын?

Қай күні баратыныңызды анықтап алыңыз, анықтамаларды жинап, анкетаны толтырыңыз да, виза орталығына жазылыңыз.

Freedom Travel (Авиата)-дан кеңес: өз бетімен құжат тапсыру қиын я қорқынышты шаруа емес. Бастысы — бәрін дұрыс жинасаңыз, алымды өтеп, анкетаны толтырсаңыз болды.

Виза орталығына кешігіп қалмаңыз, қызметкерлерге дөрекілік танытпаңыз. Құжаттарды тапсырып, консулдықтың шешімін күтіңіз.

Испания визасының құны

Испания визасын жасатарда консулдық және қызмет ақысын төлейсіз. 

12-ден асқандарға консулдық алымы — 49 375 теңге, қызмет ақысы — 9 272 теңге. 6-11 жасарларға консулдық алымы — 24 688 теңге, сервис алымы — 9 272 теңге. Алтыға толмағандар алым төлемейді. Ақысын қолма-қол (теңге) төлейсіз. Нақты бағаны елшіліктің сайтынан көре аласыз.

Виза берілуіне қанша күн кетеді және мерзімі қандай болады?

Испания визасын сапарға алты ай қалғанда жасата беруге болады. Астанада өтініміңізді қарауға 8 жұмыс күні, Алматыда 11 жұмыс күні кетеді.

Есіңізде болсын: өтінімдер жұмыс күндері қаралады. Демалыс және мекере күндері жабық болады.

Қарауға кететін мерзім құжаттарды қалай жинағаңызға, анкетаны қалай толтырғаныңызға қарай ұзарып кетуі мүмкін. Виза дайын, дайын емесін мына сілтемеден көре аласыз.

Қазақстанда испан визасын қайдан жасатуға болады?

Испания виза орталығының Астанадағы мекенжайы — Бейбітшілік көшесі, 14, «Марден» бизнес орталығы, 404-кеңсе. Алматыда тұрған жері — Сейфуллин, 498, «Алтын Заман» бизнес орталығы, 305-кеңсе.

Құжат қабылдайтын уақыт: 09:00-13:30, дүйсенбі-жұма. Паспорт беретін уақыт: 15:00-17:00.

Испания визасы қандай себеппен берілмеуі мүмкін?

Испания визасы берілмегенде паспортқа оған не түрткі болғанын көрсететін мөр қойылады. Көбіне ол латын әріптері (виза типі) мен цифрлар (себебі).

Виза мына себептерге қарай берілмеуі мүмкін.

  • С1 — анықтамалар мен үзінді көшірмелер дұрыс жиналмаған;
  • С2 — консулдық қызметкерлерінде сұрақ туды. Сұхбаттасудан өтуіңіз керек болуы мүмкін. 
  • С3 — қосымша құжаттар керек.
  • С4 — құжаттардан я анкетадан өрескел қате табылды.

Паспортыңызды бірінші үш себеп жазылса, қателерді түзеп, визаға қайта тапсырсаңыз болады, ал төртінші себеп жазылса, ертесі күні апелляцияға өтінім жазыңыз.

10

1

,

Сізге қызық болып қалар:

Шенген визасын алу туралы қадам-қадамы жазылған нұсқаулық

Шенген визасын алу туралы қадам-қадамы жазылған нұсқаулық

Для учебы, лечения и просто туризма

Для учебы, лечения и просто туризма

Құжат жинау, бағасы мен мерзімі туралы бар ақпарат

Құжат жинау, бағасы мен мерзімі туралы бар ақпарат

Осы айдардан:

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Калькулятор мен екі бет қағаз шығарамыз

Калькулятор мен екі бет қағаз шығарамыз

АҚШ-тың студенттерге арналған визасын қалай алуға болады?

АҚШ-тың студенттерге арналған визасын қалай алуға болады?