Кәріс визасын қалай алуға болады?
Кореяда оқимын, емделемін я жұмыс істеймін дегендерге арналған нұсқаулық
2022 жылғы 1 сәуірден бері Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяға виза алмай бара алады. Бірақ бұл елде ары кеткенде 30 күн визасыз жүруге болады.
Виза керек десеңіз, оған қандай құжаттар тапсыру керегін осы мақалада айтып береміз.
C-3-4 визасы (бизнес визасы)
Кореядан тауар алатындарға арналған виза. Мысалы, киім, техника я көлік алатындарға.
Қандай құжаттар керек?
1
Корея нотариусы растаған шақыру (түпнұсқа);
2
шақырған жақтың бизнесі тіркелгені туралы сертификаттың көшірмесі (сertificate for business registration, 사업자등록증);
3
шақырған жақтың салығы төленгені туралы сертификаттың көшірмесі (tax payment fact certificate, 납세 사실 증명서);
4
шақырған жақпен жасасқан сауда я серіктестік туралы келісімшарт;
5
жұмыс орныңыз берген анықтама;
6
паспорт (түпнұсқа);
7
консулдық алымы (40 доллар);
8
Бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
9
Виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек);
10
Шотыңыздың кейінгі 6 айдағы үзінді көшірмесі + анықтамасы; Үзінді көшірме я анықтама басқа тұлғаның атына жазылса, екеуіңіз ағайын екеніңізді дәлелдейтін құжат керек.
C-3-1 визасы (іссапар визасы)
Кореяға келісімшартқа отыруға, келіссөз жүргізуге, конференция мен көрмеге қатысуға баратындарға арналған виза.
Қандай құжаттар керек?
1
Корея нотариусы растаған шақыру (түпнұсқа);
2
Шақырған жақтың бизнесі тіркелгені туралы сертификаттың көшірмесі (сertificate for business registration, 사업자등록증);
3
Шақырған жақтың салығы төленгені туралы сертификаттың көшірмесі (tax payment fact certificate, 납세 사실 증명서);
4
жұмыс орныңыз берген анықтама;
5
паспорт (түпнұсқа);
6
консулдық алымы (40 доллар);
7
Бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
8
Виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек);
9
Шотыңыздың кейінгі 6 айдағы үзінді көшірмесі + анықтамасы; Үзінді көшірме я анықтама басқа тұлғаның атына жазылса, екеуіңіз ағайын екеніңізді дәлелдейтін құжат керек.

C-3-3 визасы (емделуге арналған виза)
Қандай құжаттар керек?
1
медициналық мекеменің шақыру хаты;
2
шақырған емхананың бизнесі тіркелгені туралы сертификаттың көшірмесі (сertificate for business registration, 사업자등록증 );
3
дәрігерге жазылғаныңызды я емделетініңізді дәлелдейтін құжат;
4
емхана шетелден келген науқастарды емдеуге арналғанын дәлелдейтін куәлік;
5
жергілікті емхананың дәрігерінің және кәріс емханасында істейтін дәрігердің диагнозы мен сарапшы пікірі (진단서 및 소견서);
6
жұмыс орны берген жалақыңыз көрсетілген анықтама;
7
паспорт (түпнұсқа);
8
консулдық алымы (40 доллар);
9
Бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
10
Виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек);
11
Шотыңыздың кейінгі 6 айдағы үзінді көшірмесі + анықтамасы (шотта кемі 3000 доллар болуы керек); Үзінді көшірме я анықтама басқа тұлғаның атына жазылса, ағайын екеніңізді дәлелдейтін құжат керек.
D2, D4 визасы (оқу визасы)
Қандай құжаттар керек?
1
шақыру/түскеніңіз туралы сертификаттың түпнұсқасы (certificate of admission)
2
шақырған университеттің бизнесі тіркелгені туралы сертификаттың көшірмесі (сertificate for business registration, 사업자등록증);
3
жұмыс орны берген анықтама, орта біліміңіз бары туралы аттестат (аттестатқа апостиль қою керек);
4
әкенің я ананың жұмыс орны берген жалақысы жазылған анықтама (ата-ана гарант болса);
5
паспорт (түпнұсқа);
6
бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
7
консулдық алымы — 90 күнге жетпесе 40 доллар, 90 күннен асса 60 доллар;
8
виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек);
9
шоттың үзінді көшірмесі + шот туралы анықтамасы.
Мына университеттердің біріне түскендер 2-, 3-, 4-, 9-пунктілерді өткізе салса болады:
강릉원주대, 국민대, 목원대, 서울여자대, 성신여자대, 순천향대, 숭실대, 창원대, 한국과학기술원, 홍익대, 세한대, 포항공과대, 가톨릭대, 고려대, 단국대, 대전대, 명지대, 서강대, 서울시립대, 연세대(미래), 전북대, 한양대(ERICA), 우송정보대, 경복대, 서울외국어대학원대학교, 과학기술연합대학원대, 한국개발연구원국제정책대학원대.
Шотта қанша ақша болуы керек:
- Алты ай кәріс тілін үйрену үшін баратындардың шотында 10 мың доллар болуы керек;
- Сеуіл мен Кёнгидоға бакалавриат/ магистратураға түскен студенттердің 20 мың доллары болуы керек;
- Басқа қалалар мен аймақтарға түскендердің 18 мың доллары болуы керек;
- D4 визасын алуға құжат тапсыратын студенттер банктен кейінгі 6 айдың үзінді көшірмесін алуы керек;
- D2 визасын алуға құжат тапсыратын студенттер банктен кейінгі жылдың үзінді көшірмесін алуы керек.

C-3 визасы (транзит визасы)
Корея арқылы басқа елге ұшатын адамдарға арналған виза. Жапонияға (я АҚШ, я Канада, я Аустралияға) бара жатсаңыз, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары Кореяға 30 күнге визасыз кіре алады, бастысы — екі жақтың билеті болса болды.
Мысал: Алматы — Сеуіл — Токио — Сеул — Алматы. Мұндайда виза алмай-ақ қойсаңыз болады.
Алматы — Владивосток — Сеуіл — Сидней. Бұл жағдайда виза алуыңыз керек, себебі Сеуілге Қазақстаннан емес, Ресейден барасыз, сондықтан кәріс визасын алуыңыз керек.
Қандай құжаттар керек?
1
екі жақтың билеті;
2
сіз бара жатқан елдің визасының көшірмесі;
3
паспорт;
4
консулдық алымы (40 доллар);
5
бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
6
виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек).
F1 визасы (отбасы визасы)
Оңтүстік Кореяда туғаны (жұбайы, кәмелет жасына толмаған баласы) барлар ала алатын виза.
Қандай құжаттар керек?
1
виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек);
2
консулдық алымы 40 доллар (H2), 60 доллар (F4);
3
бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
4
паспорт (түпнұсқа);
5
F4 визасы мен паспорттың көшірмесі;
6
Alien Card-тың көшірмесі (жақсы сапалы);
7
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (түпнұсқа+көшірме);
8
неке туралы куәлік (түпнұсқа+көшірме);
9
мекенжай анықтамасы.
C-3-1 визасы (қонақ визасы)
Қандай құжаттар керек?
1
шақырудың түпнұсқасы;
2
шақырған адамның ID card / Alien registration card-ы мен паспортының көшірмесі;
3
шақырған адамның салығы төленгені туралы сертификаттың көшірмесі (tax payment fact certificate, 납세 사실 증명서);
4
бір 3.5 х 4.5 түсті фото;
5
оқу орны берген анықтама, жұмыс орны берген жалақыңыз көрсетілген анықтама;
6
паспорт (түпнұсқа);
7
консулдық алымы (40 доллар);
8
виза алу туралы анкета (ағылшын тілінде толтыру керек);
9
ұшақ билеттерінің көшірмесі (брондалған әрі мөр қойылған билеттерді көрсетсеңіз болады).
10
шотыңыздың кейінгі 6 айдағы үзінді көшірмесі + анықтамасы (шотта кемі 3000 доллар болуы керек); Үзінді көшірме я анықтама басқа тұлғаның атына жазылса, ағайын екеніңізді дәлелдейтін құжат керек.
Құжат тапсыруға қатысты ережелер:
1
Виза құжат тапсыратындар Egov-тан мекенжай анықтамасын алуы керек. Шығарып аласыз да, басқа құжаттардың қасына қосасыз. Анықтамадағы мекенжайда кемі алты ай тұруыңыз керек.
2
Ұзақ мерзімді виза алғысы келетіндер флюорографиядан өтіп, суреті мен дәрігердің қорытындысын алуы керек. Балалар өте алмайды, сондықтан педиатрдан денсаулығы туралы анықтама алуға тиіс.
3
Консулдық алымын доллар беріп төлейсіз, артық төлесеңіз, қалған сома қайтарылмайды, доллар жақсы сапалы болуы керек (таза, жыртылмаған);
4
Елшілік виза алмай тұрып ұшақ билетін алыңыз деп талап етпейді. Оның бар-жоғы виза туралы шешім шығару мерзіміне әсер етпейді;
5
Корея елшілігіне Қазақстанның оңтүстік аймақтарының тұрғындарынан басқа азаматтары бара алады. Оңтүстіктің (Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы мен Шымкент) тұрғындары Алматыдағы бас консулдыққа барады.
6
Өзге елдің, мысалы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей мен Украинаның азаматтары кейінгі үш айда Қазақстанға келмегенін дәлелдейтін анықтама апаруы керек. Оны шекара қызметі береді.
7
Қайталатын құжаттардың бәріне тиісті органдардан архив анықтамаларын алу керек.
Корея визасын аламын десеңіз, біздің сайтқа өтіп, өтінім қалдырсаңыз болады. Freedom Travel (Авиата) визаға қатысты барлық мәселеңізді шешуге көмектеседі!
8
0