Логотип

Қазақстан азаматтары 2025 жылы виза алмай бара алатын елдер

Қазақстан азаматтары 2025 жылы виза алмай бара алатын елдер
Білген жөн 4 мин оқисыз
16.01.2022

Қазақстан азаматтары 2025 жылы виза алмай бара алатын елдер

Қайда визасыз баруға болады?

Материал жаңартылған күн: 28.02.2025

2025 жылы Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдердің саны 82-ден асты. Еліміздің сыртқы істер министрлігінің сайтында виза сұрамайтын елдердің тізімі жарияланған. Осы мақалада қай елге виза алмай баруға болатынын айтып береміз.

Бұл тізім уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Сондықтан шетелге шығар алдында виза керек, керек емесін біліп алыңыз.

2025 жылы виза жасатпай баруға болатын елдер (және максимум неше күнге бара аласыз)

Виза сұрамайтын елдерВиза туралы ақпарат
Грузия365 күн визасыз жүре аласыз.
Армения, Сент Винсент және Гренадин180 күн визасыз
Албания, Андорра, Хаити, Колумбия, Тәжікстан, Ресей, Түркия (180 күн ішіндегі 90 күн), Украина, Молдова, Моңғолия90 күн визасыз
Аргентина, Беларусь, Бразилия, Вьетнам, Қатар, Қытай, Малайзия, Мальдив, Марокко, Оңтүстік Корея, Сербия, Өзбекстан, Филиппин, Экуадор, Никарагуа, БАӘ (Біріккен Араб әмірліктері), Сейшел аралдары, Қырғызстан, Әзербайжан, Тунис, Сан-Марино, Сербия, 30 күн визасыз
Тайланд60 күн визасыз
ЧерногорияКурорт маусымында 30 күн визасыз жүруге болады
Барбадос28 күн визасыз
Хоңкоң, Оман14 күн визасыз
Түркіменстан5 күн визасыз (тек Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары)
Оңтүстік Кореяда 28 күн визасыз жүруге болады, бірақ сіз әуелі K-ETA-ға құжат тапсырып, рұқсат алуыңыз керек. Өтінімді k-eta.go.kr сайтынан я мобайл қолданбасынан беруіңіз керек. Бір рұқсаттың құны — 10 мың уон (шамамен 3 600 теңге). К-ЕТА рұсаты берілмесе, визаға өтінім беріп көріңіз.

Черногорияның визасыз режим дегені былай: визаны жазда барғанда 30 күнге 1 еуро төлеп алуға болады. 2025 жылы жазғы маусым 1 наурызда басталып, 1 қарашада аяқталады.

Қазақстан мен Тайланд та тұрақты визасыз режим туралы келісімге қол қойды. Бұрын Тайландтың визасын әуежайына барып алуға болатын еді. Ақысы 2200 тай баты (28 838 теңге) болатын.

Айтпақшы, Атырау мен Маңғыстау облысының тұрғындары Түркіменстанға 5 күнге виза алмай бара алады. 

2024 жылы Қазақстан азаматтарынан виза сұрамайтын елдердің қатарына Марокко да (1 қыркүйектен бері) қосылған-ды. Бірақ визасыз режим қашан басталары белгісіз. 

Виза сұрамайтын елдерде кестеде көрсетілген уақыттан артық жүргім келеді десеңіз, туризм визасын я басқа виза жасатуыңыз керек. Себебі визасыз режимнің мерзімін ұзартуға болмайды.

Визасын әуежайда беретін елдер

Кей елде Қазақстан азаматтары визаны шекарадан өтерде ғана ала алады.

Жаныңызда мынандай құжаттар болуы керек: 

  • кемінде алты ай жарамды паспорт;
  • екі жақтың билеті;
  • паспорт форматына сай келетін екі фото (өлшемі баратын елге қарай өзгереді);
  • консулдық және сервис алымын төлейтін ақша (ақысы әртүрлі);
  • қосымша анықтамалар мен хаттар. Мысалы, сақтандыру я шақыру туралы хат.

Керек құжаттардың тізімі өзгеріп отыруы мүмкін, сондықтан нақтысын ресми сайттардан қараңыз.

Визасын шекарадан өтерде беретін елдерМаксимум мерзімі мен ақысы
Бангладеш30 күн, 70$
БоливияАқысы — 100$
Шығыс Тимор30 күн, 30$
ГренадаАқысы — 100$
Доминикана республикасы60 күн, 30$
Мысыр30 күн, ақысы — 25$. Қазақстан азаматтары Шарм-әл-Шейх қаласына 15 күнге визасыз бара алады, басты шарт — қаладан шықпау керек.
Замбия30 күні, 50$
Иордания90 күн, 40 иордан динары ( 29 мың теңге)
Кабо-Верде30 күн, 30$
Камбоджа30 күн, 20$. Электрондық виза да алуға болады.
Комор аралдары30 күн, ақысы белгісіз
Лаос30 күн, Вьентьян, Луаң-Прабаң, Пэйкс, ақысы — 30$
Маврикий60 күн, 17$
Мадагаскар90 күн, 90$
Макао30 күн, 25$
Мозамбик30 күн, 25$
Непал90 күн, 100$
Никарагуа90 күн, ақысы белгісіз
Палау30 күн, 130$
Сомали30 күн, 60$
Того7 күн, 70$
Тувалу30 күн, ақысы белгісіз
Уганда90 күн, 100$
Шри-Ланка30 күн, 40$. Электрондық виза да жасатуға болады.
ЖамайкаАқысы — 100$
ИндонезияАқысы — 36$. Электрондық виза да алуға болады.
Намибия2025 жылғы 1 сәуірден бастап барғанда берілетін виза алу керек. Ақысы — 32$.

Электрондық виза беретін елдер

Электрондық виза беретін елдерМаксимум мерзімі мен ақысы
БахрейнКөп дегенде 30 күнге беріледі, ақысы — 117$.
Бенин30 күн, 128,3$.
Габон30 күн, 25$ (шілде-мамыр), 10$ (сәуір-маусым).
Гуинея-Бисау90 күн, 70$.
Жибути30 күн, 23$.
Үндістан365 күн, 40$.
Камбоджа30 күн, 36$.
ПәкістанЭлектрондық визаны ресми сайттан жасату керек. Кәдімгі виза берілмейді.
Сауд Арабиясы90 күн, 123$.
Сингапур30 күн, 30 сингапур доллары (11 мың теңге).
Уганда90 күн, 51,5$.
Эфиопия30 күн, 52$.
Бахама аралдары90 күн, 100$. 
Шри-Ланка30 күн, 35$.
Намибия 90 күн, 32$.

Қазақстан азаматтарына визасыз транзит ұсынатын елдер

Қазақстан азаматтары визасыз транзит ұсынатын елдерден визасыз режим біткенше шығып кетуі керек. Туристер әдетте транзит аймағынан я әуежайдан шықпауы керек. Десе де, кейбір ел әуежайдан шығып, қаланы аралауға рұқсат етеді. Сондықтан елшіліктен визасыз режим туралы ақпаратты нақтылап алғаныңыз жөн.

Қазақстан азаматтарына визасыз транзит беретін елдер:

Мына елдерде де Қазақстан азаматтары виза көрсетпей ұшақ ауыстыра алады:

  • Белиз;
  • Босния және Герцеговина;
  • Гуатемала;
  • Хондурас;
  • Мексика;
  • Панама;
  • Румыния;
  • Сальвадор.

2025 жылы қай елдің теңізіне виза алмай баруға болады?

Қай елдің теңізін виза алмай көруге болатынын айтып берейік. 

АлбанияАргентинаБарбадосМалайзия
БразилияГрузияКолумбияБАӘ
МальдивПалауСейшел аралдарыТүркия
ОманФилиппинЧерногорияЭкуадор

Түйін

Виза жасатпай баруға болатын елдер көп. Нақты ақпаратты барар алдында елшілік сайтынан анықтап алыңыз.

А вы уже бывали в одной из безвизовых стран?

64

10

Автордың суреті
Арай Жауперова

,

Сізге қызық болып қалар:

Как для вакцинированных, так и для непривитых путешественников

Как для вакцинированных, так и для непривитых путешественников

АҚШ визасын алу жөніндегі толық нұсқаулық

АҚШ визасын алу жөніндегі толық нұсқаулық

Инструкция для тех, кто летит в Европу

Инструкция для тех, кто летит в Европу

Осы айдардан:

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Қытайда 30 күннен артық жүремін десеңіз...

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Турист, қонақ, оқу, жұмыс, іссапар визасы

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Тапсыратын құжаттар, визаның құны мен мерзімі

Құжат жинау, бағасы мен мерзімі туралы бар ақпарат

Құжат жинау, бағасы мен мерзімі туралы бар ақпарат

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған

Испанияда демалғысы, оқығысы келетіндерге арналған