Логотип

Әр турист жеп көруі керек кәрістің 12 ұлттық тағамы

Әр турист жеп көруі керек кәрістің 12 ұлттық тағамы
Топтама 8 мин оқисыз
03.02.2023

Әр турист жеп көруі керек кәрістің 12 ұлттық тағамы

Кимпабтан басқа

Оңтүстік Корея — Қазақстан азаматтары көп баратын ел. Мысалы, 2022 жылы Freedom Travel (Авиата)-дан Кореяға 3 770 билет алынған. 

Неге десеңіз, жұртқа Кореяның мәдениеті, сәулеті мен әрине тамағы қызық. Дәмдеуіштер, ерекше дәмдер мен күріш араласқан тағам кімді болса да еліктіреді. Сізге жеп көруіңіз керек кәріс тағамдарын осы жерге тізіп бердік. Оны Кореяға барып та, Қазақстанда отырып та жей аласыз.

Кимчи

Кимчи — кәріс халқының атақты тағамы. Дәмхана иелері келген туристерден әуелі осы тағамды жеп көргенсіз бе деп сұрайды.

Кимчи орамжапырақтан жасалады: кәрістер оны ашытып, пияз суын, бұрыш (міндетті түрде ең ащысын әрі қызылын), зімбір мен сарымсақ қосады.

Құрамы

Кимчиге Бейжің орамжапырағы, тұз, сарымсақ, зімбір, қызыл ұнтақталған бұрыш, азғантай сәбіз, көк пияз бен су.

Дайындау әдісі

Орамжапырақты төртке бөлесіз де, сабағын кесіп тастайсыз. Әр бөлігін 5 сантиметр тілім қылып турайсыз. Үстінен тұз салып, суға малып қоясыз. Екі сағат өткеннен кейін жуып, кептіресіз.

Ұнтақ ингредиенттерді сумен араластырып, орамжапыраққа саласыз. Кейін туралған пияз, сәбіз бен көк пияз қосасыз. Енді бәрін дұрыстап араластырасыз. Қолғап киіп алғаныңыз жақсы.

Кимчиді бір литрлік банкаға саласыз да, аузын жауып, тас қараңғы бөлмеге апарып қоясыз. Кем дегенде бір күн тұрсын.

Ким тиге — ащы рагу

Кимчи тиге, кимчи чиге — кимчи мен шошқа еті қосылған ащы рагу. Шошқа етін жемеймін десеңіз, басқа ет салсаңыз болады. Керек десеңіз, ет салмай-ақ қойыңыз.

Құрамы

Кимчи чигеге кимчи, бір стақан кимчи суы, тауық я сиыр сорпасы, шошқа еті (басқа ет), пияз (көк және кәдімгі), бұрыш пастасы, кочучжан, тұз, қант, ұнтақталған қызыл бұрыш пен күнжіт майы керек.

Дайындау әдісі

Кимчиді, кәдімгі және көк пиязды ірілеп, ал етті майдалап турайсыз. Бәрін бұқтырып аласыз да, отын азайтып, ет піскенше қайнатасыз.

Кимпаб — кәріс орамасы

Кимпаб — ішіне түрлі салма салынатын кәріс ролдары. Кимчи, ашыған орамжапырақ, омлет пен теңіз өнімдерін қосып беруге болады. Кимпаб Кореяда бөлек тағам ретінде де, тіске басар ретінде де беріледі. 

Құрамы

Кимпабқа күріш, нори жапырақтары мен салма керек. Салма дегеніміз — ет, шұжық, краб таяқшалары, жұмыртқа, көкөніс, күнжіт майы мен қуыруға арналған май.

Дайындау тәсілі

Күрішті суға салып пісіріп аласыз. Ал салмасын ұзындап турайсыз. Ет салғыңыз келсе, майға қуырып алыңыз. Жұмыртқа қоссаңыз, омлет қылып қосыңыз, турағанда оңай болады.

Күрішке күнжіт майын қосыңыз. Жапырақтарды бамбук өрмесіне салып, үстіне күрішті жайыңыз. Ал оның үстінен салманы салыңыз. Жапырақтардың шетін сулаңыз да, ролл қылып ораңыз. Кейін мұқият турап, тәрелкеге салыңыз.

Қышқыл-тәтті тұздыққа малынған ащы тауық

Бұл — классикалық кәріс тағамы, кез келген дәмханада сатылады десек артық айтпаймыз. Тауықтың қасына панчан (көкөністер) мен алкоголь беріледі. Ащы тауық пен сыра комбосы чимэк деп аталады. Ондағы тауықтың кляры қалың, сырты қытырлақ болады.

Құрамы

Құс сирағы я қанаты, бидай ұны, крахмал (я жабысқақ күріш), жұмыртқа, сода, тұз бен ұнтақталған бұрыш. Тұздыққа кочужан, қант я бал, сарымсақ, кетчуп пен алма сірке суы керек.

Дайындау әдісі

Жұмыртқаға крахмал, ұн, тұздық пен дәмдеуіштерді қосып араластырыңыз. Су немесе май құйсаңыз да болады. Тауықты бір-бірлеп қамырға батырып, табаға салып қуырасыз. Піскен тауықты қағаз майлықтың үстіне қойыңыз, майы сорықсын. Дайын тауықтың қасына панчан, күріш қойып жеуге болады.

Пибимпап — көкөніс пен ет қосылған күріш

Пибимпап — әдемі ұсынылатын екінші тағам. Піскен күріштің үстіне бірнеше қабат салат, омлет, ет пен көкөністер салынады. Бәрін салып болғаннан кейін араластырып жей бересіз. Пибимпапты салқындай да, ыстықтай да жеуге болады.

Құрамы

Сиыр еті, күріш, жұмыртқа, қияр, сәбіз, шпинат, шиитаки саңырауқұлақтары, пияз, сарымсақ, май, кочхучжан тұздығы, күнжіт дәндері, соя соусы мен алма сірке суы.

Способ приготовления

Күрішті пісіріп алыңыз, бірақ қатты қайнап кетпесіз, сондықтан суын аз құйыңыз. Етті тілім-тілім қылып турап, соя тұздығын, қант пен сарымсақ қосыңыз. Кейін табаға қуырып аласыз.

Көкөніс салатқа қияр мен сәбізді ұсақ-ұсақ әрі ұзын қылып турайсыз. Шпинатты ыстық суға салып, ал саңырауқұлақ пен сәбізді қуырып аласыз. Жұмыртқаны жартылай қуырасыз, яғни сарысы шікилеу болуы керек. Тамақты ыдысқа рет-ретімен салған – міндет. Әуелі күрішін, сосын еті мен салатын саласыз, үстінен соя соусын құясыз да, жұмыртқа саласыз.

Кәлби

Кәлби — сиыр қабыртқасынан жасалған тамақ. Оның сорпасын кәлбитан дейді. Кәлбиді кәрістер көбіне мереке қарсаңында я ауырып қалғанда пісіреді. Сорпасы туралы толығырақ айтып берейік.

Құрамы

Сиырдың қабыртқасы, ким жапырақтары, дайкон шалғамы, зімбір, пияз, көк пияз, дәмдеуіштер, кочужан, су мен күріш шарасы (немесе саке).

Дайындау әдісі

Әуелі көкөністерді әзірлеп алыңыз. Кимді ұсақтап тураңыз. Дайконды екіге бөліңіз. Пияз бен сарымсақты тек аршып қойыңыз да, көк пиязды үлкен қылып тураңыз. Зімбірді ұсақтап турағаныңыз дұрыс.

Қабыртқаны қазанға салып бір қайнатып алыңыз. Кейін күріш шарабын құйып, бес минут қайнатыңыз. Қабыртқаны алып, басқа қазанға салыңыз. Үстінен су құйыңыз да, ким жапырақтары мен дайконды салып, тағы бір қайнатып алыңыз. Отын жайлатып, бір сағат тағы қайнатасыз. Кейін пияз, сарымсақ, зімбір, дәмдеуіштер мен соя соусын салыңыз.

Токпокки — ащы күріш шұжықтар

Токпокки — түрлі соусқа салып беретін күріш шұжықтар. Кәрістер токпоккиді қатты ащы қылып пісіреді. Кейде басқа тағамдармен араластырып береді, мысалы, кимчи я ірімшікпен.

Құрамы

Бас ингредиенті — күріш шұжықтар (ток). Арнайы дүкендерде сатылады. Одан бөлек кочужан тұздығы, ұнтақталған бұрыш, пияз бен сарымсақ керек. Қалғанын дәміне қарай қоса бересіз.

Дайындау әдісі

Токты бұрыш пен дәмдеуіш қосып бұқтырып алыңыз да, қалған ингредиенттерді қосыңыз. Мысалы, сорпаға ет, кимчи немесе ірімшік қосып салып бұқтырып алсаңыз болады.

Пулькоги

Пульгоги — ашық отқа пісетін маринадталған сиыр еті.

Құрамы

Сиыр еті, күнжіт майы, сарымсақ, алмұрт шырыны, ақ шарап, ұнтақталған бұрыш, дәміне қарай тұз, қант қажет.

Дайындау әдісі

Таза етті тілімдеп тураңыз. Үстінен бұрыш сеуіп, алмұрт шырыны мен ақ шарап қосылған маринадты қосасыз. Кейін соя соусы мен күнжіт майын, сарымсақ пен қант қосасыз. Болғаннан кейін етті тоңазытқышқа саласыз да, біраз уақыт өткен соң грильге пісіресіз.

Хе

Хе — маринадталған шикі балық еті немесе мал еті. ТМД елдерінде көбіне тауық етінен жасалады. Қазір дәл осы нұсқасын қалай пісіру керегін айтып береміз.

Құрамы

Тауық еті, пияз, сәбіз, сарымсақ, ақ күнжіт, кориандр, өсімдік майы, лимон шырыны, ұнтақталған бұрыш және тұз қажет.

Дайындау әдісі

Пияз, сарымсақ пен шөп-шаламды ұсақтап, ал сәбізді ұзын әрі жіңішкелеп турайсыз. Тауықты қайнап тұрған суға 3-5 минут пісіріп аласыз. Кейін пияз бен сарымсақты майға қуырасыз. Салат салатын ыдысқа тауық, сәбіз, қуырылған пияз бен шөп-шаламды саласыз. Үстінен дәмдеуіш сеуіп, лимон шырынын қосасыз. Дайын болған тамақты екі сағатқа тоңазытқышқа салып қойыңыз. Маринадталсын.

Шәпсәл (чапсаль)

Шәпсәл — жапон мотиі сияқты күріш бәліштері. Көбіне ішіне жаңғақ я жеміс салмасы салынады. Мереке кезінде де, діни рәсім кезінде де жасалады.

Құрамы

Шәпсәл күрішінен жасалған ұн, тұз, қант, су мен кез келген салма.

Дайындау әдісі

Шыны ыдысқа күріш ұнын, тұз бен қантты сумен араластыру керек. Қамырдың үстіне пакет жауып, микротолқын пешке салып қойыңыз. Кейін шығарып, ысыңыз да, дөңгелек қылып кесіп алыңыз. Әр бөліктің ішіне тәтті салма салыңыз: нуттела немесе басқасын.

Туенжан чиге

Туенжан чиге — ет сорпасы, соя пастасы мен көкөніс қосылған көже. Жапонның мисо көжесінің Кореядағы баламасы.

Құрамы

Кәріс соя пастасы (туенжан), тофу мен кез келген көкөніс.

Дайындау әдісі

Көкөністерді турап, бұқтырып алыңыз. Асқабақ, картоп, пияз, сарымсақ, саңырауқұлақ, дайкон салыңыз. Күнжіт майын, устрица тұздығын қосып, ең аяғында туенжан пастасын қосасыз.

Ет дәмін жақсы көретіндер туенжан чигені ет сорпасына салып пісіруге болады.

Жүкіми

Жүкіми (джукуми) — қуырылған сегізаяқтыдан жасалған ыстық тіскебасар. Өте ащы болады.

Құрамы

Бар керегі — сегізаяқты, ұн, гочугару тұздығы.

Дайындау әдісі

Жүкіми пісіру әркімнің қолынан келе бермейді, сондықтан Сеуілде оның түр-түрін пісіретін арнайы жер бар. Jjukumi Alley деп аталын көше.

Өзіңіз пісіргіңіз келсе, әуелі сегізаяқтыны қайнатып алыңыз. Кейін крахмалға я ұнға батырып, дұрыстап қуырыңыз.

71

16

,

Сізге қызық болып қалар:

Корей сарайлары, k-pop пен аутентик базарлар
10.10.2022

Корей сарайлары, k-pop пен аутентик базарлар

Старинные храмы, необычные дома и много готики
16.01.2023

Старинные храмы, необычные дома и много готики

Кореяда оқимын, емделемін я жұмыс істеймін дегендерге арналған нұсқаулық

Кореяда оқимын, емделемін я жұмыс істеймін дегендерге арналған нұсқаулық

Осы айдардан:

Қар басқан тауға барып демалайық

Қар басқан тауға барып демалайық

Туған жерім — құт мекенім

Туған жерім — құт мекенім

Мафия, футбол, жер сілкінісі, банктер мен ЮНЕСКО объектілері

Мафия, футбол, жер сілкінісі, банктер мен ЮНЕСКО объектілері

Қалаға тең болар әуежайлар

Қалаға тең болар әуежайлар

10 еуроға қайда баруға болады?

10 еуроға қайда баруға болады?