Шетелде өткен 14 ақпан: Италия, Франция мен Германияға барғанда ғашықтар күніне орай не жеп көруге болады?
Гастрономиялық саяхатқа аттанамыз
14 ақпан — дәм мен эмоция күні
14 ақпан — романтика күні ғана емес, өзге елдердің аңызға айналған тағамдарымен танысатын күн. 14 ақпанда Италияға я Францияға я Германияға барсаңыз, халқы сүйіп жейтін әрі махаббат символына айналған тамақтарын жеп көріңіз. Ғашықтар күнін Алматыда я Астанада тойласаңыз, кешіңізді қалай еуропалық стильде өткізуге болатынын айтып береміз.
Италия: Piu Buono печеньесі — махаббатың тәтті символы

Неге жеп көру керек?
Италияда 14 ақпан — романтика күні ғана емес, тәттіден ләззат алатын күн. Piu Buono — итальян мәдениетінің бір бөлігі. Итальяндар оны махаббат пен қамқорлық белгісі ретінде туыстары мен достарына сыйлайды.
Итальяндар оны неге қастерлейді?
Итальяндар әр таңын тәттіден бастайды. Piu Buono — қытырлақ текстура мен нәзік дәмнің керемет үйлесімі, үй жылуын еске салар тәтті.
Қазақстанда отырып Италия атмосферасын сезінеміз
Алматыдан я Астанадан болсаңыз, Piu Buono-ны Arbuz.kz сервисінен алыңыз. Дастарқанға шам қойып, итальян музыкасын қосыңыз да, тәттіні эспрессо ішкенде жеңіз. Кешіңіз романтикаға толы өтсін!
Германия: G&G печеньесі — үйдегі жылудың символы

Неге жеп көру керек?
14 ақпанда немістер ғашықтар күнін жақындарымен бірге үйде тойлауға асық. G&G печеньесі — туған-туыс пен құрбы-досқа қамқор болатыныңызды дәлелдейтін тәтті.
Немістер оны неге қастерлейді?
Немістер үгілмелі печеньенің нәзік текстурасы мен дәмін жақсы көреді. Десерт қана емес, дәстүрге айналған, үйде отырып шай ішкен жайлы кештерді еске салатын тәтті.
Қазақстанда отырып Германия атмосферасын сезінеміз
G&G печеньесін Arbuz.kz-тен алдырамыз. Оны глинтуайнге я ыстық шоколадқа қосып жейміз, ал дастарқанды гирлянда қойып безендіреміз. Кешіңіз жайлы бола түссін!

Франция: Bongrain Ile de France ірімшігі — Нормандиядан шыққан романтика

Неге жеп көру керек?
Францияда 14 ақпан — романтика мен дәм үйлескен күн. Bongrain Ile de France — романтикалық кешіңізді гүлдендірер ірімшіктің асылы.
Француздар оны неге қастерлейді?
Француздарға салсақ, ірімшік — ас емес, өнер. Bongrain Ile de France — француз әдемілігінің үлгісі әрі мереке дастарқанының ажырамас бөлігі.
Қазақстанда отырып Франция атмосферасын сезінеміз
Bongrain Ile de France-ты Arbuz.kz-тен алыңыз. Оны қонақтарға шарапқа қосып ұсыныңыз, ал дастарқаныңызға шам мен гүл қойыңыз. Кешіңіз романтикаға толы болсын!
Италия: Parmareggio Parmigiano Reggiano — тарихы мол ірімшік

Неге жеп көру керек?
Parmigiano Reggiano жай ірімшік емес, Италияның мақтанышы, 900 жылдық тарихына қарамастан дәмі түк өзгермеген тағам.
Итальяндар оны неге қастерлейді?
Итальяндар Parmigiano Reggiano-ны ірімшік атасы дейді екен. Оны салат болсын, паста болсын, түрлі тамаққа қоса береді. Жаңа айтқанымыздай, ол жай бір ірімшік емес, итальян халқының жаны.
Қазақстанда отырып Италия атмосферасын сезінеміз
Parmareggio Parmigiano Reggiano-ны Arbuz.kz-тен алдырыңыз. Пастаға қосыңыз я басқа ірімшіктердің қасына қосып беріңіз, ал дастарқаныңызға шам қойып, итальян музыкасын қосыңыз. Кешіңіз романтикаға толы өтсін!
14 ақпанда Алматы мен Астанада Еуропа атмосферасына толы кеш өткізу
Ғашықтар күні мінсіз өтсін десеңіз, мына кеңестерімізге құлақ асыңыз:
- Музыка: итальян я француз я неміс әндерін қосыңыз;
- Декор: үш елдің бірін таңдап, үйді соны еске салар бір декор элементін қойып безендіріңіз. Мысалы, Франция десеңіз, шам, ал Италия десеңіз, керамика қойыңыз.
- Ішу: шарап, кофе, шай — тамағыңызбен қандай сусын үйлессе, соны ішіңіз.
- Қонақ күту: мереке сәндене түссін десеңіз, достарыңызды немесе үй ішіңізді үйге шақырыңыз.
Түйін
14 ақпан — романтика күні ғана емес, өзге елдердің аңызға айналған тағамдарымен танысатын күн. Ғашықтар күні Италияға, Францияға я Германияға барсаңыз, халқы сүйіп жейтін әрі махаббат символына айналған тамақтарды жеп көріңіз. Ғашықтар күнін Алматыда я Астанада тойласаңыз, Arbuz.kz-тен үйге Еуропа атмосферасын толтырар тамақ алыңыз!
Гастрономиялық саяхатқа дайынсыз ба?
Сізге қай тамақ ұнады? 😊
127
0