Логотип

Тау-тасын пойызбен аралауға тұрарлық елдер

Тау-тасын пойызбен аралауға тұрарлық елдер
Топтама 4 мин оқисыз
19.08.2022

Тау-тасын пойызбен аралауға тұрарлық елдер

Ендігі сапарыңызға арналған бес идея

Пойызбен ел-жер аралағанда адам күшті демалып қалады: секунд сайын өзгеріп отыратын пейзажға телміріп қарап отырасыз, жолда түрлі қызық көресіз және соны қағазға түсіресіз. Қаладан қалаға барғанда пойызға мінген жөн дейді туристердің көбі. Сондықтан мына мақалада пойызбен керемет қыдыруға болатын елдерді тізіп шықтық.

Шотландия

Глазго қаласынан Уест Хайленд пойызымен Обан, Форт Уилиам, Маллайға баруға болады. Обанға 3 сағат 20 минутта, Форт Уилиамға 4 сағатта, Маллайға 5 сағаттан аса уақытта жетесіз. Маллайға бара жатқанда табиғаттың нағыз сұлуын көресіз: Бен Луи, Монесси мен көлдерді. Уест Хайлендпен сапар шеккен — керемет тәжірибе, себебі орта жолда Хәрри Поттерде көрсетілген Гленфиннан көпірінен өтесіз. 

Шри-Ланка

Инстаграмнан жиі көретін әлгі көк пойыз Шри-Ланкада жүретінін білемісіз? Канди қаласынан шығып, 7 сағатта Әпіл қаласына барып тоқтайды. Жолда шай алқабын, кішігірім ауылдарды, жағажайлар мен күріш алқабын көресіз. Әпілге жетпей Хаттон бекетінен түсіп қалып, Адам шыңы мен Нувара Элияға барыңыз. 

Пойыз сағатына 15 шақырым жүреді әрі 2 мың метр биікке көтеріледі. Сондықтан жаныңызда қалың киім болсын. Себебі тауда температура төменірек болады.

Жаңа Зеландия

Жаңа Зеландияда теміржол мен пойыз көп емес, сондықтан TranzAlpine пойызымен сапар шеккен одан да керемет. Пойыз Крайстчерчден шығып, Греймутке барады. Жол-жөнекей Оңтүстік Альпіні, Жаңа Зеландияның даласын, мал жайылатын алаңдарын көре аласыз. Сриңфилд бекетінде Руэймакерари көлін, виадук көпірлері мен жазық даласын көресіз. Жолда 4 виадук пен 19 көпірден өтесіз.  

Ресей

Мәскеуден шығып, Владивостокқа тартатын Транссібір магистралін көру көрген де арманда, көрмеген де арманда. Жолда не көрмейсіз: Байқал көлін, Азия мен Еуропаның шекарасын, адам көрсе сенгісіз әдемі таулар мен биік көпірлерді көресіз. Бірақ ол үшін ұзақ жол жүруіңіз керек. Шамамен жеті күн жүресіз. 

Мексика

Чиуауадан Лос Мочиске дейін баратын пойызға мініңіз. Жолдың ұзындығы — 650 шақырым. Жол-жөнекей 30 көпір мен 80 түнелден өтесіз. 

Жез шатқалды көргісі кеп жүргендер Чиуауа әл Пасифико пойызымен Лос Мочиске барады. Шатқалды таң атарда көргіңіз келсе, Лос Мочистен Чиуауаға баратын пойызға мініңіз.

2

0

,

Осы айдардан: