Логотип

Түрік стритфуды: Ыстамбұл, Анталия мен Бодрум көшелерінде не жеп көруге болады?

Түрік стритфуды: Ыстамбұл, Анталия мен Бодрум көшелерінде не жеп көруге болады?
Топтама 8 мин оқисыз
16.03.2022

Түрік стритфуды: Ыстамбұл, Анталия мен Бодрум көшелерінде не жеп көруге болады?

Балық екмек, бөрек пен дөнер

Түріктің ерекше асүйі — Түркияға барған туристер қызығатын ең басты нәрселердің бірі. Түріктің тамағына көбіне үнді, иран, араб, грек пен ортатеңіз мәдениеті әсер еткен. Түркияға барған туристер стритфуд жемей қайтпайды. Сондықтан осы мақаламызда түрік стритфуды туралы сөз қозғаймыз. 

Балық екмек

Балық екмек — көкөніс қосылған балық сендуич. Нанның арасына туна я скумбрия салынады. Балық екмекті көбіне теңіз жағалауынан табуға болады. Мысалы, Ыстамбұлдағы Эминөні айлағынан. Үскідарға да барсаңыз болады. Онда балық екмек арзанырақ тұрады. Анталияға барсаңыз, балық екмек жеу үшін Калейчі қаласына жол тартыңыз. Marti Balik Ekmek дәмханасынан балық сендуич алып, Мермерлі жағажайына барыңыз. 

Бағасы жеті лирадан басталады. Екмектің қасына шалқан сусынын алыңыз.

Ыстамбұлға жолыңыз түссе, Эмину аспазға барудың қажеті жоқ. Оны «Орел и решка» бағдарламасы бірнеше рет көрсеткеннен кейін тамақтарының сапасы нашарлап, ақысы екі есе өсіп кетті (шамамен 20 лира). 

Бөрек

Қатпарлы қамырдан жасалған, түрлі салмасы бар тамақ. Мысалы, арасына шпинат, ірімшік, ет, картоп пюресі салынады. 

Бөрек кез келген жерде сатылады. Саяхатышылар Borek Center-дің бөрегі жақсы дейді. Одан бөлек, мына жерлердің бөрегін жеп көріңіз: Odabaşı, Çengelköy, Yeniköy.

 Түрік бөрегінің босниялық түрін де татып көргіңіз келсе, Prava Pita-ға барыңыз. Ақысы 10 лирадан басталады.

Дүрім дөнер

Дүрім дөнер деген — біз білетін дөнер. Оған көбіне қой етін қосады. Тауық еті қосылғанын жегіңіз келсе, «тавук» дүрім дөнер деп сұраңыз. Көшеде сатылатын дүрім дөнерге мүлдем тұздық салынбайды. Сондықтан біздегіге қарағанда біраз құрғақ болуы мүмкін.

Тауық дурум дөнерінің бағасы 10 лирадан, сиыр еті салынған дөнердің бағасы 15 лирадан басталады.

Дүрім дөнерді Kemankeş Karamustafa Paşa-дан жеп көріңіз деп кеңес бергіміз келеді. Дәмхана Ыстамбұлдың Бейоғлы ауданында орналасқан. Онда адам көп болса, Гранд базар ауданындағы Nusr-Et Steakhouse Sandal Bedesteni я Фатихтегі Day Day Pastanesi мен Meşhur Dönerci Hacı Osman'ın Yeri-не барыңыз.

Кокореч

Кокореч — шанышқыға қадалып пісірілген, түрлі дәмдеуіш қосылған әрі батон, лаваш немесе шелпекке салынған қозының ішек-қарны.

Дәмді кокоречті Галата мұнарасының қасындағы дәмханалардан немесе Ozzie’s 1968 Den Berci Kokorec-тен татып көруге болады. Ұнамаса, Sampiyon я Бейоғлы Ozzie’s  Kral Kokorec-ке барып көріңіз.

Бағасы 10 лирадан басталады. Бірақ кей ауданда саудаласып ақысын түсіргізуге болады. Сондықтан саудаласыңыз.

Күмпір

Түрлі салмасы бар картоп. Мысалы, оған май мен чеддер ірімшігі салынады. Кейде саңырауқұлақ, шұжық, зәйтүн, ет пен көкөніс салынады. 

Бағасы құрамына қарай 15 лирадан басталады. Күмпір көбіне Істікләл мен Ортакөйде сатылады.

Сімит

Күнжіт себілген тоқаш. Түркияның әр түкпірінен табуға болатын, шай ішкенде керемет десерт болатын нан. Көбіне теңіз жағалауында сатылады. 

Бағасы 1 лирадан басталады. Турист көп жерлерде қымбатырақ тұрады. 

Симитті күндіз алған жөн, жаңа піскен күйі жеген жақсы. Кешке қарай олар қатып қалады.

Тартылған мидия

Стритфудтың тағы бір түрі, күріш не бұлғырмен араластырып тартылған мидия. Оған кейде жаңғақ та қосылады. Клиентке тартылғанда үстінен лимон шырыны құйылып беріледі. Бір сатышулар мидия сұрағанда бірден алтауын береді, өзгелері тек біреуін береді. Бағасы 1-2 лирадан басталады. 

Бір жегенде көп мидия жей алмайсыз, ары кетсе 7-9-ын жей аласыз. 

Мидияны Бешікташтағы Midyeci Ahmet-тен, Сахрайыжедиттегі Midyesel-ден я Қадыкөйдегі Midyeci Yasin-нен жеп көре аласыз. 

Гөзлеме

Гөзлеме — ірімшік, картоп, шпинат, жұмыртқа, ет пен саңырауқұлақ салынған түрік шелпегі. Ашымаған қамырдың ішіне салмасын салып, саж деген үлкен табаққа салып, қуырады.

Гөзлемені кез келген жерден таба аласыз. Әсіресе базарлардың қасында көп болады. Gözleme деп жазылып тұрады. Дүңгіршектің қасында сатылатын гөзлемелер ең дәмдісі.

Бағасы 12 лирадан басталады.

Пиде

Пиде — хачапуридің түрік баламасы. Үстіне ет, ірімшік, тауық немесе көкөніс салынады. Тартылған ет те салынуы мүмкін. Бағасы 10 лирадан басталады. Сол жаққа барған туристер Сұлтанахметтегі Хожапаша наубайханасынан рецептісі көне пиде жеуге болады дейді.

Лахмажұн деген де бар, пиденің бір түрі.

Көфте мен ши көфте

Көфте — шелпекке салат қосып орап жейтін ет котлеттер. Ши көфте — оның вегетариантарға арналған түрі. Котлеті бұлғыр мен қызанақ пастасынан жасалады. Ши көфтенің дәмі кейде қатты ащы болуы мүмкін, сондықтан абайлап жеңіз.

Дәмді көфте жегіңіз келсе, Қадыкөйдегі AKO Adapazarı Islama Köfte-ден, Фатихтағы Meşhur Filibe Köftecisi мен Бейоғлыдағы Köfteci Hüseyin 1958-ге барыңыз.

Бағасы 5 лирадан басталады.

Жүрегі (мысыр) мен қуырылған талшын

Кестане
Мысыр

Мысыр (жүгері) мен кестане (талшын) — грильге қуырылып, қайнатылатын тамақтар. Дайын мысырды сатушы дәмдеуіш пен лимон суын сеуіп береді. Кестане грамдап сатылады. Сатушы оны өзі қуырып береді. 

Жүгері я талшын аларда сатушыға аз-аз деп айтыңыз. Әйтпесе ол дәмдеуішті толтырып себеді. Сондықтан жаныңызда су болсын. 

Мысыр 2-5 лира, ал талшынның 100 грамы 15 лира тұрады.

Дондурма

Дондурма — түрік балмұздағы. Кәдімгі балмұздаққа ұқсамайды. Себебі құрамында шайыр мен жабайы орхидеяның тамырынан жасалған ұнтақ болғандықтан созылмалы болады. Дондурма сиыр және қозы сүтінен жасалады. Оны сататындар балмұздағын клиентке берерде түрлі интерактив ойын өткізіп, көңілін көтереді.

Бағасы бес лирадан басталады. Туристер дондурма жейміз деп көбіне Mado мен Hafiz Mustafa мейрамханаларына барады.

Пахлава

Пахлава — қатпарлы қамырдан жасалған тәтті. Оны аспаз шербет, бал мен жаңғақтан жасайды, ал ішіне пісте, бадам, грек жаңғағы мен жержаңғақ қосады. Пахлаваның түр-түрі бар: орама түрі, кестанелі, жаңғақсыз, орман жаңғақ, грек жаңғақ түрі. 

Пісте пахлава — пахлаваның ең қымбаты. 

Лоқма мен тұлымба

Локма
Тұлымба

Лоқма мен тұлымба — формасы ғана өзгеше тәттілер, бал я қант шербетіне қуырылған кішкентай бауырсақтар. Лоқма доңғалақ, ал тұлымба аздап созылған болады. 

Түрік сусындары

Түркияға барғанда түріктің кофесі мен қою шайын ішпей кетпеңіз. 

  • Түрік кофесі арнайы кішкентай туркаға қайнатылғандықтан қою әрі ащы болады. Сондықтан оның қасына су қосып береді. Бағасы төрт лирадан басталады. 
  • Түрік шайы да өте қою болады. Қызғалдақ тәріздес кішкентай шыныға құйылады. Стақанның құлағы болмайды. Сондықтан ішерде абайлап ішіңіз, күйіп қалмаңыз. Шай әдетте тегін болады, бірақ ақылы болса, бағасы екі лирадан басталады. Шайды түріктер екі қабатты шәйнекке (шайданлық) қайнатады. Қою шай ішпейтін болсаңыз, даяшылардан сұйық түрін сұраңыз: «açık çai olur mu» деңіз. Шайдың қасына пішмане мен лукум береді.

Түрік сусындарының арасында сәлеп ерекше танымал. Сәлеп деген — жабайы орхидея тамырынан жасалған ұнтаққа сүт қосып дайындалатын жылы сусын. Үстіне даршын себеді. Сәлепті күн суықта ішкен жақсы. Бағасы үш лирадан басталады. 

Что в турецком стритфуде вам нравится больше всего?

6

1

,

Сізге қызық болып қалар:

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?
22.01.2022

Нені ескеруіміз керек, ал нені ескермеуіміз керек?

Ыстамбұлда қайда барсаңыз болады және неге дайын болуыңыз керек
04.03.2022

Ыстамбұлда қайда барсаңыз болады және неге дайын болуыңыз керек

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Ең танымал әрі сынақтан өткен сайттар мен қолданбалар

Осы айдардан: