Қазақстанда биылғы жазда 70 теміржол вокзалы қайта ашылған
Олардың бәрі жөндеуден өткен

Фото: egov.kz
2026 жылғы жазда Қазақстанда бұрын жөндеу үшін жабылған вокзалдардың 70-і қайта ашылған. Елде жоспарға сай 124 вокзал жөндеуден өтуі керек дейді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Вокзалдарда нақты не жаңарған:
- Ғимарат;
- Платформа;
- Инженерия жүйесі;
- Қауіпсіздік жүйесі;
- Навигация жүйесі;
- Кедергісіз орта жүйесі.
Кей вокзал жөнделіп қана қоймай, аумағы да ұлғайтылған. Мысалы, Орал, Шалқар, Шетпе, Жетісудағы және Қазыбек бек вокзалдары.
Ең көп вокзал Ақмола облысында жөнделген. Онда 12 жолаушылар вокзалы жаңартылса, Қарағанды облысында 11 вокзал жөнделген. Қалған вокзалдар мына облыстарда жөнделгеген:
- Атырау;
- Ақтөбе;
- Қызылорда;
- Алматы;
- Шығыс Қазақстан;
- Солтүстік Қазақстан;
- Батыс Қазақстан;
- Павлодар;
- Қостанай;
- Маңғыстау;
- Түркістан;
- Жамбыл;
- Жетісу;
- Ұлытау.
