Қазақстан азаматтары енді Индонезияға виза алмай бара алады

Жаңалық 4 мин оқисыз
24.07.2026

Қазақстан азаматтары енді Индонезияға виза алмай бара алады

Индонезияға көп дегенде 30 күнге виза алмай баруға болады

Енді Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге бару үшін виза алуға міндетті емес. Бұрын қазақстандықтар әуежайға барып алатын виза (Visa on Arrival) алуға тиіс еді, оған 33 доллар төлейтін. 

Қазақстан азаматы виза алуға тиіс болмаса да, Arrival Card деген картаны толтыруы керек. Оны арнайы сайтқа не қолданбаға кіріп толтыру қажет. Ақы алынбайды. 

Картаны ұшарға 3 күн не одан аз күн қалғанда толтыру керек. Турист анкетаға құжаттағы деректері, рейсі бен багажы туралы ақпарат, Индонезияда тұратын жері мен денсаулығы туралы мәліметті тереді. Кейін оған QR коды беріледі. Оны Индонезияда құжат тексерткенде және кеден тексерісінен өткенде көрсету керек. 

Индонезия қазір Қазастан азаматынан виза сұрамайтын 44 елдің бірі. Тағы басқа қай ел Қазақстан турисін визасыз кіргізетінін мына жерден біліңіз.

1

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Басқа жаңалықтар:

2027 жылғы 1 ақпанға дейін Airbus A321LR борттарында интернет жолаушылардың бәріне тегін болады

Бірақ электрондық рұқсат алу 2027 жылғы 1 шілдеден кейін ғана міндет болады

Әуе компаниялары Ереван, Измир, Әбу-Дәби, Баку, Дели, Шанхай мен басқа қалаларға тікелей ұша бастайды