1 қарашада Қазақстан шетел туристеріне арналған QazETA рұқсат жүйесін енгізе бастады
Бірақ электрондық рұқсат алу 2027 жылғы 1 шілдеден кейін ғана міндет болады
2026 жылғы 1 қарашада Қазақстан виза алуға тиіс емес шетел азаматтарына арналған электрондық рұқсат жүйесін біртіндеп енгізе бастады. Бірақ алдын ала рұқсат алу (ETA) 2027 жылғы 1 шілдеден кейін ғана міндет болады.
Қазақстанның электрондық кіру рұқсаты жүйесі QazETA деп аталады. Ол шекарадан өту процесін ыңғайластыру үшін ойлап табылған. Жаңа жүйе кезек-кезек енгізіле бастайды:
- 2026 жылғы 1 қараша — Ақтау халықаралық әуежайында, Павлодар облысындағы «Өрлітөбе» көлік өткізу пунктісінде, Жамбыл облысындағы «Ауқатты» көлік өткізу пунктісінде, Түркістан облысындағы «Атамекен» көлік өткізу пунктісінде және Жетісу облысындағы «Нұрлы Жол» көлік өткізу пунктісінде.
- 2027 жылғы 1 қаңтар — Астана және Алматы халықаралық әуежайларында.
- 2027 жылғы 1 наурызда — Қазақстанның мемлекет шекарасындағы өткізу пунктілерінің бәрінде;
- 2027 жылғы 30 маусымға дейін — QazETA-сы жоқ шетел туристеріне электрондық рұқсат алу ұсынылады. Рұқсат алмаған елге кіре алмай қалады деген сөз емес.
- 2027 жылғы 1 шілдеде және одан кейін — электрондық рұқсат алу міндет болады. Онсыз шетел турисі елге кіре алмай қалуы мүмкін.
QazETA жасату
Өтінішті qazeta.kz қолданбасынан онлайн жіберу керек болады. Негізгі шарттары мынандай:
- Ақысы: тегін,
- Өтініш беретін кез: Қазақстанға кіретін күнге 72 сағат қалмай беру керек;
- Жарамдылық мерзімі: жүйеден өткеннен кейін 180 күн жарамды болады;
- Шекарада көрсететін құжаттар: саяхатшы өтінішке жазған жарамды паспортын көрсетуі керек.
Электрондық рұқсат алуға тиіс емес азаматтар
Тиісті құжаттарын көрсетсе QazETA жүйесіне тіркелмесе де болатын 29 азаматтар санаты бар.
- 16-ға толмағандар мен 65-ден асқандар;
- Қазақстан визасын алғандар, уақытша тұруға рұқсаты барлар, тұру ықтиярхаты барлар;
- Дипломат паспорты не қызмет паспорты барлар;
- Мемлекет, үкімет, халықаралық ұйым басшылары мен олардың үй-іші;
- Ресми мемлекет және үкімет делегациясының мүшелері;
- Әуежайдың транзит аймағынан шықпайтын транзит жолаушылар;
- Әуе, теңіз, өзен кемелерінің, пойыз бригадаларының экипаждары және халықаралық жүк пен жолаушылар таситын жүргізушілер.
