Thirty Seconds to Mars тобы 2027 жылы Алматыда өнер көрсетеді

Жаңалық 4 мин оқисыз
28.10.2026

Thirty Seconds to Mars тобы 2027 жылы Алматыда өнер көрсетеді

Топ Қазақстанға жаңа турының аясында оралмақ

Thirty Seconds to Mars рок тобы Алматыға тағы бір рет өнер көрсету үшін оралады. Бұл шоу A Beautiful Lie vs This Is War турының аясында өтеді әрі турдың Орталық Азиядағы жалғыз концерті болмақ.

Концерт туралы бар ақпарат

Концерт 2027 жылғы 29 мамырда Алматының «Спартак» стадионында өтеді. Басталатын уақыты — 19:00.  

Тур Thirty Seconds to Mars-тың ең танымал альбомдары A Beautiful Lie (2005) мен This Is War-ға (2009) арналған.  

Билеттерді алдын ала сату 29 қазанда 10:00-де Freedom SuperApp-та басталады. Жалпы сатылым 30 қазанда 10:00-де Ticketon.kz сайтында басталады.  

Концерттің билетін Freedom SuperApp-тан алсаңыз, 15% дейін кешбэк аласыз! 

Thirty Seconds to Mars деген кімдер?

Thirty Seconds to Mars — 1998 жылы құрылған америалық рок тобы. Ұжымда ағайынды Жаред Лето (әнші, ән авторы әрі гитарашы) мен Шеннон Лето (ұрмалы аспаптар) өнер көрсетеді.

Топ әлемге The Kill (Bury Me), A Beautiful Lie, From Yesterday, Kings and Queens пен This Is War деген әндердің арқасында танылған әрі дүниежүзінде 15 миллионнан астам альбом сатқан.

Thirty Seconds to Mars бұрын Қазақстанда бірнеше рет өнер көрсеткен еді. Ең бірінші шоу 2017 жылы Астанадағы EXPO көрмесінде өткен. 2024 жылы топ Алматы мен Астанада концерт қойды.  

Алматыға қалай жетеміз?

Ұшақ және пойыз билетін Freedom SuperApp-тан алыңыз! Қазір Астана — Алматы билетін ең аз дегенде 23 533 теңгеге алуға болады.

Freedom SuperApp-тан бірінші рет ұшақ билетін алатындарға MARS5K промокодын ұсынамыз. Соның арқасында билетке 5 000 ₸ аз жұмсауға болады. Промокод Алматыға ұшатын рейстерге ғана әрі 2027 жылғы 29 мамырға дейін жарайды.

2

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Басқа жаңалықтар:

Әуе компаниялары Ереван, Измир, Әбу-Дәби, Баку, Дели, Шанхай мен басқа қалаларға тікелей ұша бастайды

Негізгі тариф тегін болады, ақылы тарифтер қарашада шығады

Енді жолаушы билетіндегі бір рейсіне мінбей қалса, келесі рейстері күйіп кетпейді