Алакөл 2025: жаңа бағыттар, қалта көтеретін бағалар, жайлы демалыс

Жаңалық 2 мин оқисыз
21.05.2025

Алакөл 2025: жаңа бағыттар, қалта көтеретін бағалар, жайлы демалыс

Алакөл жазы туралы көбірек ақпарат

Биыл Алакөл көліне баратын туристерді жаңа инфрақұрылым мен жаңа бағыттар күтіп тұр. 2025 жылы нақты не өзгермек?

Жаңа пойыз бағыттары

Жазғы маусымда Алакөл курортына 13 бағыт ашылады, оның 4-і жыл бойы жүреді, ал тоғызы — қосымша пойыз. Пойыздар Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Семей, Өскемен мен Ақтоғайдан жүреді. 

Алматыдан:

ПойызБағытКесте
№207/208«Алматы-2 – Жалаңашкөл»Аптасына 2 рет
№221/222«Алматы-2 – Достық»Аптасына 3 рет
№211/212«Алматы-2 – Достық»Маусым мен шілдеде сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүреді. Тамызда дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жүреді. 
№337/338«Алматы-2 – Достық»Аптасына 3 рет
№21/6941/6942/22«Алматы-1 – Достық»Сейсенбі, бейсенбі, сенбі сайын

Астандан:

ПойызБағытКесте
№54/53«Нұрлы жол – Достық»Аптасына 2 рет
№254/253«Нұрлы жол – Достық»Аптасына 2 рет
№122/6942/6941/121«Нұрлы жол – Семей»Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі сайын

Басқа бағыттар:

ПойызБағытКесте
№31/6942/6941/32«Павлодар – Достық»Сейсенбі, бейсенбі, сенбі сайын
№21/6942/6941/22«Қызылорда – Достық»Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі сайын
№457/458«Семей – Достық»Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі сайын
№459/460«Өскемен – Достық»Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі сайын
№6941/6942«Ақтоғай – Достық»Күн сайын

Үржарға ұшатын рейстер

2025 жылғы 1 маусымда SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын Үржар қаласына субсидиялы рейс шығарады.

Астана мен Үржардың, Алматы мен Үржардың арасында апта сайын 6 рейс ұшады.

Бір жаққа ұшу билеті кемі 16 000 теңге (Астана), 14 000 теңге (Алматы) тұрады.

Жақсартылған инфрақұрылым

Алакөлге көліктілер жөнделген «Талдықорған – Өскемен» автожолымен бара алады. Оның ұзындығы — 768 шақырым. Курортқа Жетісу облысы жақтан да баруға болады.

Оған қоса Алакөлде:

  • 20-дан аса шағын қонақүй мен гестхаус салынған;
  • жағажайларда көлеңкелі аймақтар салынған, құтқаратын посттар мен зат сақтайтын камералар қойылған;
  • туристерге арналған Ақши ақпарат орталығы ашылған, ол жерден велосипед жалға алуға, экскурсияға жазылуға, сол аймақтың картасын алуға болады;
  • денсаулыққа арналған түрлі бағдарлама дамытылып жатыр, мысалы, жаңа йога турлары мен SPA бағдарламалары іске қосылған, ингаляция орталықтары ашылған;
  • түрлі тамақ ұсынатын дәмханалар мен мейрамханалар, балалар клубтары ашылған, кешке музыкалы бағдарламар мен кино кештері ұйымдастырылады.

Экотуризм

Алакөл курорт аймағы экологиялық форматқа қарқынды ауыса бастады:

  • Күн батареясы мен су тазалайтын, қоқыс іріктейтін жүйелер орнатылып жатыр;
  • Жаяу серуендейтін және велосипед турлар, құстарға қарау мен экология туралы сабақтар көбейе бастады.

Алакөлде демалмақ ойыңыз бар ма?

0

0

,

Басқа жаңалықтар:

Қазақстанда жаңа лоукостер құрылады

Концерт 15 тамызда өтеді

1 мамырдан бастап Тайландтың шетелдік туристерге қойған талабы өзгереді