Жарысқа Даниил Медведев, Стефанос Циципас, Александр Бублик мен Карен Хачанов қатысады.
Былтырғы ATP Almaty 250 турнирінде Карен Хачанов жеңіске жеткен еді. Енді ол сол атағын қорғау үшін биылғы жарысқа оралмақ.
Жарыстың кестесі мен билеттері
Іріктейтін матчтар
11:00, 11–12 қазан
Негізгі турнир
13–16 қазан (күндізгі және кешкі матчтар)
Ширек финал
17 қазан (11:00, 19:00)
Жартылай финал
18 қазан (12:00, 18:00)
Финал
19 қазан (12:00)
Турнирде жарыстан бөлек фанзоналар, тематикалық интерактивтер, балаларға арналған қызықтар, шеберлік кластары мен теннисшілермен кездесу өтеді, футкорд ашылады, әртістер өнер көрсетеді.