Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей қатынай бастайды

Жаңалық 4 мин оқисыз
бүгін

Air Astana Алматыдан Токиоға тікелей қатынай бастайды

Бұл рейс — Қазақстаннан Жапонияға 2020 жылдан бері ұшатын бірінші рейс

Air Astana Алматы мен Токио арасында тікелей қатынайтын рейс шығарды. Алматыдан шығатын бірінші ұшақ 2026 жылғы 30 қарашада, ал Токиодан қайтатын бірінші рейс 2026 жылғы 1 желтоқсанда ұшады. 

Бұл рейс — Қазақстаннан Жапонияға 2020 жылдан бері алғаш ұшайын деп отырған рейс. Бұрын SCAT Airlines Астанадан Токиоға ұшатын, бірақ рейс коронавирустың кесірінен жабылып қалған.

Рейстер аптасына екі рет ұшады:  

  • Алматы —Токио: дүйсенбі, бейсенбі, сағат 21:55;  
  • Токио — Алматы: сейсенбі, жұма, сағат 16:20. 

Баратын жолға 7 сағат 30 минут, қайтар жолға 9 сағат 25 минут кетеді. Жолаушылар бизнес класы мен эконом класы бар Airbus A321LR бортына мінеді.  

Жапонияға барам деген Қазақстан азаматтары виза алуға тиіс. Мына жерден оны қалай жасата алатыныңызды оқи отырыңыз.  

Барып-қайтатын эконом билеттерінің бағасы 350 552 теңгеден, ал бизнес билеттерінің бағасы 1 398 918 теңден басталады. Freedom-нан алсаңыз, 10% дейін кешбэк аласыз. Қонақүйді де сол жерден алып, 30 000 теңгеге дейін кешбэк алыңыз.  

Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 

0

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Сізге қызық болып қалар:

Визаның түрлері мен құжат тапсыру тәртібі

Визаның түрлері мен құжат тапсыру тәртібі

Басқа жаңалықтар:

Бірінші рейс 2026 жылғы 25 желтоқсанда ұшады

Бұл әншінің Орталық Азиядағы бірінші концерті болмақ

Бірінші рейс 11 желтоқсанда ұшады