АҚШ-қа ұшатын жолаушылар енді декларация толтыруға тиіс
Бұл құжатты өткізбегендер рейсіне мінбей қалуы мүмкін
2026 жылғы 4 қарашадан бастап АҚШ-қа ұшатын жолаушылардың бәрі кейінгі 21 күнде Конго Демократиялық республикасына бармағанын растап декларация толтыруға тиіс.
Ереже транзит жолаушыларына да арналған әрі жолаушының азаматтығына қарамайды: бәрі толтыруға міндетті.
АҚШ-қа ұшқалы жатырмын. Не істеуім керек?
- Декларацияның екі көшірмесін қағазға шығарып, толтырып, қол қоясыз. Кәмелет жасына толмаған баланың декларациясын ата-анасы не уәкілі толтыра алады.
- Құжатты рейске тіркелгенде көрсетесіз. Біреуін әуе компаниясының қызметкеріне бересіз, екіншісі өзіңізде қалады.
Бұл ереженің мақсаты не?
Бұл шешім Конго Демократиялық республикасында қайта өршіп кеткен Эбола вирусын АҚШ-та таралуына тосқауыл қою үшін шығарылған. 2026 жылғы 11 қарашаға дейінгі дерекке қарағанда вирус қайта өрши бастағаннан бері 11 мыңнан аса адамнан анықталған және оның жартысына жуығы қайтыс болған.
