Air Astana-ның Алматыдан ұшатын ішкі рейстеріне тіркелетін үстелдер 1-терминалға көшірілді
Былтыр олар жөндеу жұмыстарының кесірінен 2-терминалға ауысқан еді
2026 жылғы 6 қарашада Air Astana-ның Алматы халықаралық әуежайындағы ішкі рейстеріне тіркелу процесі 1-терминалға қайтарылды.
2025 жылғы қыркүйекте ішкі рейстерге тіркейтін жерлер 1-терминалда жөндеу жұмыстары жүретіндіктен 2-терминалға көшірілген еді. Сондықтан ішкі рейс жолаушылары тіркелуге әуелі халықаралық терминалға барып, кейін рейсіне міну үшін ішкі терминалға ауысып жүретін еді.
Air Astana ішкі рейстер терминалында он тіркеу үстелін жөндеп, құжат тексеретін бес автоматты пунктісін орнатып, ақпарат экраны мен навигация жүйесін жаңартқан.
«Біз жаңартылған Т-1 Терминалында жолаушыларға қызмет көрсетуді қайта жандандыруға қуаныштымыз. Заманауи инфрақұрылым, жақсартылған қызметтер мен навигация сапарды жеңілдетеді және жолаушыларға ұшу алдындағы рәсімдерді тезірек өтуге көмектеседі», — дейді Air Astana-ның жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога.
