Ақтөбе мен Астананың арасында маусымдық пойыз қатынай бастады
Бұл пойыз — демалыс кезде Қазақстанның батысы мен солтүстігіне ыңғайлы сапар шегетін мүмкіндік
«Теміржол жолаушылар тасымалы» АҚ Ақтөбе мен Астананың арасында қатынайтын №257/258 маусымдық пойызы шыққанын хабарлады. Жаңа пойыз 4 шілдеде жүре бастады және 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін қатынайды. Бұл бағыт — жазда билетке сұраныс көп болатындықтан жасалып отырған амал.
Пойыздың кестесі
Бағыт | Шілде | Тамыз, қыркүйек |
Ақтөбеден шығу | 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 | 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз |
Астанаға (Нұрлы жол) жету | 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 | 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз |
Астанадан шығу | 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 | 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз бен 1 қыркүйек |
Ақтөбеге жету | 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 | 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз бен 2 қыркүйек |
Пойыздың ерекшелігі
Пойыздың 12 вагоны бар. Оның алтауы — купе, алтауы — плацкарт. Бәрінің ішінде кондиционер жүйесі бар. Бір пойызға 500 астам адам сыя алады.
Жолға бір күндей уақыт кетеді. Орта жолда басқа пойызға ауысып мінгенге 2 күннен артық уақыт кететіндіктен бұл бағыт — ең тиімді бағыт.
Билеттер
Билет бағасы 12 000 теңгеден басталады.
Пойыз билетін Freedom Travel я Freedom SuperaApp-тан алып, кемі 13% кешбэк алыңыз!
*Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.
0
0