Backstreet Boys биылғы күзде Астана мен Алматыда өнер көрсетеді
Концерт өтетін күндер мен жерлер
Американың атақты поп тобы алғаш рет Қазақстанда концерт қоймақ. Шоу екі қаламызда — Астана мен Алматыда өтеді.
Backstreet Boys деген кімдер?
Backstreet Boys — музыка тарихындағы ең табысты ерлер поп топтарының бірі. Ұжым 1990 жылдары мен 2000 жылдары I Want It That Way, As Long As You Love Me, Everybody (Backstreet’s Back) хиттерінің арқасында танылды.
Топ құрылғалы бері 130 миллионнан астам альбом данасын сатқан, ал қазір турының аясында стадиондарда өнер көрсетіп жүр.

Концерт өтетін күндер мен жерлер
Алматы: 2025 жылғы 19 қыркүйек, Орталық стадион
Астана: 2025 жылғы 21 қыркүйек, «Астана Арена» стадионы

Турдың ресми сайтындағы ақпарат
Концертке баруға дайынсыз ба?
Билет
Екі концерттің билеттері 14 шілдеде сатыла бастайды. Олардың бағасы мен шарттары топтың ресми сайтында жарияланады.
1
0