2026 жылы Черногорияға виза алмай бару: Қазақстан туристеріне арналған мерзім мен шарттар
Черногория 2026 жылдың қай айларында Қазақстан туристерінен виза сұрамайтынын хабарлады
Черногория жыл сайын Қазақстан туристеріне уақытша визасыз кіруге мүмкіндік береді. Ол маусым әдетте 5 ай жалғасады. 2026 жылы визасыз кіретін маусым 1 мамырда басталып, 1 қазанда аяқталады. Қазақстан азаматы сол уақытта Черногорияға виза алмай барып, 30 күн жүре алады.
Турист Черногорияға визасыз маусымнан ерте я кеш барғысы келсе, виза алуға тиіс.
Бізден сізге кеңес: ұшар алдында паспортыңыздың мерзімі мен елге кіру туралы басқа қандай шарттар барын тексеріп алыңыз.