Астана мен Алматыда Cirque du Soleil-дің OVO шоуы өтеді
Бұл — цирктің Орталық Азияға 2017 жылдан бері бірінші рет келуі
Канаданың әйгілі циркі Қазақстанға келеді! Олар Алматы мен Астанада жаңартылған OVO шоуын қоймақ. Бұл концерттер — олардың Орталық Азиядағы 2017 жылғы (ЭКСПО) турынан кейінгі бірінші туры!

Өтетін күндері мен жерлері
| Қаласы | Күні | Өтетін жері |
| Алматы | 11-14 маусым | «Алматы Арена» |
| Астана | 4-7 маусым | «Барыс Арена» |
Екі қалада 14 қойылым болады, демалыс күндері шоу күніне 2-3 рет өтеді. Концерттер отбасы болып баратын жер болғандықтан көрермен жасына шектеу қойылмаған. Бір концерттің ұзақтығы — 2 сағат + антракт.
Билеттері
Билеттердің бағасы қаласы мен секторына қарай 25 000 теңгеден басталады. Оларды Freedom Ticketon-нан алыңыз.
Cirque du Soleil-ге барып көрдіңіз бе?
Алматы мен Астанаға ұшатын билеттер:
Шымкент → Алматы кемі 21 314 ₸
Ақтау → Алматы кемі 56 623 ₸
Ақтөбе → Алматы кемі 46 093 ₸
Шымкент → Астана кемі 28 514 ₸
Ақтау → Астана кемі 52 123 ₸
Ақтөбе → Астана кемі 26 002 ₸
OVO туралы қызық деректер
Бұл спектакль көрерменді жәндіктер әлеміне жетелейді. Сюжеті мынандай: бір күні ол жерге бір кезбе жәндік ұшып барады да, жарқын қаңқызға ғашық болады. Хикаяны өрбіткен — сол жәндіктің жұмыртқасы. Спектакль бақ тұрғындары «өзгені» қалай қабылдап, әрқайсына өз орнын табуды үйренетінін көрсетеді.
- Шоуға 20-дан астам елден келген 100 шақты адам қатысады. Оның жартысы — әртістер, қалғаны — сахнаның ар жағындағы команда: жаттықтырушылар, физиотерапевтер, жарық қоюшылар мен дыбыс режиссёрлары.
- Костюм бөлімінде мыңнан аса костюм элементі бар. Әрқайсы нақты әртіске арналып тігілген әрі күн сайын секіргенге, созғанға жарайды.
- Кейбір маска мен костюм бөлігін қолдан жасауға 120 сағатқа дейін уақыт кетеді.
- Гастроль кезінде Cirque du Soleil сахнасын, жарығы мен реквизитін ондаған трейлермен тасиды.
Ұшақ билетінен қалай үнемдеуге болады?
Концертке ұшып барайын деп пе едіңіз? Билетіңізді Freedom SuperApp-тағы «Саяхат» бөлімінен алсаңыз, 11% дейін кешбэк аласыз.
Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы.
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.