Тайланд 60 күндік визасыз режимін 30 күндік режимге ауыстырды
Тайланд 90 астам елдің азаматтарына арналған визасыз режимнің мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты
Тайландтың министрлер кабинеті 93 елдің азаматтары 60 күн визасыз жүре алады деген ережені алып тастады. Бұл елдер тізімінде Қазақстан да бар. Енді шетелдіктер Тайландта ары кеткенде 30 күн визасыз жүре алады.
Кабинет министров Таиланда утвердил отмену 60-дневного безвизового режима для граждан 93 стран, включая Казахстан. Срок разрешенного пребывания без оформления документов сокращается до 30 дней.
Бұл өзгеріске не себеп болған?
Тайланд 60 күндік визасыз режиімін 2026 жылғы шілдеде енгізген еді. Соның арқасында туристер легін арттырамыз деген. Енді ол ойынан айнып қалғанына мына екі фактор себеп болып отыр:
- Қауіпсіздік пен тәртіп. Миграция қызметінің дерегіне сенсек, жаңа виза режимін пайдаланып, заңсыз жұмысқа кіру, рұқсатсыз бизнес жүргізу мен басқа да құқық бұзу көбейіп кеткен.
- Турист саны. Тайландтың туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сенсек, Тайландта шетел турисі орташа есептегенде 9 күн өткізеді. Сондықтан 30 күндік визасыз режим негізгі туристер легіне әсер етпейді.
Енді Қазақстан азаматтары қайтеді?
- Тайландта жүретін күндер: Тай визасын алмаған Қазақстан азаматтары да бұл елде ары кеткенде 30 күн емін-еркін жүре алады.
- Мерзімді ұзарту: Тайландта бір айдан аса жүргіңіз келсе, жергілікті иммиграция кеңсесіне барып, себебін айтып, бажын төлеуіңіз керек. Қандай жауап алатыныңыз сізді қабылдаған офицерге байланысты болады.
Шекарада бақылау күшейгендіктен шекара қызметі туристен қайтатын билетін, расталған тұратын жері мен кемі 10 000 бат ақшасы бар-жоғын тексереді. Ұшар алдында осы құжаттар бар-жоғын тексеріп алыңыз.