Формула 1 жарысы 2027 жылы Түркияға оралады
Түркияда өтетін F1 гран-приі: жарыс туралы ақпарат
Формула 1 2027 жылы Түркияға оралмақ. Түрік гран-приі Istanbul Park-та өтеді. Келісім бес жылға арналған, яғни 2031 жылдың аяғында бітеді. Бұл хабар Формула 1-дің ресми сайтында жарияланды.

Istanbul Park
Фанаттар неге Istanbul Park-ты жақсы көреді?
Чемпионат Istanbul Park-та алғаш рет 2005 жылы өтті. Фанаттар 5,33 км созылған трассаны бір көтеріліп, бір түсетіндіктен әрі бұрылуы қиын болғандықтан жақсы көреді. Жолдың ең танымал бөлігі — Turn 8. Бұл жер — пилоттар жылдамдық пен траекторияны дәл ұстауы керек ұзын сол бұрылыс. Дәл осы жерде болид, жүргізуші мен инженерлер сыналады.

Istanbul Park трассасының сызбасы
Билетін қайдан алуға болады?
Түркия гран-приінің билеті қашан сатылары әзір белгісіз. F1 Experiences-те күту тізімі ашылды. Соған жазылып, сатылым қашан басталатынын білуге болады.
Қазақстаннан Ыстамбұлға жету
Ыстамбұлға ұшатын билетті Freedom SuperApp-тан алып, 30 000 теңге дейін кешбэк алыңыз.
Жарыс өтетін күні емес, оған бір-екі күн қалғанда ұшып барыңыз. Сонда жолға, қонақүйге жайғасуға, трассаға асықпай баруға мол уақытыңыз болады.
Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы — Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы. «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.