Логотип

Aviata енді Freedom Travel

Жаңалық 2 мин оқисыз
кеше

Aviata енді Freedom Travel

Енді не өзгереді?

Авиатаның атауы Freedom Travel деп өзгертілді.

Не өзгереді?

Тек атауы. Ал сіз жақсы көретіннің бәрі сол күйі қалады: оңай іздеу, жеке кабинет, 24/7 қолдау. Бірақ кей нәрсе одан да күшті болмақ! 

Жолаушылардың аккаунты мен мәліметі, броньдар тарихы, ақысы төленген билеттер мен отырғызу талондарының бәрі жарамды болып қалады. Сондықтан уайымдамаңыз!

Aviata.kz сайты істей береді, бірақ қолданушыларды жаңа сайтына жібереді. Қолданбаны өшіріп, жаңасын жүктеудің керегі жоқ. Ол өзі жаңарады. 

Freedom Travel: бәрі қосылған

Freedom Travel сапарыңыз жайлы өтеріне кепіл болады. Бізде бәрі бар:

  • Кешбэк: ұшақ билетінен 14% дейін, пойыз билетінен кемі 13%. 
  • Роуминг: шетелге ұшатындарға тегін интернет.
  • Сақтандыру: шетелде болар форс-мажордан сақтанамыз.
  • 24/7 қолдау: қолдау қызметіміз енді тезірек жауап береді.

Freedom экожүйесі

Авиата сервисі 2013 жылы құрылған еді. Компания Қазақстандағы онлайн брондау мәдениетін өзгертіп, нарықтағы озықтардың біріне айналды. 

2023 жылғы сәуірде Авиата Freedom Holding Corp. құрамына кірді. Бұл қадам холдингтің төлем жүйесі мен сақтандыру компанияларымен бірігуіне жол ашты. 

Бұл ребрендинг — сервистің өзгеру үшін басқан маңызды қадамы әрі Freedom экожүйесіне толықтай енуі.

Барлық қолданушы сервисімізді, әлбетте, пайдалана алады, мысалы, билет ақысын басқа банктің картасымен төлей алады. Десе де Freedom экожүйесінің бар игілігін, мысалы, инвестициялық валюта түрінде берілетін кешбэкті тек Freedom экожүйесіне мүше болып алуға болады. 

Freedom экожүйесі — инвестиция, қаржы, сақтандыру, мобайл байланыс, лайфстайл саласындағы компаниялар біріккен жүйе. Оның барлық дерлік өнімін Freedom SuperApp қолданбасынан таба аласыздар.

Freedom Travel-дан не күтуге болады?

Freedom Travel — Авиатаны ерекше қылғандардың эволюциясы. Қызметтің жаңа деңгейі. Ескірген шешімге жоқ дейміз. Жаңа мүмкіндіктер мен батыл жоспарға сүйене отырып тек алға қадам басамыз!

Қаттырақ. Батылырақ. Еркінірек. 

Freedom Travel.

Біз әрдайым жаныңыздамыз!

Кешбэк Freedom инвестициялық валютасы болып түседі. Freedom валютасы Freedom холдингі акцияларының туынды бағалы қағазы болып табылады.

«Фридом Банк Қазақстан» АҚ. 25.06.2024 ж. № 1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы. 12.06.2024 ж. № 1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚР ҚНРжДА лицензиясы.

5

124

Автордың суреті
Арай Жауперова

,

Басқа жаңалықтар:

1 мамырдан бастап Тайландтың шетелдік туристерге қойған талабы өзгереді

Бұл шоу топтың Қазақстанда өткізген үшінші концерті болмақ

Тегін интернетке кіру туралы нұсқаулық