Енді Қазақстан туристері Тайландта 30 күннен артық визасыз жүре алмайды

Жаңалық 4 мин оқисыз
28.09.2026

Енді Қазақстан туристері Тайландта 30 күннен артық визасыз жүре алмайды

Жаңа ереже 15 қыркүйекте күшіне енді

Тайландтың министрлер кабинеті 93 елдің азаматтары 60 күн визасыз жүре алады деген ережені алып тастады. Шешім 2026 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енді. Бұл елдер тізімінде Қазақстан да бар. Енді шетел туристері Тайландта ары кеткенде 30 күн визасыз жүре алады.    

Бұл өзгеріске не себеп болған?

Тайланд 60 күндік визасыз режимін 2026 жылғы шілдеде енгізген еді. Соның арқасында туристер легін арттырамыз деген. Енді ол ойынан айнып қалғанына мына екі фактор себеп болып отыр: 

Енді Қазақстан азаматтары қайтеді? 

Тайландта жүретін күндер: Тай визасын алмаған Қазақстан азаматтары да бұл елде ары кеткенде 30 күн емін-еркін жүре алады.  

Мерзімді ұзарту: Тайландта бір айдан аса жүргіңіз келсе, жергілікті иммиграция кеңсесіне барып, себебін айтып, бажын төлеуіңіз керек. Қандай жауап алатыныңыз сізді қабылдаған офицерге байланысты болады. 

Қазақстан азаматы Тайландқа виза алмай бара алса да, ұшарға 3 күн қалғанда Thailand Digital Arrival Card картасын толтыруға тиіс. Оған паспорттағы деректеріңізді, тұратын жеріңіз бен рейсіңіздің нөмірін, байланыс деректерін жазасыз. 

Шекарада бақылау күшейгендіктен шекарашылар туристің қайтатын билетін, расталған тұратын жері мен кемі 10 000 бат ақшасы бар-жоғын тексереді. Ұшар алдында осы құжаттар бар-жоғын тексеріп алыңыз.   

0

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Басқа жаңалықтар:

Бұл құжатты өткізбегендер рейсіне мінбей қалуы мүмкін

Былтыр олар жөндеу жұмыстарының кесірінен 2-терминалға ауысқан еді

2027 жылғы 1 ақпанға дейін Airbus A321LR борттарында интернет жолаушылардың бәріне тегін болады