«Қайрат» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасында ойнайды

Жаңалық 1 мин оқисыз
02.09.2025

«Қайрат» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасында ойнайды

Алматының футбол клубы «Қайрат» алғаш рет Еуропаның Чемпиондар лигасына өтті

«Қайрат» бұл турнирге қалай өтті?

«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне іріктеу кезеңдеріндегі жеңістерінің арқасында өтті. Олар іріктеу матчтарын «Олимпия» (Словения), «КуПС» (Финляндия), «Слован» (Словакия) мен «Селтикке» (Шотландия) қарсы өткізді.

Енді «Кайратпен» кім ойнайды?

Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымында кімдер ойнайтыны 28 тамызда Монакода белгілі болды. Алматының «Қайраты» турнирдің бірінші кезеңінде сегіз матч өткізеді: оның төртеуі үйде, төртеуі түзде өтеді.

Алматыда «Қайрат» «Реал Мадрид», «Брүгге», «Олимпиакос» және «Пафос» командаларымен бәсекелеседі. Ал шетелде «Интер» (Милан), «Арсенал» (Лондон), «Спортиң» (Лиссабон) мен «Копенгагенге» (Дания) қарсы ойнайды.

Қайрат 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасында өткізетін ойындар

Ойын өтетін күнҚарсыласОйын өтетін қала
18 қыркүйек«Спортиң» (қонақта)Лиссабон
30 қыркүйек«Реал Мадрид» (үйде)Алматы
21 қазан«Пафос» (үйде)Алматы
5 қараша«Интер» (қонақта)Милан
26 қараша«Копенгаген» (қонақта)Копенгаген
9 желтоқсан«Олимпиакос» (үйде)Алматы
20 қаңтар«Брүгге» (үйде)Алматы
28 қаңтар«Арсенал» (қонақта)Лондон
Маусымның финалы 2026 жылғы 30 мамырда Будапештің «Пушкаш Аренасында» өтеді. 

Матчтардың билетін қайдан аламыз?

Билеттер енді сатыла бастайды. Сатылымға шыққан бойда сізге хабарлаймыз.

Какой матч ждете больше всего? кз

22

0

Султан Бахытджанов

автор,

Басқа жаңалықтар:

Қазақстанда алғаш рет Sabaton тобы концерт қояды

Almaty Open ATP 250 — Орталық Азиядағы ең ірі теннис жарысы