Qazaq Air-дің атауы өзгереді

Жаңалық 1 мин оқисыз
12.05.2025

Qazaq Air-дің атауы өзгереді

Қазақстанда жаңа лоукостер құрылады

Вьетнамның Vietjet Air әуе компаниясы Қазақстанның Qazaq Air әуе компаниясын сатып алғаннан кейін оның атын Vietjet Qazaqstan деп өзгертететін хабарлады

Серіктестік туралы келісім 2025 жылғы 6 мамырда Астанада өткен Қазақстан және Вьетнам бизнес форумында жарияланды.

Нақты не өзгереді?

Қазақстаннан Вьетнам мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұшатын рейс көбейеді. Компания жаңа Boeing 737 ұшақтарын қолданып, жолаушыларға қауіпсіздік пен комфорт ұсынбақ. 

Компанияның билет қайтару және ауыстыру туралы ережелері әзірге өзгермейді, ал Qazaq Air рейстеріне ,бұрын алынған билеттер жарамды болып қала береді. 

Vietjet Qazaqstan саяхат сүйерлерге жаңа мүмкіндік ұсынып, Қазақстан мен Азия елдерінің арасындағы қатынасты нығайтады.

Өзгеріс қашан басталады?

Qazaq Air-дің Vietjet Qazaqstan деп өзгертілуі кезең-кезең өтеді. Қазір бар рейстер мен бұрын алынған билеттер өзгеріссіз қалады. Ребрендинг нақты қашан бітетіні әзірге белгісіз. 

1

0

,

Басқа жаңалықтар:

Концерт 15 тамызда өтеді

1 мамырдан бастап Тайландтың шетелдік туристерге қойған талабы өзгереді