Sabaton тобы Алматыда өнер көрсетеді

Жаңалық 1 мин оқисыз
25.08.2025

Sabaton тобы Алматыда өнер көрсетеді

Қазақстанда алғаш рет Sabaton тобы концерт қояды

2025 жылғы 10 қазанда Алматыда Sabaton тобы концерт қояды. 

Sabanton деген қандай топ?

Sabaton 1999 жылы құрылған швед пауер метал тобы. Оның негізін қалағандар — бас-гитарашы Пер Сундстрём, гитарашы Рикард Сунден мен драммер Ричард Ларссон.

Йоаким Броден топтың фронтмені мен вокалисі болды.

Жұртқа олар музыкасы арқылы ғана емес, түрлі пиротехника, арнайы эффектілер мен жарық шоу қолданылатын шоулары арқылы да танымал. 

Sabaton Алматыда өтетін концертте To Hell and Back, Swedish Pagans және The Red Baron секілді хиттерін шырқамақ. Ал шоудың ұзақтығы 2 сағат болмақ.

Топтың вокалисі Йоаким Броден: «Біз — әлемнің түрлі жеріне барып, сахнасын бағындырған адамбыз, бірақ бұрын-соңды барып көрмеген қалада өнер көрсеткенге не жетсін! Тарихи металл ессіздікке дайын болыңыздар! Бұл — сіздің сәтіңіз, біз барымызды саламыз!»

Концертке барасыз ба?

Концерт қайда өтеді?

Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 10 қазан 20:00-де

Концерттің билеттері кем дегенде 25 000 теңге тұрады!

3

0

Султан Бахытджанов

автор,

Басқа жаңалықтар:

Алматының футбол клубы «Қайрат» алғаш рет Еуропаның Чемпиондар лигасына өтті

Almaty Open ATP 250 — Орталық Азиядағы ең ірі теннис жарысы