18 қазанда Шакира Бішкекте концерт қояды

Жаңалық 4 мин оқисыз
01.10.2026

18 қазанда Шакира Бішкекте концерт қояды

Бұл әншінің Орталық Азиядағы бірінші концерті болмақ

18 қазанда Шакира Бішкекте өнер көрсетеді. Мұны Қырғызстан президентінің істерін басқарушы Қаныбек Тұманбаев хабарлаған. Концерт жақында ашылған «Бішкек Арена» стадионында өтеді. Бұл шоу әншінің Қырғызстан мен Орталық Азиядаға бірінші концерті болмақ.

Концерт Шакираның Las Mujeres Ya No Lloran World Tour турының аясында өтеді. Бұрын өткен концеттердің бағдарламасына қарасақ, әнші бұрынғы хиттері мен ең кейінгі Las Mujeres Ya No Lloran альбомындағы әндерін шырқайды.

Шакира деген кім? 

Шакира — Колумбия әншісі, ән авторы, бишісі, Латын Америкасынан шыққан ең әйгілі әртістердің бірі. Әлемге Whenever, Wherever, Hips Don’t Lie, Waka Waka (This Time for Africa) және La Tortura әндерінің арқасында танылған.

Шакира әндерін испан және ағылшын тілдерінде шығарады, бас жанры — латын поп, бірақ музыкасына рок пен араб музыкасы сияқты түрлі жанрдың элементтерін қосады. Әртіс осы уақытқа дейін үш «Грәмми» алған. Ең кейінгісін 2025 жылы Las Mujeres Ya No Lloran альбомы үздік латын поп альбомы болғаны үшін алды.

Бішкекте өтетін концерттің билеттері 

Билеттер 1 қазанда Бішкек уақытына сай сағат 9:00-де ticket.gov.kg сайтынан сатыла бастайды. Бағасы — 60 мың теңге мен 120 мың теңгенің арасы. Вип билеттері кейін шығарылады дейді ұйымдастырушылар.  

Бішкекке ұшып бару және онда тұру

Бішкекке ұшатын билетті Freedom-нан алып, 10% дейін кешбэк алыңыз. Алматыдан ұшуға кемі 50 896 теңге, ал Астанадан баруға кемі 57 451 теңге кетеді. 

Тұратын жеріңізді де Freedom-нан брондаңыз. Оған да 10% дейін кешбэк беріледі. 

1

0

Автордың суреті
Арай Жауперова

редактор, тағы осындай мақала жазу үшін қайда барсам екен деп жүр

Сізге қызық болып қалар:

Басқа жаңалықтар:

Бірінші рейс 11 желтоқсанда ұшады

Қазақстан бұл турнирді алғаш рет өткізгелі тұр