Логотип

Тайландқа кіру ережесі өзгерді

Жаңалық 1 мин оқисыз
бүгін

Тайландқа кіру ережесі өзгерді

1 мамырдан бастап Тайландтың шетелдік туристерге қойған талабы өзгереді

2025 жылғы 1 мамырдан бастап саяхатшылар Тайландқа барар алдында Thailand Digital Arrival Card (TDAC) электрондық картасын толтыруға тиіс. 

Thailand Digital Arrival Card (TDAC) деген не?

Thailand Digital Arrival Card (TDAC) — Тайландқа баратын шетелдіктер онлайн толтыратын карта.  

Бұрын елге кірер алдында TM.6 қағаз миграция картасын толтыру керек еді. Енді 1 мамырдан бастап оны онлайн толтыру керек. Туристер бұл картаны толтырмаса, Тайландқа кіре алмайды. 

TDAC неге керек?

Электрондық картаның арқасында Тайландқа кіргісі келген шетелдік турист қағаз карта толтырып тұрмайды, шекарадан кідірмей өте береді. 

TDAC картасына не жазу керек?

Электрондық картаға шекарашыларға керек стандарт мәліметті жазасыз:

  • Паспорттағы мәлімет пен жеке дерек: аты-жөн, туған күн, туған жер, жыныс, паспорттың нөмірі.
  • Сапардың егжей-тегжейі: мақсаты (туризм, бизнес, тағы басқа), бағыт туралы ақпарат (рейстің нөмірі, ұшақ қонатын күн). 
  • Тайландта тұратын жеріңіз: бірінші қонатын жеріңіздің аты мен мекенжайы (қонақүй, үй, пәтер).
  • Қысқа медициналық декларация: денсаулығыңыз бен жақында қай елге барғаныңыз туралы бір-екі сұрақ.

TDAC картасын қайдан толтыруға болады?

Мына сайтқа кіріңіз. Картаны толтырудың еш қиындығы жоқ, сайттағы нұқсаулыққа сүйенсеңіз болды.

Картаны Тайландқа жетерге 3 күн қалмай толтыруыңыз керек! Іске сәт әрі жолыңыз болсын!

1

0

,

Басқа жаңалықтар:

Енді не өзгереді?

Бұл шоу топтың Қазақстанда өткізген үшінші концерті болмақ

Тегін интернетке кіру туралы нұсқаулық