Логотип

Thirty Seconds to Mars тобының 2025 жылы Алматыда өтетін концерті: толық ақпарат

Жаңалық 2 мин оқисыз
04.02.2025

Thirty Seconds to Mars тобының 2025 жылы Алматыда өтетін концерті: толық ақпарат

Бұл шоу топтың Қазақстанда өткізген үшінші концерті болмақ

Thirty Seconds to Mars туралы ақпар

фото: shutterstock

Thirty Seconds to Mars — Американың рок тобы. Оның құрамында ағайынды Жаред Лето мен Шеннон Лето өнер көрсетеді. Жаред ән айтады, гитара мен пернетақта тартады, ал Шеннон — барабаншы. Олар кей концертінде Стивен Айелломен бірге ән шырқайды. Айелло бас гитара, пернетақта, гитара мен бәк вокалға жауап береді. 

Thirty Seconds to Mars Қазақстанға бұрын да келген еді. Алғаш рет 2017 жылғы жазда, екінші рет 2024 жылғы қазанда келді. Топ биыл да Алматыға келеді. 

Алматыда өтетін концерт — Thirty Seconds to Mars тобының Орталық Азияда биыл өткізетін жалғыз концерті. 

Алматыдағы концерт

фото: Freedom Ticketon

Күні: 2025 жылғы 21 маусым, 19:00

Бағасы: 40 000 теңге

Билетті Freedom Ticketon-нан ала беруге болады! Зал трибуна, би партері мен фанзона деп үшке бөлінген.

Концерт билеттерінің ақысын Freedom картасымен я Freedom SuperApp қолданбасынан алсаңыз, ақшаңыздың 8-17%-ын кәшбәк қылып кері алуға болады. Мына билеттің ақысы ең аз кәшбәк берілгенде 36 800 теңге, ал ең көп кәшбәк түскенде 33 200 теңге болады. 

Алматыға қалай жетуге болады?

Ұшақ билетін Freedom Travel (Авиата)-дан алыңыз. Бір билеттің бағасы 8 777 теңгеден басталады.

0

0

,

Басқа жаңалықтар:

1 мамырдан бастап Тайландтың шетелдік туристерге қойған талабы өзгереді

Енді не өзгереді?

Тегін интернетке кіру туралы нұсқаулық