Тілл Линдеманн Алматыда өнер көрсетеді

Жаңалық 1 мин оқисыз
10.06.2025

Тілл Линдеманн Алматыда өнер көрсетеді

Rammstein тобындағы Тілл Линдеманн Алматыда соло концерт қояды

Аты аңызға айналған неміс музыканты, ақын, актёр әрі Rammstein тобының фронтмені Алматыға келіп, соло концерт қояды. Шоу Meine Welt турының аясында өтпек. Мұндай концерт Ташкентте де өтпек.

Meine Welt концерті туралы ақпарат

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 7 қаңтар, сағат 20:00

Өтетін жері: Almaty Arena

Тур: Meine Welt (Менің әлемім) — Линдеманның визуал концепциясы мен саунды жағынан Rammstein-ға ұқсамайтын жаңа туры. 

Билеттер 6 маусымда сатыла бастады. Бағасы 30 000 теңгеден басталады. 

Концерттің билетін Ticketon.kz-тен я Freedom SuperApp қолданбасынан алыңыз.

Тілл Линдеманн туралы қызық фактілер

  • Линдеманн — Rammstein тобының фронтмені ғана емес, ән сөздерінің авторы, ақын, актёр, Lindemann және Na Chui топтарының фронтмені әрі жетекші мүшесі. 
  • Apocalyptica, Emigrate, Zaz, Kovacs және басқа әншілермен бірге ән айтқан. 
  • Көрерменге оның концерттерінің энергетикасы мен перформансы қатты ұнайды.

1

0

,

Басқа жаңалықтар:

Almaty Open ATP 250 — Орталық Азиядағы ең ірі теннис жарысы

Бұл пойыз — демалыс кезде Қазақстанның батысы мен солтүстігіне ыңғайлы сапар шегетін мүмкіндік